Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
1
04:04, 03 февраля 2012

Қыздар

Шіркін, біздің қыздарға кім жетсін?

Әсем, сыпайы, абыройлы да.

Қандай ғажайып есімдерге ие: Қарақат, Әсем, Жайна, Нұрай, Сәуле, Назгүл, Іңкәр, Маржан, Ардақ, Мәншүк, Әлия, Қаламқас, Қарлығаш - құлаққа ерекше жағымды, нәзік аттар.

Мұқият қарасаң, ойланып көрсең, орыс/славян қыздарды осындай байлыққа ие емес - есімдері ылғи -а және -я әріптеріне бітеді. Ережеден тыс мен білетін: Юдифь, Руфь және Любовь бар. Олар да сирек. Ал мысалы, Тамара, Екатерина, Анна, Маргарита, Ольга, Инна, Елена, Марина, Елизавета, Ева сияқты және тағы да басқалары Еуропада да өте жиі кездеседі.

Сонда менің түсінбейтінім, неге қыздарымыз соларға еріп (пе?) аттарына жат әріптерді қосады? Мейлі, Ақгүлдің атын Акгуль деп жазуы түсінікті болар - басқалар тіл байлығымызды меңгермеген шығар, жұмсақ оқылуын қайдан білсін, бірақ Жанар, Гауһар атты аруларымыз Гаухара, Жанара болып кеткенде таң қаламын. Бір рет Макпала дегенді де оқыдым. Сұмдық қой! Неге солай істейсіңдер, қыздар?

1
457
6