Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:50, 23 января 2012

Алтын мен ақшаның көкесі қайда жатыр!

Ақша деген бізде 100 долларлық қағазымен шектеледі. Одан асса Европалық 500 евроны еске аламыз. Ал кейінгі күндері ғаламтордағы 1934 жылы шығарылған ақшаны көрдіңбе?

Blog post image

Осы бұманың ішінде 100 дана қыстырылған. Сонда бір бұманың сатылу бағасы он миллион АҚШ доллары. Және 1934 жылы шыққан бұл қағаздың әр қайсысы алтынмен кепілденген.

Blog post image

Шіркін-ай десеңші қаншама ақша!!! Сол жылдан бері алтын бағасы тек өсу мен болғанын тағы ескере бер.

Ол аз болса одан арманын тағы қара.

Blog post image

 

Бұл дегеніміз, егер ағылшын әріптерін білмейтіндер болса, көрсеткен бағасы БІР МИЛЛИАРД АҚШ ДОЛЛАРЫ!!!! Ол да 1934 жылы шығарылған және алтын мен кепілденген сертификат болып есептеледі. Арғы бетіндегі Сертификатын тағы бөлек көруге болады:

 

Blog post image

 

Біздегі пара берушілердің сілекейі ағып кеткен болар, сірә. Біз шешеуніктердің шетелдіктерден пара алатыны жайлы уайымдап жүрсек, параның көкесін енді қара.

Бұл көрсетілгені тек бір дана қағаз. Өте құнды қағаз, әрине! Ал осы қағаздардың бұмасы (ішінде жүз қағаз) мынандай зерлі қобдишада сақталады екен:

 

Blog post image

 

Бір қобдишасында 500 дана құнды қағаз сыяды екен. Әр қайсысы бір миллиард деп есептесек, онда қобдиша бағасы БЕС ЖҮЗ МИЛЛИАРД АҚШ ДОЛЛАР болады екен. Ол аз болса, қобдишалар өздігімен сандық ішінде жатады. Ол сандықтың түрі мынадай:

Blog post image

 

Осы сандықтың ішінде мысалы ҮШ ТРИЛЛИОН АҚШ ДОЛЛАР сақталған екен. Ал енді ойла, осындай сандықтар өзі неше болуы мүмкін екен?

Мысалы осындай да сандықтар шығарылған:

Blog post image

Біздің ақша деп жүргеніміз жоғарыда келтірілген мен салыстырса құмырсқаның бір жыл ішінде тергенімен тең болады екен. Осының бәрі АҚШ-тағы Федералды Резерв Банкісінің бүкіл дүние жүзін алдап жүріп қағаз бетінде басылған ақшалары. Ауадан тегін басып шығарып дүние жүзіндегі мемлекеттерді толығымен сатып алу үшін шығарылған ақша. Осылай АҚШ дүние жүзіндегі барлығын сатып алып жүрді. Кім біледі біздің мемлекет басшыларына да осындай алтын сандықты сыйлап қойған да болар. Ал біздің шенеуніктер құны жоқ бос қағазға жердің қойнауындағы байлықты сатып өздерінше мәз болып та жүрген шығар. Алпауыт Алдар Көсенің алдауына қалғанын сезбей. Себебі кім де кім осы қағазды алтынға айырбастаймын десе, онысынан түкте шықпайды. Бос әурешілік. Оған мысал, өткенде Италияда ұсталған екі Жапон азаматы 134 миллиард доллар сертификаттарын ақшаға айырбастаймын дегені.

 

Мәліметтерді толығымен ғаламтордағы осы жерден оқуға болады:

http://the2012scenario.com/2011/12/evidence-corroborating-david-wilcocks-recent-allegations-philippine-gold/

http://upintelligence.multiply.com/photos/album/10/1934_-_2009_Africa_-_Americas_-_Asia_-_Europe_-_Oceania/

 
0
1801
0