Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:25, 24 января 2012

Фатмагүл

Blog post imageБерен Саат- сұлу да көрікті, аса дарынды және Түркиядағы қымбат актрисалардың бірі саналатын өнер иесі, тағы да өздеріңізбен қауышып отыр. Осынау қара шашты, жанары көктемнің көгіндей жап-жасыл, нәзік қыз қазақстандық көрермендерге бірден ұнады. Сауалнама нәтижесі бойынша «Жыл әйелі» болып танылды. Сондай-ақ, ол Түркиядағы ең әдемі актрисалар ондығының қатарында. Енді «31 арнада» дарынды да көркем ару ойнаған екі телехикаяны бірден тамашалау мүмкіндігі бар. «Фатмагүл» телетоптамасы тағы да эфирде.

Аталған телетоптаманың алғашқы көрсетілімі кезінде, Фатмагүлдің басындағы жағдай жұртшылық арасында қызу пікірталас тудырған болатын. Көрермендердің пікірі де екіге жарылып, бір тобы басты кейіпкерді кінәласа, екінші тобы Фатмагүлдің еш жазығы жоқ екеніне баса мән берген болатын. Алғашқы көрсетілім аяқталғанына 5 ай өткеніне қарамастан, еліміздегі түрік телехикаясының жанкүйерлері фан-клубтар құрып, форумдарда, актерлардың жеке өмірін талқылауда, тіпті Фатмагүл оқиғасының немен аяқталарын білу үшін, барынша талпынып бағуда.

Естеріңізге саламыз, қарапайым да, аңғал ағасы Рахми мен жеңгесі Мукаддеспен бірге Фатмагүл шағын қалашықта тұрады. Бауыры Мұратқа қамқорлық жасап, сүт фермасында ағасына көмектесіп, қой бағады. Бала кезінен ғашық болған Мұстафаға күйеуге шығатын күнді асыға күтеді. Бірақ кездейсоқ оқыс оқиға оның арманына балта шапты. Асқақ арманына құстай ұшып бара жатқан Фатмагүл күтпеген жерден шыңырауға тап болды. Фатмагүлді зорлап кетеді. Бұл іске полиция араласады. Түркия заңы бойынша зорлағандардың бірі жәбірленушіге үйленетін болса, бұл іс жабылған болып есептеледі.
Міне, сондықтан, бұзақылардың ауқатты ата-аналары өз балаларын түрмеден құтқарып қалу үшін, жоспар құрады. Жарлы жігітті Фатмагүлге үйленуге мәжбүрлеп, бір жылдай некеде тұрып, кейін ажырасып кетесің деп кеңес береді. Осылайша, жас қызды зорлықшылардың бірі – Керімге күйеуге береді. Жастардың жаңа өмірі бір-біріне деген өшпенділік пен жек көру сезімінен басталады. Алайда, бойжеткеннің қас жауы болған Керім, оның қолдаушысы мен қорғанышына айналады...
Телехикаяның алғашқы маусымының көрсетілімі аяқталғаннан кейін, редакциямызға көптеген көрермендер хабарласып, фильмнің жалғасын көрсетуді болмаса немен аяқталатынын айтып беруімізді өтінді. Қазіргі уақытта телетоптаманың екінші маусымының түсірілімі қарқынды түрде жүріп жатыр. Таяу уақытта көрермендер Керем мен Фатмагүлдің бір-біріне деген сезімінің жемісін көре алады...

Түсірілім жұмыстары аяқталғанша, «31 арна» түрік телехикаясының жанкүйерлеріне сүйікті кейіпкерлерімен қайта қауышуға мүмкіндік беріп отыр.

«31 арна» көрермендерінің ең сүйікті телетоптамасы тағы да эфирде!
24 қаңтардан 18:30-да!

0
1709
3