Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:36, 03 февраля 2012

АЛАЯҚТЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Қазіргі таңда қазақстандық алаяқ азамат Вадим Курамшиннің кім екенін жалпақ жұрт түсіне бастады. Бұған дейін бірнеше жыл қатарынан адам тағдырымен ойнап, оңай ақша табуды нәсіп еткен ол түрменің ащы дәмін татса да, арам ісінен қол үзбеген еді.

Абырой болғанда, жақында әккі қылмыскер Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданның Қордай ауылынан ұсталған екен.

Айта кетерлігі, ол көптеген жандардың жасаған қылмысын жауып, көмек көрсететінін айтып, өтірік ақша алып отырған. Осылайша, алаяқтық әрекеті әшкере болған Вадим Курамшин кейін өзінің жалған іс-әрекеттеріне қарамастан, «адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстандық Халықаралық Бюроға» құқығының аяққа басылғанын айтып, өтірік шағымданған. Сонымен қатар, ол өзінің өтінішін қарап, негізсіз деп тапқан аталмыш бюроның жұмысын сынап, қоғам арасында келеңсіздік тудыратын түрлі әрекет жасауға бел буған.

Құқық қорғаушы бола тұра, құқық бұзудан алдына жан салмайтын алаяқ өзін көпшілік алдында патриот етіп көрсетпек болып, «қоғамдық жұмыстар» деп ұрандатып, кейін жиналған бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық алдында «адам құқықтары мен заңдылықтың сақталуы жөніндегі Қазақстандық Халықаралық Бюроның жұмысын кінәлаған.

Осылайша, жеке басының шаруасына өзгелерді де араластырып, дау-дамай тудыруды мақсат еткен Вадим Курамшиннің бұл былығын бейбіт тұрғындар әбден түсінді.

Бүгінгі таңда елге жаға ұстатқан бұзақы қылмыскер Вадим Курамшин туралы түрлі әңгімелер айтылуда. Тіпті, интернетте де ол жайында көптеген мақалалар жарық көруде. Бірақ, аты шулы алаяқтың жақтастары оны қорғау үшін ел арасында билікке, мемлекетке қарсы теріс пікірлер туғызып, «көлденең көк аттының» көлеңкесінде жүрген жеке меншік ақпарат құралдары арқылы барларын салып ақтауға тырысып бағуда.

Десе де, «өтірік өрге жүрмейді» демекші, ондайлардың жалған сөздері, жұртты даурықтырған іс-әрекеттері ешқандай шындыққа жанаспайтындықтан, нәтиже шықпайтыны анық. Осыны түсінген, Вадим Курамшин Қазақстандағы құқық қорғау органдары жетпегендей, өзінше шет елдік ұйымдардан да көмек сұрап, «әділдік үшін күрескен қорғансыз жанның» рөлін сомдаған көрінеді.

Бір қызығы, Вадим Курамшин пара алу, пара беру сынды пасық істермен де айналысқан екен. Тіпті, ұзын құлақтан оның темір торда отырған күннің өзінде аталған мекеме тәртібін сақтамай, түрлі жағдайларға барғаны туралы әңгімелер де естілуде. Ар-ожданнан безгені соншалық, ол интернет арқылы жағымсыз ақпарат таратып, жымысқы әрекетін күшпен жүзеге асырғысы келген. Сондықтан да, Вадим Курамшин осындай арам қылықтары үшін түрменің дәмін тұңғыш рет татып отырған жоқ, бұған дейін де алтын уақытын қапаста өткізген. Бұл – оның нағыз алаяқтың өзі екенін дәлелдейді.

Тізбектеп айта берсек, Вадим Курамшиннің қылмысқа қатысты кір істері өте көп.

«Ақша» десе араны ашылып, ар-ұятты аттап кететін, адамшылық қасиеттен ада болған Вадим Курамшин жайлы болашақта жеке кино да түсіруге болады дейді оның осындай алаяқтығына таң қалғандар.

Жасыратыны жоқ, кейбір адамдарда «ақша болса, бәрін де жеңемін!» деген теріс түсінік қалыптасқан. Өкінішке қарай, «ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талдаңда!» деген заманның кері кеткені қашан?... Қазір біздің мемлекетте заң баршаға ортақ әрі әділдік үшін күрес шаралары дұрыс жолға қойылған. Ең бастысы, адал адамның құқығы қашанда сақталады. Сол үшін алаяқтардың орынсыз өтірік көлгірсіп, заңға қайшы әрекет жасауына жол жоқ.

0
849
0