• 181545
  • 88
  • 11
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ҚЫЗЫЛОРДА "БОЛАШАҚ" УНИВЕРСИТЕТІ

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ОН БАСТАМАСЫ ЖЕТІСТІКТЕР КЕПІЛІ

 

Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі ең маңызды тарихи оқиға болып табылады. Өйткені, Жолдау аясында көрсетілген мәселелер мемлекеттің бағытын айқындап, еліміздің әлеуметтік-саяси жағдайын сипаттайды. Елбасы Жолдауында аталатын әр сөздің мақсаты екі негізгі міндетті атқарады.

Біріншіден, Жолдау алдағы күндерге қойылған мемлекет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Елбасының Жолдауы мемлекеттік органдардың тұрғындармен байланыс қызметінің келісілген демократиялық көзі болып саналады және ол – кері байланыстың негізгі көзі. Жолдаудың барлық мазмұны қоғам мүшелері үшін айдан анық, ашық. Барлық басым бағыттар, міндеттер мен мақсаттар мемлекеттік органдар, тұрғындар, сарапшылар мен ғалымдар үшін транспарентті құбылыс.

Екіншіден, Жолдау мемлекеттік орган қызметін қорытындылаудың құжаты секілді. Елбасы жыл сайын өз Жолдауын арнағанда болашаққа деген міндеттермен қатар, атқарылған жұмыстардың қорытындыларын айшықтайды, жетістіктерді аша түсіп, мардымсыз жүріп жатқан мәселелерді шешу жайын түсіндіреді. Сондықтан қазақстандықтар қандай нәтижелерге жеткенімізді бағалап, прогрестің бар екенін анықтай түседі.

Елбасының әр жылғы Жолдауы тарихи маңызы мол күрделі құжат және әрқайсысының жүгі бөлек екені белгілі. Соңғы Жолдау – тәуелсіздігіміздің үшінші онжылдығына батыл қадам басып отырған еліміз үшін бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты ел құру жолындағы биік белестерді бағындыратын игілікті он бағыты жолындағы жаңа міндеттерді жүктейді. Ел саяси тарихындағы жаңа құрамдағы Парламентте үш партияның қызмет атқаруы және жаңарған үкіметтің аталмыш шараларды ұйымдастыруды дамытушы халық екені баршамызға мәлім.

Жалпы Ұлт көшбасшысы Жолдауында айтылған он бағыт барлық ел азаматтары үшін өте маңызды және өзекті болып табылады. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы жастар мен ата-аналарының негізгі мәселесі болып табылса, қолжетімді баспана баршамыздың оң шешімді нәтиже күтіп жүрген басты өзгерістердің бірі. Өңірлерді дамыту қуатты Қазақстан көрсеткіші іспеттес болса, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру ақпараттық технологияларды белсенді игерудің бастамасы болып табылмақ. Басқарушылардың білікті саяси табын дайындау бүгінгі заманғы мемлекетті басқарудың жоғары талаптарының көрсеткіші саналса, сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту уақыт пен кезең талабы. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жоғарылатуға өзіндік үлесін қосса, зейнетақы жүйесін жетілдіру экономикалық жаңғыртуға жағымды ықпал ететіні анық. Индустриялық-инновациялық жобалар экономиканы жаңғыртудың басты бағдары ретінде ел дамуына мол септігін тигізсе, ауыл шаруашылығын дамыту Қазақстан дамуының көрсеткішін жоғарылатады.

Сондықтан Жолдаудағы негізгі басымдықтар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың стратегиялық бағыттарын айқындап, мемлекет қауіпсіздігі мен халық әл-ауқатын жоғарылату шаралары кешендерін дамыту екендігі байқалады. Сол себепті Елбасы ұсынған міндеттерді жүзеге асыру жолдары Отанын сүйетін әрбір азаматты бей-жай қалдырмайтыны белгілі.

Осы әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша жүргізілетін міндеттерді жүзеге асыру еліміздегі тұрақтылық, бейбітшілік және келісімге байланысты. Саяси режим, әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі, саяси басқарудың дәстүрлері мен құрылымдарына қарамастан барлық елдердің негізгі міндеті саяси тұрақтылықпен қамтамасыз ету болып табылады. Адамзат қоғамының даму тарихы көрсеткендей, саяси тұрақтылыққа жетудің міндеттері мемлекеттік деңгеймен қатар, мемлекетаралық қатынастар жағдайында да шешіледі. Осы мәселелерді шешудегі ең басты фактор болып мемлекет және оның құқықтық, моральдық нормаларына сүйенген институттары саналады. Саяси тұрақтылық мәселесі қоғамның модернизациялануы үдерісінде маңызды орынға ие. Өйткені, осы жолда жүрген мемлекет әлеуметтік қайшылықтар мен көптеген қақтығыстардың пайда болуына ықпал етеді. Сонымен қатар, Қазақстанның бейбітшілік пен келісім жолындағы табыстары аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті бекітудегі маңызды мақтанарлық жетістік.

Білім саласындағы мамандарды даярлап жатқан факультет жетекшісі ретінде жеткіншектер мен жастарды тәрбиелеудегі атқарылуы тиіс жұмыстар жөнінде айтқан жөн болар. Қоғамның негізгі құндылықтары саналатын патриотизм, адамгершілік нормалары, келісім мен толеранттылық, дене және рухани даму жолдарын ұйымдастыру барлық оқу ошақтарында жүруі тиіс. Патриоттыққа тәрбиелеу мен толеранттылықты қалыптастыруда қоғамдық-саяси пәндер мен гуманитарлық ғылымдардың маңызы зор. Оқу үрдісінде жеткіншектер мен жастарға еліміздің жетістіктерін жеткізіп, ел азаматтарының бейбітшілік пен достықта өмір сүруі қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты анықтайтынын негіздеу қажет. Тәрбиелеу барысында қоғам дамуындағы патриотизмнің қызметтік рөлін айқындауға аса назар аударған жөн. Бұл ұрпақтың саяси мәдениетін жоғарылатумен қатар, бесінші бағытта айтылған басқарушылардың білікті саяси табын дайындауға көмегін тигізеді.

Адамзат тарихындағы прогресс ғылымның дамуымен өлшенетінінін жас ғалым ретінде мойындаймын. Қазақстан ғылымының дамуындағы негізгі заңдылықтар әлеуметтік-мәдени контексте қарастырылып, ғылымның мақсаты, алынған нәтижелерінің маңыздылығы анықталады. Қоғам және оның мәдени жағдайы ғылыми-зерттеушілік процестерге бағынышты. Дарындылар шығармашылығы әлемдік мәдениеттің дамуы, жетістіктер шыңының әрбір тарихи прогресінің өлшемі болып табылады. Осы шығармашылықта барлық құнды және маңызды, адамзаттың ғылымдағы, өнердегі, тәжірибелік қызметтегі жетістіктері көрініс табады. Адамзат идеялары, өнер туындылары, азаматтардың ұмтылыстарын білу арқылы, біз олардың сол дәуірдегі дүниетанымын танимыз. Өз дәуірінің танымал тұлғалары қалыптастырған шығармашылық еңбектері өзі өмір сүрген кезеңнің бейнесін береді. Ал, ғылым – жаңа идеяларды алға жылжытушы ғалымдар қызметінің нәтижесі болып табылады. Олардың мақсаты біреу ғана, ол – ғылыми жаңалық ашу. Олар қоғамға қажетті ерекше өнім, жаңа ғылыми білімдер қалыптастырады. Елбасы индустриалды-инновациялық даму, ғылым мен бизнес арасындағы байланыс, мемлекет-жеке меншік әріптестігіне аса мән берді. Ұлт көшбасшысының осы тың идеясы алдағы уақытта өз жемісін беретіні сөзсіз. Сол себепті қазіргі заман ғылымының дамуына осы жылғы Жолдаудың тигізер әсері мол санаймыз.

Бұл жылғы Жолдауда Елбасы сыбайлас жемқорлық туралы қайта қозғады. Сыбайлас жемқорлық - барлық адами және қоғам құндылықтарының даму процесіне кедергі жасайтын дерт екендігі белгілі. Бүгінгі күні қоғамымызда кездесетін теріс жағдайымен тек құқық қорғау орындары ғана емес, ел болып күресу қажеттілігі туындады. Сол себепті Ұлт көшбасшысы Үкіметке үш айдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама дайындауды тапсырды.

Бұл жылғы Елбасы Жолдауындағы саяси институттармен байланысты қолданылған сөздік қорға ерекше мән беріп мынадай контент-талдау қорытындысын ұсынамыз: мемлекет – 34; Қазақстан – 29; ел – 22; әлем – 15; экономика – 15; халық – 12; қазақстандықтар – 9; жаңғырту – 8; отан – 8; әлеуметтік – 7; экономикалық – 6 рет айтылды.

Жалпы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың осы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы ел азаматтарының әл-ауқатын жоғарылатумен бірге, қоғамды демократияландыру мен модернизациялауға бағытталғандығын көрсетеді.

МҰРАТ НАСИМОВ Murat_Nasimov
ПРОСТОЙ ЧЕЛОВЕК
14 февраля 2012, 20:21
1320

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Как мы «скидываемся» на красивую жизнь мажоров. Воровство пенсионных денег

Официальные спикеры КНБ РК рассказали о ходе расследования, раскрыв общественности схему, которую использовало руководство ЕНПФ для воровства 5 миллиардов тенге пенсионных накоплений.
openqazaqstan
13 янв. 2017 / 11:30
  • 14672
  • 16
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 7466
  • 96
Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Наверное, я себя почувствовала человеком именно в Корее. Не в Казахстане

Если я останусь в Казахстане, то идти мне здесь некуда, пахать за копейки на госслужбе? Прожить всю жизнь в однокомнатной вместе с котом и мамой?
savira6
13 янв. 2017 / 9:44
  • 5676
  • 36
Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Айсулу Салгарина. Решил пойти в гости к той, что вызывает гордость за казахских девушек

Прошло около 2 лет. За эти годы в моей жизни многое изменилось. И мне стало интересно, какие же изменения произошли в жизни тех, у кого я когда-то брал интервью...
DastanIskakov
14 янв. 2017 / 11:43
  • 4885
  • 5
Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
вчера / 21:50
  • 4527
  • 16
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 4508
  • 20
Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Сейчас даже дяденьки и тетеньки в 20-27 лет живут с родителями. Безработица в Алматы

Наверняка, все знают крылатую фразу Ленина "Кто не работает - тот не ест" В то время за безработицу осуждали, а кормили народ за счет предприятия - славные были времена, пусть я и застала их лишь...
DoZa
13 янв. 2017 / 9:54
  • 4403
  • 49
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3319
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3174
  • 45