Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:49, 18 февраля 2012

Өткенге қарап, болашаққа сеніммен!

20жыл... Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 20 жыл өтті.Осы жиырма жылдың ішінде біз қаншама белестерді бағындырдық. Қазақстан өз тәуелсіздігін барлық елге мойындатты. Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы оң өзгерістерге ұшырады. Біз жай ғана дамып қойған жоқпыз, біз басқа елдерге үлгі болып, бірлік пен татуластықтың нағыз үлгісін көрсеттік.

Былтырғы жыл бізге “Қысқы Азия ойындарынан” басталды. Мұндай дүбірлі сайыс бұған дейін елімізде болмаған еді. Осы қызу сайыста Азиада тарихында болмаған медальдар жинап, рекорд жасадық. Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 70 медаль, оның ішінде 32 алтын, 21 күміс пен 17 қола медаль түсті. Астана мен Алматы қалаларында әлемдік стандартпен спорт сарайлары салынды. Ал ашылуы мен жабылу салтанаты айтсанызшы,көздің жауын алып, жүрекке мақтаныш ұялатты. Мұндай жауапты міндет былтырға дейін Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея секілді экономикалық жағынан мықты елдерде ғана болған еді. Ал 2011 жылы бұл мәртебе бізге берілді. Бұл, қазақ спортының, қазақ елінің әлем мойындағанының белгісі!

2011 жылдың тағы бір жетістіктері: Қазақ­станды 2011-2012 жылдарға ИЫҰ  38-ші сессиясының төрағасы етіп сайлау жөнінде шешімі. Ислам Ынтымақтастығы Ұйы­мы құрылғанына 40 жылдан астам уақыт өткен  БҰҰ-нан кейінгі әлем­дегі ең ірі халықаралық ұйымдардың бірі . Ұйым өзіне мүше елдердің саяси проблемаларымен қатар, олардың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салаларына қатысты түйінді мәселелерді шешумен үнемі айналысып келеді. Ұйымның негізгі мақсаты – мұсылман елдерінің өзара қарым-қатынастарын тереңдету, олардың ортақ табиғи және адами байлықтарының сол елдердің өз мүдделеріне тиімді қызмет етуіне және тұрақты дамуына ықпал жасау, олардың әл-ауқаттарының артуын қамтамасыз ету. Көптеген мұсылман елдері кедейшілік, халық сауатсыздығы, денсаулық сақтау жүйесінің төмендігі, демографиялық жағдайдың қиындығы, террорлық қауіптер, есірткінің заңсыз тасымалдануы және жемқорлыққа байланысты қиындықтардың зардабын әлі күнге тартып келеді.

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалығы ізгі мақсаттарға қызмет ететін болады» деп атап көрсетті. Қазақстанның алдында екі маңызды міндет тұр. Біріншісі – ислам дінінің тірегіне айналған гуманистік идеяларды бүркемелеуге тырысатын діни фундаментализмнің саяси идеологиясына қарсы тұра білу. Екіншісі – Батыс пен мұсылман әлемі арасында ашық әрі шынайы сұхбаттың қалыптасуын қамтамасыз ету.

Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасын, ынтымақтастығын дамыта түсу еліміздің алға қойған барлық саладағы мүдделеріне сай келмек. Еуропадағы және ислам әлеміндегі ауқымды ұйымға төрағалық етудегі Қазақстанның міндеті – ислам ілімі өркендеген орталықтардың біріне айналу. Мұсылман үмбетінің бейбітшілік пен әділеттілікке жол бастайтын ізгілікті адамгершілік құндылықтарын алға бастаушы, басқа ілім өкілдеріне толеранттылықты, еркін таңдауды көрсетуші және түр-түсіне немесе сеніміне қарамай, адамдар арасындағы келісім мен өзара құрметті нығайтуға ұмтылушы қауым екенін Қазақстан өз үлгісі арқылы көрсетуге тиіс. Халықаралық дәрежедегі беделді ұйымдарды басқару ісінде өзіндік тәжірибе жинақтаған Қазақстан «Бейбітшілік, Ынтымақ­тастық және Даму» ұранымен,барлық Ислам әле­мінің дамуы­на елеулі үлес қосатынына сенімдімін.

Қазіргі Отанымыздың әлемдегі алып отырған орны Елбасымыздың, халқымыздың және әрине жастардың арқасында деп ойлаймын. Елбасымыздың дана шешімдері, халқымыздың бірлігі мен татулығы, жастардың белсенділігі, Елбасымызға деген сенімі, болашаққа деген құштарлығының нәтижесі. 8 сәуір күні болған кезектен тыс Қа­зақстан Пре­зидентін сайлауында Н.Ә.Назарбаевтың айқын жеңісі, халықтың лидерға деген сенімінің нағыз көрсеткіші.

Өткен жыл тарихта тек қана бұл жетістіктермен  қалмайды. Өкінішке орай қайғылы да жағдайлар болды. Елімізде бұрын болмаған ереуіл мен террорлық әрекеттер болып өтті.  Бұл оқиғалар елімімізге қызғана қарайтындардың ісі деп білемін. Елде сөз бар “Бірлігі жоқ ел тозады, Бірлігі күшті ел озады.” Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемелділігімен бұл оқиғаларды тоқтата білді.  Бұл ұлтаралық және дінаралық қақтығыстармен шайқалған еуропалық қауым үшін үлгі болары анық.

Өткен жиырма жылдың нәтижесіне қарасақ, біз 50-60 жылдық жолды өткендей әсер аламыз, бірақ  бізге 20 жыл. Еліміз-жас,халқымыз тату,келешегіміз жарқын. Иә, келешегіміз жарқын! Себебі болашақ жастардың қолында. Ал  жастар, бұл біздер. Нық басатын, елімізді алға жетелейтін, болашақ үшін аянбай тер төгетін, барлық істерге бірігіп жұмылып, Қазақстан мәртебесін көкке көтеретін жастармыз! Егерде біз өткен жиырма жылдағыдай татуластығымызды сақтап, ғылым мен білімге құштар болса, өз елінің, жерінің патриоты болса, онда еліміз тек қана дамып, жарқын болашаққа қозғала береді. Ал қазір біз Елбасымыз мақсат қойған 50 елдің қатарына қосылуға бар күшімізді салып,ұмтылу керекпіз. Сондықтан бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарып болашаққа сеніммен қадам басайық!

 
0
1989
0