место в рейтинге
  • 21528
  • 104
  • 21
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Тегеранға саяхат..

Сірә осы жазбаға да қолым жеткен сияқты.. Қаңтар айының басында Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеранға сапар шектім.. Бұл менің Тегеранға ұшудың 4ші әрекеті еді.. Ирандық Махан Эйр 3 апта бойы Алматыға қона алмай кетті((( Үрімші арқылы Чайна Саутэрн Эйрлайнзбен ұшуға тура келді.. Виза құны  Иран елшілігінің Алматыдағы өкілдігінде 10 000 теңге(негізі елшілік Астанада), қарастыру уақыты бір апта. Визасы өте әдемі..

Тегеран Имам Хомейни әуежайына келіп қондық.. Ұшақтағы жапон, қытай, кәрістің қыздары бастарына бірдемені байлап жатыр, үңіліп қарасам кәдімгі шарфты орау үстінде.. Ұшақтан шықтым.. Әуежайы Стамбул, Шанхайдікінен кем емес.. Швейцариялық сағаттардың, Мерседес пен BMW, Люфтганза мен КЛМнің жарнамалары көзді ауыртады.. Әуежайдан шыға берісте еркектер бір жаққа, әйелдер бір жаққа.. Далаға шықтық.. Қазір қандай көлік мінетіндерін көреміз деп ойлап келем.. Пежо, Пейкан(Иранда жасалған), Хюндай.. Ооо, қазақтың Кәмри’40ғы такси))) Күтіп алушы адам Хюндаймен кепті.. Грандеур ма десем, белгісіз Hyundai Azera.. жаман емес.. Алматыда -20, Тегеранда +15.. Кәдімгідей жылу.. Әуежай қаладан 30 км қашықтықта орналасқан, ортасында хай-вэй, шіркін бізде қашан осылай болады екен..

Шопыр-бала біреумен қалтафон арқылы сөйлесіп келеді, тыңдасам түрікшеге ұқсайды, сөйлесе келе түрік тілі Иранда екінші тіл екен, білсең далада қалмайсың, көбісі түсінеді..

Parsian Evin Hotel.. 4 жұлдыз, шетелдік қонақ үйлерден кем емес.. Қызметкерлері ағылшын тілінде керемет сөйлейді.. Visa, Master Card – арам)) Долларды риалға ауыстыру оңай, ал риалды долларға ауыстыру үшін біраз қағаз толтыру керек.. Оңайырақ санау үшін, риалмен қоса виртуалды «тұман» жүреді екен.. 1000 риал 1 тұман ба, сондай бірдеме.. Ең үлкен ақша белгісі 500 000 риал..

Бөлмеме кіріп, суға түсіп, тоңазытқышты аштым.. Шырын, шоколад, алкогольсыз сыра, Зам зам кола)) дәмі түпнұсқадан мүлдем басқа, онша ұнамады.. Ал сырасы ұнады..

Бөлмеде жайнамаздың жанында бір белгі тұр, арабша ма, парсы тілінде ме, түсінбедім.. Құбыла жаққа ишарат жасап тұр ма, әлде Ирандық шиилер басқа жаққа қарап намаз қыла ма, түсіне алмадым..

Интернетке шықтым.. нұр.қз ашылмайды, гугл, фэйсбуктерде сол сияқты.. Гугл мен Фэйсбуктер американдық болғандықтан, ал біздікі суреттердің арқасында.. Прокси серверлерді сынап көруге қорықтым, зындандары  қонақ үйге көрші)))

Таңғы ас.. түрлі түрлі тағам, түрік асына өте жақын, қатты ұнады, наны өте дәмді, ең бастысы барлығы адал..

Такси алып, серіктестеріміздің кеңсесіне бара жатырмыз, такси жүргізушісіне бірінші қойған сұрағым: елбасын жақсы көресіз бе? Саясатымен келісесіз бе? Жауап: жоқ, жақсы көрмейміз, Шах дәуірінде қазіргіден жақсы тұратынбыз, себебі АҚШқа жақын едік.. Демек ертең АҚШ әскері басып кірсе, оларды азат етушілер сияқты қуана қарсы аласыздар ма? Жоқ, жауап береміз әрине, әлсіз мемлекет емеспіз, әскеріміз мықты, қару-жарақ бар..

Шыныменде, әлсіз мемлекет емес.. Көліктің көбісі өздерінде шығады, әрине Мерседес емес, бірақ өздерінікі.. Инфрақұрылым дамыған.. Қару-жарақ өздерінде шығады, ең бастысы мемлекеттік деңгейде идеология бар, ал халық оны қолдай ма, қолдамайма, ол басқа мәселе..

Кездесуден шығып, қаланы аралауға кірістім, Нewlett Рackard’дің қуаттау құралын ұмытып кетіп едім, эмбаргоның арқасында таппай қаламын ба деп жүрсем, толып жатыр.. Басы ашық әйел адам көрмедім, себебі ереже бұзушылық – зындан, кім болса ол болсын..

Тегеран көшелерінде Газельдер жүр)))

Ескі Шевроле, Мак жүк көліктері, шамамен сол Шах дәуірінен қалған..

Ауасы ластау, көліктерінде катализатор жоқ сияқты, жанармай 70 теңге, алайда мұнай өңдеу зауыттары жоқ, технология жоқ. Шамамен Иран мұнайды Түркияға сатады, ал орнына жанармай алады. Кептеліс көп, бірақ бір-бірін сырып өтсе тоқтамай ары қарай жүре береді, Шығыс қой әкесін)) Ауыр жол көлік оқиғасын көрмедім, жолда құрмет деген ұғым бар.

Даму жағынан Түркиядан сәл артта, бұл көшедегі көліктен, салыңған үйлерден көрініп тұр. Табиғи газ көп, көшеде кетіп бара жатып газ жаңғышқа қолыңды жылытып алып әрі қарай кете бересің, газ дүңгіршектерге дейін жеткізілген)))

Қыздары әдемі, денелі болып келген, Батыс елдері Иранда әйелдер қорланады деп зарлайды, атаңның басы, Иран әйелдері топырлап Gucci, Mango, Zara’да жүр, мінетіндері Мерседес, Хюндай және Пежо, еркектері жанында, басқа не керек? Әрине қыздарын суретке түсірмедім, елге аман-есен қайтқым келді))

Бір қызығы, немістің Audi мен VW кездестіре алмадым, ескісі де жоқ. Аралаған жерлерім Tajrich Square, Тегеран Орталық Базары және де Соңғы Шах Сарайы. Базарлары керемет, үйге естелік ретінде қолдан жасалған әдемі бұйымдар алуға болады.. Ал енді суреттер, сапасына айып етпеңіздер, көбіне көліктен түсірдім, кейбіреуін қалтафонмен:

Бағана айтып өткен Tajrich Square'дың маңайы

 

а

 

Көшелерден көрініс:

Low rider немесе Taxi5))

Kia & PeykanfИрандық Зил н/е Газ-53, бәрін осымен тасиды(American style, Mazda B2000 fake)..

Маған ұнады, әсіресе дөңгелектегі сурет))

Мешіттердің бәрі көк түсті..Мейрамханада.. Ет, ет, ЕТТТТТ)))

мынандай дәу мандарин көрмеппін..

шәй келді:

Риза Пахлевидің Сарайы ма, Ордасы ма(Green Palace), әйтеуір қазіргі кезде мұражай.. соның жанында 1919 жылғы Rolls-Royce әлі жүгіріп жүр:

Біреу сыйлаған әйгілі Ми-24 тікұшағы:

Қазіргі Абрамстың арғы аталары))

Тағы бір RR:

Шамамен Екінші Дүние Соғысынан қалған әскери көлік, немістердікіне қатты ұқсайды, атын біле алмадым, жақындап қолыммен ұстадым)) техника десе ішкен асымды жерге қоятын адаммын))

Негізі Шах көлікті таңдай біліпті, аты аңызға айналған Mercedes Benz 600, W100 шанағында. Егер Анджелина Джоли, Сальма Хайек, Кира Найтлилерді бір жаққа, екінші жаққа осы Мерседесті қойып таңда десе, қыздар жайына қалушы еді, міне нағыз Мерседес)))

екіншісі:

3

Mercedes Benz 300SL әкесін..

тағыда Мерседес 600:

Rolls-Royce, Cadillac, VW Baggy:

қапқарашка)))

Болған сияқты осымен.. мүмкін барлығын айта алмадым..

p.s. егер АҚШ соғыс бастаса өкінішті болады.. Иран аман болсын!!

Qaseke
11 апреля 2012, 10:37
2334

Loading...

Комментарии

Мәшинені жақсы көресің ау? Ә?

Ғимараттарың түсіргеніңде... ех жақсы ел негізі.
Qaseke
0
0
жақсы көрем әрине.. жақында бір жобаны бітірсем, жазам осында.. Ғимараттары қыста онша әдемі емес, Ыстамбулды елестетіңіз, солардан сәл артта..
Ыстамбұлға барған емеспін... шамам де келмейді екен...саяхаттауға.
Бірақ, ғаламтордан тауып суреттерді көрдім, әлемдегі әдемі қалалардың бірі екен, әсіресе Ыстамбұлдың көпірі. Әрине, жаз, жаза бер, жаза бер, күтемін жазбаңды, асыға асыға.

егерде, Дубай қаласына барсаң... осында жазып кет, сосын ғимараттарын суретке түсіруды ұмытпа...;)
Ыстамбулдың суреттерін жоғалтып алдым(( Бакудікі бар))
Енді, жазба етіп арна. Оқиқық, көрейік...
Мешіттердің суреттерін де ұмытпа :)
Анау жетінші суреттегі, Шевролет атты мәшине маған ұнап тұрғаның қарашы...

1980 жылы шыққан Шевролет монте карло сияқты... менің ойымша
koshedegi korinister almatyga uksaidy eken
Qaseke
0
0
Көшелері Алматыдан таза және де талғам бар екені көрініп тұр..
ViPRO
0
0
скоро Иран будет частью Америки
иа Иран ды кобиси согыстын отаны деп жатады жок олай емес астанасы тегеран оте жаксы кала арине биздин калаларга жетпейдиго.Не дегенимен осындай корши мемлекеттрге шыгып турган дурыс.Мен болашакта алемнин ен керемет жерлерин аралагы келеди.Бир алла озин колдап сол кунге жеткизе коррррррррррр.РАХМЕТ

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Алматинская детская железная дорога: как настоящий поезд заменили на подделку

Алматинская детская железная дорога: как настоящий поезд заменили на подделку

С приходом новых хозяев не только разграбили железную дорогу, но и даже поменяли названия. Поменяли название парка на «Центральный парк культуры и отдыха Алматы». Началась новая история, для других алматинцев...
zaleskiy
16 марта 2017 / 16:25
  • 5723
  • 10
Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5227
  • 7
Если нет гарантий достойной жизни, то зачем создавать больше несчастных людей?

Если нет гарантий достойной жизни, то зачем создавать больше несчастных людей?

Я постоянно слышу, что дети - это цветы жизни. Но по поведению некоторых родителей складывается впечатление, что дети - это сорняки: роди, а там как-нибудь вырастут.
Amiko
16 марта 2017 / 12:53
Весенний обзор банковских тендерных гарантий

Весенний обзор банковских тендерных гарантий

Как финансист, в тендерных гарантиях я люблю скорость и простоту оформления, поэтому решила сравнить условия некоторых банков по продукту «тендерная гарантия» на основании информации с сайтов банков.
DanaJarlygapova
16 марта 2017 / 16:00
  • 4356
  • 42
16 великолепных пасхалок и отсылок из фильма «Логан»

16 великолепных пасхалок и отсылок из фильма «Логан»

Какими бы не были кинокомиксы, в них всегда будут присутствовать пасхалки и отсылки. Поэтому, MovieUniverse собрал для вас все замеченные пасхалки из «Логана».
Aegon
16 марта 2017 / 14:41
  • 4229
  • 10
Почему в Казахстане пытаются запретить фильм «Красавица и Чудовище»

Почему в Казахстане пытаются запретить фильм «Красавица и Чудовище»

Только я дождался премьеры, как вдруг её отменяют. Откровенно говоря, у меня нереально бомбит от всего этого. Я, как и многие, очень люблю Дисней и его картины, и не против того, что они стали...
MrVladimirLV
17 марта 2017 / 16:03
  • 3889
  • 62
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки моя слабость наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 3623
  • 28
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 3220
  • 43
Если ты дура, это не значит, что все вокруг дураки. Будь честной, ищи нормального мужика

Если ты дура, это не значит, что все вокруг дураки. Будь честной, ищи нормального мужика

Когда мужчина встречает женщину, с которой хочет прожить всю жизнь - он на ней женится как можно быстрее и старается завести детей. А не живет с ней восемь лет порожняком по съемным квартирам.
bushneva177
16 марта 2017 / 16:21