место в рейтинге
  • 113685
  • 95
  • 20
Нравится блог?
Подписывайтесь!

МОНАРХИЯЛЫҚ КАПИТАЛ (3 бөлім)

IV. Төртігші кезең: 2007-2011 жж.

 

Осы кезеңдерде Қазақстан жаһандық капиталистік артық өндіру дағдарысымен тұспа-тұс келген, өзінің ішкі дағдарысына ұшырайды. Ал монархиялық капитал мемлекеттегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға тырысады.

 

Қазақстандағы дағдарыс 2007 жылы шілде айында ел экономикасына банк ақшаларының келуі тоқтатылған кезден басталды. Бұл жағдай батыстың қаржы құрылымдары Қазақстан банктерін несиелеуді тоқтатып, алдыңғы несиелерді қайтаруын талап еткендіктен басталды. Шетелдіктерден алған несиені қайтаратын уақыт келді, осыдан кейін біздің банктер экономикадан ақша соратын насос секілді жұмыс жасай бастады. Осыған қоса, долларлық несиені тек тауар өндіріп, сыртқы нарықта валютаға сататын сала ғана қайтара алатыны анықталды.

 

Қарапайым мысалмен түсіндірейік. Түсінуге жеңіл болу үшін Қазақстанда ешқандай валюта жоқ деп елестетейік және осыған байланысты біздің коммерциялық банктер шетелден $100 несие алды. Банк бір жылдан кейін осы несиені, яғни $100 және $10 пайыз ретінде қайтаруға міндетті. Енді коммерциялық банк осы ақшаны толық сомасымен қайтару мақсатында қай салаға құюы керек деген сұрақ туындайды.

 
  1. Егер біздің бан $100-ды тұтынушылық немесе саудалық несиеге, яғни «Астана Моторс» немесе «Планета электроники» деген секілді компанияларды несиелеуге құйса, не болатынын қарастырайық. Алынған несие шетелге жіберіледі, ал елге автокөлік немесе қысқа толқынды пеш келеді. Бір жылдан кейін $100 несиені қайтару керек, ал біздің банк қайтара алмайды, себебі оның енді не ескі көлігі бар, не қысқа толқынды пеші бар. Осылайша біздің банк банкроттыққа ұшырайды.
 
  1. 2. Егер $100-ды ипотека немесе құрылыс салаларын қаржыландыруға құйса, бұл ақшаға үй сатып алынады немесе салынады. Несиеге алынған $100 біздің еліміздің құрылысшылар қолында қалып, біздің банктегі есеп шоттарында орналасады. Алайда біз бәрібір дефолтқа ұшыраймыз, себебі бізде тек $100 бар, ал бізге $110 қайтару қажет.
 

Негізгі қарыз бен пайызды қайтаруға мүмкіндігі бар жалғыз сала – тауары валютаға сатылып, экспортқа шығатын сала болып табылады. Осылайша қазақ банктері шетелден тартқан валюталық қаражаттарын тек өз тауарын валютаға сататын, яғни экспортқа бағдарланған немесе елден валютаның кетуін бәсеңдететін, яғни импорттың орын басатын салаларға құю қажет. Басқа кез келген салаға ақшаны құю - ерте ме кеш пе, банк жүйесінің немесе бүкіл елдің дефолтына, банкроттығына алып келеді.

 

2007-2008 жж. валюта бойынша несиелерді қайтаратын уақыт келген кезде, қазақстан банктері несиелеген салалардың барлығы валюталық кірістің алмайтындығы туралы анықталды. Банктерде тек теңгелік жинақтар болды – қазақстан компанияларына берілген несие бойынша төлемдер,  жылжымайтын мүлік, тұрмыстық және автокөлік техникалар, жабдықтар және т.б. күйіндегі көп көлемдегі кепілдер. Бірақ шетелдік қаржы құрылымға тек валюта ғана қажет болды.

 

Осы кезге дейін елге келетін доллардың екі көзі болды – банктік несиелер және шикізаттан түсетін табыс. 2007 жылдан кейін Қазақстанда тек шикізаттан түскен табыс ғана болды.

 

Банкроттыққа ұшырамай, шетелден тартылған несиелерді қайтару үшін, Қазақстан банктеріне біздің шикізатты сатудан түсетін табысты қадағалайтын адамдарға барудан басқа амал қалған жоқ. Яғни бакирлер монархиялық капиталдан көмек сұрауға мәжбүр болды.

 

Монархиялық капиталдың алдында өз кезегінде мынандай дилемма пайда болды. Егерде банктерге доллар бермейтін болса, онда барлық ірі банктер бір уақытта банкроттыққа ұшырайды, сонымен қатар мемлекеттің қаржы жүйесі толықтай жойылып, халық депозиттері жоғалып, биліктің ауысуына алып келетіндей әлеуметтік шиеленістер орын алады. Ал егерде банктерге (ірі капиталистерге) доллар беретін болса, онда олар өздерінің активтерін сақтай отыра, өз проблемаларын өзгенің ақшасының көмегінде шешетін болады. Монархиялық капитал мұндай жағдайды өзі үшін әділетсіз деп тапты, сол себептен де банктердің қарыздарын жабу үшін доллар беруге дайын болды, алайда оның орнына олар банктердің бақылау пакеттерін талап етті.

 

Кейбір ірі капиталистер мұндай ұсынысты қабылдап, банктердің бақылау пакетін беру тыныш өтті (мысалы, «Казкоммерцбанк» АҚ). Ал енді біреулері қарсы болды, сол себептен де оларды бағындыру шулы өтті («БТА» АҚ), бірақ, қалай болғанда да, бұл жағдай болуы керек еді. Төбеге лақтырылған тас, ерте ме кеш пе, жерге құлауы тиіс.

 

Осылайша Қазақстанда ірі капиталистер табы өз ақымақтығынан жойылды, олар өз активтерін еркін бақылау мүмкіндігінен айырылды және монархиялық капиталдың бақылауына түсті. 2007 жылдан бастап біздің банктер экономикадағы ақшаны шикізатты сатудан түскен табыс арқылы тартып алып отырды (6-кесте).

 

6 КЕСТЕ. ҚР қаржылық ағымы, жылына доллармен алғанда

2007

2008

Мұнай экспорты

32,733,462,800

41,681,291,800

Шетелдіктердің алатын дивидендтері

11,245,000,000

17,192,000,000

 

Салықты қоса есептегендегі мұнайдың толықтай өзіндік құны

11,296,750,000

11,609,190,000

 

Ұлттық қорға жұмсалатындығы

6,826,000,000

6,408,000,000

Қазақстан экономикасына мұнайды сатудан келіп түсетін ақшалар

11,296,000,000

11,609,000,000

 

Банктердің шетелден алған қарыздарын қайтаруы

-6,725,000,000

-9,133,000,000

Енді Қазақстандағы негізгі таптардың жағдайы осы кезеңде қалай өгергенін қарастырайық (7-кесте). Кесте мәліметтері монархиялық капиталдың кірісі 2007 жылы $3 млрд.-дан 2009 жылы $2 млрд.-ға дейін төмендегенін көрсетеді. Себебі монархиялық капитал банктер қарызын өзінің «жеке» қаражаттарынан жауып отырды. Есесіне билік етуші тап ірі капиталистердің бизнес-активтерін түгелдей өз меншігіне өткізе алды. Сәйкесінше, кірісі бойынша жеңіліс тапқан монархиялық капитал ең басты – билікке таласып отырған өзінің тікелей бәсекелестерін жойуда және Қазақстанның қаржы жүйесінің тұтастай жойылып кетуінің алдын алуда ұтты.

 

Феодал-шенеуніктердің табысы осы кезеңдерде капиталистер табысының бірден төмендеуі мен мемлекеттің бюджеттің қысқару негізінде төмендеді. Бизнестен алынатын салық, бюджетті тонауға деген мүмкіндіктің бар болуы секілді төмендеп кетті.

 

Ірі капиталистер тап ретінде жойылды. Орта және шағын бизнесмендер банктік несиелеудің тоқтауының себебінен өз табыстарынан айырылды. Сонымен қатар, қазақ банктері олардан алдыңғы несиені жабуды талап ете бастады, бұл өз кезегінде капиталистер арасындағы үлкен көлемдегі банкроттыққа әкелді. Кәсіпкерлер саяси тұрғыда монархиялық капиталға толықтай қайта бағдарланды, себебі монархиялық капитал елге доллар келуінің жалғыз көзі болып, «аш» феодал-шенеуніктер шабуылынан жалғыз қорғаушы бола бастады.

 

7 КЕСТЕ. 2009 жылғы таптардың жағдайы

Тап

Кіріс көзі

Саны

Доллармен есептегенде таптың жалпы табысы (жылына)

Доллармен есептегенде 1 адамның орташа табысы (жылына)

Монархиялық капитал (басқарушы тап)

Шикізатты сатудан түскен табыс

6

2 092 236 493

348 706 082

Феодал-шенеуніктер

94 804

6 398 014 867

1. тендерден түскен табыс

Тендерден 10%, ал жер сатудан 50%

2 244

3 030 635 763

1 350 551

Департамент бастықтарынан премьер-министрліктерге дейін

1 832

«Самрұқ-Қазына» жетекшілері

412

589 954 164

Ірі компаниялардың алғашқы жетекшілері

48

383 470 207

7 988 963

Қалған жетекшілер

364

206 483 957

567 264

2. пара ретінде алған табыстары

Заң актілерін пара алу мақстанда қолдану

92 560

2 777 424 940

30 007

Капиталистер

Бизнестен түскен табыс

138 607

13 221 518 319

Қалалық

132 339

12 581 100 041

1. ірі

0

0

0

2. орташа

4 066

9 494 341 424

2 335 057

3. шағын

128 273

3 086 758 617

24 064

Ауылдық

6 268

640 418 278

1. ірі

0

0

0

2. орташа

472

410 486 888

869 676

3. шағын

5 796

229 931 390

39 671

Пролетариат

Жалақы

1 662 600

6 691 557 000

1. Қалалық

1 550 400

6 407 803 200

4 133

2. Ауылдық

112 200

283 753 800

2 529

Қызметкерлер

Жалақы

3 577 500

$15 002 351 800

1. Зиялы қауым

1 410 600

4 097 793 000

2 905

2. Жалдамалы жұмысшылар

1 811 200

9 468 953 600

5 228

3. Мемлекеттік қызметкер

355 700

1 435 605 200

4 036

Өзін-өзі қамтамасыз ететіндер

Өзіндік табыс

2 664 600

17 499 770 006

1. қалалық

Жалақы

808 146

8 483 108 562

10 497

2. ауылдық

Жалақы

1 718 032

9 016 661 444

5 248

Люмпен пролетариат

Тұрақты емес табыс

1 029 115

Зейнеткерлер

Зейнетақы

1 662 877

2 313 061 907

1 391

Студенттер

Шәкіртақы

610 264

26 931 320

773

1-17 жас аралығындағы балалар

4 336 119

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ХАЛЫҚ САНЫ

15 776 492

   

V. Бесінші кезең: 2011-2013 жж.

Осы кезеңде монархиялық капитал Қазақстан тұрған экономикалық тұғырнаманы ауыстырып, дамыған капиталистік мемлекет құру туралы шешім қабылдайды. Мұндай шешімнің қалай және не үшін мүмкін болғанын қарастырып көрейік.

 

Қазақстанда бүгін болып жатқан нәрселердің барлығы, қоғамдық және экономикалық заңдардың ілгерілемелі даму заңдылығы болып табылады. Қоғамдық күш пен қоғамдағы әрбір нақты сәтте қалыптасатын жүйенің дамуын шын мәнінде не нәрсе анықтайды? Оны анықтайтын факторлардың саны екеу.

Олардың біріншісі – қоғамның өндірістік күштері, яғни өмір сүруге қажетті құралдарды ала алу тәсілі (тамақ, киім, аяқ киім, көлік және электроника, құрылыс материалдары, отын және т.б.). Екінші фактор – аталмыш игіліктерді құру үрдісіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынас, яғни өндірістік қатынастар.

 

Басқаша айтқанда, өндіріс тәсілі қоғамды, оның идеялары мен теорияларын, саяси көзқарастары мен сенімдерін анықтайды. Аталмыш теория біздің бүгінгі күннің ашылулары емес, оны әртүрлі уақыттарда К. Маркс, Ф. Энгельс және И. Сталин өңдеп жетілдірді.

 

Біз өзімізге қажетті барлық тауарлар мен қызметтерді қалай алатындығымызды қарап көрейік. Біздің тұтынатын тауарларымыздың басым бөлігін, ал нақтырақ айтар болсақ, 85%-ны біз өндірмейміз, оларды мұнайды сатудан түскен долларға сатып аламыз. осылайша, біздің тұтыну біздің мұнай кірістерні байланысты болып табылады. Сәйкесінше, осы табысты қадағалап отыратын адамдар әрдайым Ұлттық банк ретінде халыққа қажетті тауарларды сатып алу үшін Қазақстанға қанша доллар бөлуге дайын екенін шешеді. Біздің ұлтқа доллар көлемі көп бөлінген сайын, шетелдік тауарлар көп сатып алынып, біз өзімізді бай сезінеміз. Доллар көлемін бізге аз бөлген сайын, біз шетелдік тауарды аз сатып аламыз, сәйкесінше өзімізді кедей сезінеміз. Бүкіл ұлт арасынан долларлық кірісті қадағалап, бөліп отырған адам немесе адамдар тобы өз кезегінде біздің елді іс-жүзінде қамтамасыз етіп отыр.

 

Мысалмен түсіндірейік. Біздің қоғамымызда 100 адам өмір сүреді делік, оның бесеуі – бұл жұмысшылар, шаруалар және тауар өндіруші актив иелері (капиталистер) болып табылады. Олар материалдық игіліктерді жасайды, алайда олардың мүмкіндіктері қажетті тауарлардың тек минималды көлемін ғана өндіруге жеткілікті. Ешқандай ұшақтар, автокөліктер, поездар мен электроника және т.б. жасап шығармайды. Осы 100 адамның қалған 95 адамы тауар өндірісінде жұмыс істемейтін, яғни зейнеткерлер, балалар, қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері. Сонымен қатар, біздің қоғамда қымбат бұйымдарға толы сандық тауып алған адам бар. Бұл сандық оның меншігі емес. Ол жәй ғана 1991 жылы сол сандыққа басқаларына қарағанда жақынырақ орналасқан еді және ол оны өзінің қалауы бойынша басқара бастады. Енді осы адам әр күн сайын сандықтағы бір қымбат бұйымды нарыққа алып шығып, оны сатады және сатудан түскен кірістің бір  бөлігін жүздеген адамдардың арасында бөледі. Ол қоғамды қамтамасыз етіп отыр, сондықтан да оны тұрғындар әулеттің басшысы деп және барлығы оған бағынуы тиіс деп санайды.

 

Біздің бүгінгі саяси-экономикалық тұғырнамамыз шамамен осындай схемалық көрініс алады. Осыны анықтап алған соң, елде бүгін болып жатқан үрдістердің барлығы түсінікті және болжамды болады.

 

Осыдан біз монархиялық капиталдың ерте ме кеш пе парақорлықпен күресті бастауы керек болғанын түсінеміз. Сонымен қатар, «жүйесіздікті» емес, нағыз күресті бастауы керек болды. Себебі осыған дейін феодал-шенеуніктер бизнес капиталистерді тонап, мемлекеттік бюджеттен ұрлаған кезде, олар біздің елге банктер арқылы тартылған шетелдіктердің ақшаларына қол салған еді.

 

2007 жылдан бастап шетелдік банктердің ақшалары жоқ болған соң, экономикадағы ақша тек монархиялық капитал иеленетін мұнайдан түскен ақша болды. Енді бюджетті тонайтан кез келген адам ақшаны монархиялық капиталдың қалтасынан алып жатыр деген сөз. Сәйкесінше, қалған таптардың өмір сүруіне қаражат аз қалады, ал бұл өз кезегінде монархиялық капиталды қолдайтын ұлт базасын азайтады, елдегі тұрақтылықты әлсіретеді және әлеуметтік жарылысқа алып келеді. Осыған байланысты Қазақстандағы парақорлықпен күрес ерсі әзіл емес, шынайы құбылыс болады.

 

Импорттық тауарлардың бағасын өсіретін кедендік саясаттағы өзгерістер табиғи түрде долларға деген сұранысты төмендетеді. Осы ретте монархиялық капитал елге бөлетін доллар санын қысқартып, өз кірісін ұлғайтады. Енді Қазақстан экономикасына мұнайды сатудан түскен ақша көлемі мен банктерден келген ақша көлемін салыстырайық (8-кесте).

 

8-КЕСТЕ. ҚР қаржылық ағымы, жылына доллармен алғанда

2008

2009

2010

Мұнай экспорты

41,681,291,800

31,819,561,200

38,653,500,000

Шетелдіктердің алатын дивидендтері

17,192,000,000

10,224,000,000

13,388,000,000

 

Банктердің шетелден алған қарыздарын қайтаруы

9,133,000,000

3,969,000,000

7,939,000,000

Қазақстан экономикасына мұнайды сатудан келіп түсетін ақшалар

11,609,000,000

13,915,000,000

14,000,000,000

Экономикаға банктер арқылы келетін ақша ағымы

- 5,102,666,666

- 6,574,101,694

- 4,147,651,006

Қазақстанға мұнайды сату және банктер арқылы түсетін ақша

6,506,333,333

-2,659,101,695

9,852,348,993

«Экономикаға банктер арқылы келетін ақша ағымы» бағанындағы минус белгісі банктердің Қазақстан экономикасынан қанша ақша алғандығын көрсетеді. «Қазақстанға мұнайды сату және банктер арқылы түсетін ақша» бағанындағы теріс мән 2009 жылы мұнайдан түскен түсім тіпті банктердің экономикадан әкетіп жатқан ақша сомасын жабуға да жетпегендігін көрсетіп тұр. 2007 жылдан бастап, мемлекеттің табыс таба алатын Қазақстанда тек бір ғана мотор қалды – ол мұнайды сатудан түскен ақша. Осы қаражаттар шетелдік несиелердің тоқтаған ағымдарының орнын өтеп қана қоймай, сонымен қатар банктердің экономикадан алып, өздерінің қарыздарын жабуға жұмсаған ақша көлемінің орынын толтыруға тиіс еді. Алайда статистика біздің мұнай моторымыздың осындай қуаттылыққа ие емес екендігін көрсетіп тұр.

 

Мұндай жағдайда экономикалық саясатты жедел өзгерту қажет. Мемлекетке келетін долларлар ағымының төмендеуі импорттық тұтынушылық тауарлардың төмендеуіне алып келеді. Ұлттың өзінің ішкі тауар өндірісі болмағандықтан, тұрғындардың нақты өмір сүру деңгейінің төмендеуі жүзеге асады, бұл өз кезегінде әлеуметтік наразылыққа және көтеріліске, тіпті қазіргі басқарушы тапты орнынан құлатуға дейін апарады. Қазақстандағы болып жатқан жағдайдың бәрін ескере отырып, монархиялық капитал Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытумен айналысуға мәжбүр болды.

 

Монархиялық капитал шағын және орта бизнестің тарапынан болатын бәсекеден қорықпай-ақ қойса болады, себебі олар көлемі жағынан өте кіші болғандықтан, билік үшін ешқандайда қауіп тудырмайды. Керісінше, егер де шағын және орта бизнесті өндіріс саласына бағыттаса, ол нарықты жергілікті тауармен толтырып, импорт азайған кезде шетелдік тауарды отандық тауарға айырбастай алады. Бұл өз кезегінде елдегі әлеуметтік шиеленісті табиғи түрде бәсеңдетіп, масштабты толқудың болуына жол бермейді. Бұдан бөлек, импорттық тауарлардың орнын басу – монархиялық капиталдың өз табысынан бөліп отырған долларға деген сұранысты азайтады.

 

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, монархиялық капитал феодал-шенеуніктердің қолынан қағып, әкімшілік тосқауылдарды азайтады және кәсіпкерлер жасайтын жөнсіздіктер үшін заң алдындағы жауапкершілігін жеңілдетеді. Монархиялық капитал феодал-шенеуніктер табының қолдауынан бас тарта бастайды да, біртіндеп шағын және орта капиталистер табынан сүйеу іздей бастайды.

 

Сонымен қатар, феодал-шенеуніктердің бизнестегі билігін шектеу арқылы монархиялық капитал мемлекеттік қызметкерлерінің белгілі бір бөлігінен қолдау табады. Өйткені, біріншіден, көптеген феодал-шенеуніктер өз билігін әлдеқашан ақшаға айырбастап, кәсіпорындар сатып алды және олар да қалғандар секілді феодалдар тарапынан қысым көріп отыр.

 

Екіншіден, феодал-шенеуніктер қызметтен кеткен соң, олардың орнына келген жас, ақшаға құмар олардың із-басарлары дәл сол әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, оларға тиесілі жеке меншікті тартып алуы мүмкін екенін феодал-шенеуніктер түсінеді. Осыған байланысты, феодал-шенеуніктердің  келесі толқынына жеке меншік құқығын арсыз түрде бұзуға рұқсат етпейтін ережелерді бекітуге кәрі ұландар қызығушылық танытып отыр.

 

Осы кезеңді қорытындылай келе, 2010 жылға қарай монархиялық капитал ақша тудыратын салалардың барлығын өзіне бағындырып, қол астына өткізіп алғандығы туралы айтып кеткен жөн. Бұл Қазақстандағы монархиялық капиталдың даму шыңы. Одан әрі қарайғы даму эволюциясы оны біздің табиғи ресурстарымызды иелік ететін ірі трансұлттық компаниялардың территориясына алып келеді, демек бұл дегеніміз ерте ме, кеш пе Қазақстанның шикізаттан түскен табысына қатысты қақтығыстың болатындығын білдіреді.

 

Келесі кезеңге өтпей тұрып, қазақстандық мұнайдың кімге тиесілі екенін қарастырайық (9-кесте). Еліміздің ірі мұнай кен орындары тәулігіне 1,302 млн. баррель мұнай өндіреді. Егер Қазақстан тәулігіне жалпы 1,429 млн.баррель (2008 жылдың мәліметтері) өндіретінін ескерсек, онда ірі мұнай кен орындарына еліміздегі мұнай өндіру көлемінің  91%-ы келеді екен.

 

9-КЕСТЕ. Қазақстанның ірі мұнай кен орындары

Мұнай кен орындары

Қоры млрд. баррель

Тәулігіне өндіретін баррель

Жеке меншік иесі

%

Абай

2,8

 

ҚазМұнайГаз

Stat Oil

 

Ақтөбе Мұнай Газ

1,17

116 600

CNPC

88

Дархан

11

 

CNPC

ҚазМұнайГаз

 

ҚазМұнайГаз (Ембі мен Өзен)

0,6

200 000

ҚазМұнайГаз

 

Қарашығанақ

2,3

252 000

Agip

BG

Chevron

Lukoil

33

33

20

15

Қарақұдық

0,063

24 000

Lukoil

100

Қаражанбас

0,4

44 000

CNPC

100

Қашаған

9

 

Agip

ҚазМұнайГаз

Inpex

Conoco Philips

17

17

8,28

8,28

Қазгермұнай

0,1

37 300

ҚазМұнайГаз

Petro Kazakhstan

50

25

Petro Kazakhstan

0,116

74 000

Қытай

 

Торғай Петролиум

0,1

71 000

Petro Kazakhstan

Lukoil

50

Солтүстік Бузашы

1

33 000

Lukoil

CNPC

50

50

Маңғыстау Мұнай Газ

0,5

112 000

CNPC

ҚазМұнайГаз

51

49

Нұрсұлтан

4,65

 

ҚазМұнайГаз

Conoco Philips

Shell

 

Тенгиз

9

350 000

Chevron

Exxon MoBIL

ҚазМұнайГаз

Luk Arco

50

25

20

5

Тюб-Караган

7

 

Lukoil

ҚазМұнайГаз

50

50

Сонымен қатар, біз өндіретін мұнайдың 80 млн. тоннасының тек 12 млн, тоннасы ғана біздің мемлекетке тиесілі, яғни біздің барлық мұнай кен орындарымыздың 33% Қытайдың меншігінде, 16% Еуропа мемлекеттеріне, 25% – АҚШ және 11% – Ресейге тиесілі.

 

Осылайша, мұнайымыздың көп бөлігін әлемдік мықты мемлекеттер қарамағындағы трансұлттық компаниялар (ТҰК) иеленеді. Монархиялық капиталдың ірі ТҰК-ға қарсы күресуге жеке өзінің күші жеткіліксіз, бұл үшін оған олардан кем емес әлемдік ірі ойыншылардың қолдауы қажет. Осы жерде Ресей мен Белоруссия арасындағы Кедендік Одақты құрудың себебі түсінікті бола бастайды, монархиялық капитал осы арқылы Қытай мен АҚШ тарапынан болатын қауіптен сақтануға тырысты. Осының барлығын жасай отырып, монархиялық капитал АҚШ пен Ресейдің әсерінен қорғану үшін ҚХР-на еліміздің табиғи ресурстарына деген иелікті кеңейтті.

 

Еліміздің тарихы мұндай саясаттың ақыр соңы немен аяқталатынын нақты және бір мағыналы көрсетіп берді. «Абылай» хан өз билігін сақтап қалу үшін Ресей және Қытай империялары араларында айналшақтап жүгірген еді, алайда бұл саясат соңында Қазақстанның Ресей империясына енуімен аяқталды. Егер біздің ұлт бұл тарихты түсінбеген болса, Тарих бізге бұны қайта түсіндіретін болады.





 
Дана Жол danajol
«Дана Жол» қолданбалы экономика орталығы «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. danazhol.kz vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
17 февраля 2012, 17:25
1979

Loading...

Комментарии

Мы рады, что у вас хорошее настроение.

Удачи вам!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 12757
  • 26
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 7933
  • 98
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 6418
  • 5
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 5863
  • 34
В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

Получается, цены на бахилы не повышались, а кто-то повысил их самовольно. Я думаю, что на этом пытаются заработать. Позже я нашла ещё одну удивительную штуку:) Упаковка бахил в количестве 50 пар...
killer_slova
сегодня / 9:15
  • 4196
  • 28
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4508
  • 47
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 4192
  • 20
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3870
  • 20
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3651
  • 15