Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
3
09:20, 03 февраля 2012

Менің Азиада ойындарындағы Волонтер қызметім 2011

Мен осы 7-ші Қысқы Азиада ойындарына Волонтерлардың  қажеттілігін волонтерларды тіркейтін орталықтын директоры Мәссәлімов Алмас ағайдан білдім. Мәссәлімов Алмас  сол жерде жауапты директор болып жұмыс істеді. Сол кезде мен ВОЛОНТЕР қандай жұмыс ?ол не екенін де білген жоқпын.

Мәссәлімов Алмас ағаймен хабарласып,не болсада тіркелейін,алда әлі 2 жыл бар ғой Азиада ойындарына деп ойладым.2009 жылы ескі офиске барып анкета толтырып тіркелдім.Мен ең жас волотер едім.

Негізінен  волонтер-«ерікті»деген мағынаны білдіреді.Сол себепті әрбір волонтер ақысыз жұмыс істеді. Өз елінің патриот,бетке ұстар талантты жастардың, еліне деген көмегі.

Ең алғашқы жұмысым ол 2009 жылдын 1 маусым балалар күні болатын. Ол жерде біз 15 адам волонтер болып жұмыс істедік. Менің бұл жұмысқа қызығушылығым арта түсті.Содан біраз уақытқа байланысымда жоғалтып алдым.Бірақ ағаймен хабарласып,кейін қайта жұмысқа араласа бастадым. 2010 жылдың басында Азиада ойындары жақындаған кездері жұмыс қыза түсті .

Мен Медеу мұз айдынында «Бенди»-допты хоккей  ойынының  іріктеу жарыстарында волонтер болып жұмыс істедім.Blog post image

Көбісі студенттер , жалғыз мен ғана оқушы болғанмын. Уакыт өте келе бірге жүрген волонтерлермен  жақынырақ танысып, араласып кеттім. 50 волонтер  бір үйдін балаларындай тату жұмыс істедік. Біз дайындық жұмыстарын көруге келген журналистердің, адамдардын сұрақтарына жауап беріп, қажет болсақ көмегімізді көрсеттік.Міне осылай волонтерлер 1 апта жұмыс істедік.

2010 жылы қыркүйек айында Алматы қаласында Транплин орталығының ашылу салтанаты болды. Ол өзінше ерекше салтанатты түрде ашылды. Адамдардың есінде қалатындай болды  және кішкене қиындықтарда болды. Адам өте көп жиналды, күн ыстық болды , шет елден келген қонақтарды қарсы алып,оларға жол көрсетіп, қойылған сұрақтарына жауап беріп,  бәрін бірдей назарда ұстап , волонтерлер  кезек-кезек бір бірімізді алмастырып отырдық.Транплин біздің қысқы ойындарының алдында жаттығу жасап, өнер көрсететін  спортшыларымызға Азиада ойындарының алдында жасалған баға жетпес сыйлық болды. Себебі, Транплиннен секіретін спортшыларымыз үшін өз елдерінде жақсылап дайындалуға мүмкіндік жасалды.

Blog post image

2010 жылдың  қаңтар айында Қазақстан Алау эстафедасын қарсы алды.   Бұл тарихи маңызы бар  шарада біз 100 волонтер жұмыс істедік.Ең алдымен Алауды алып  жүретін  жолдар белгіленді , сол көшелерде волонтерлар тұрғызылды. Біз Алматы қаласындағы Алауды алып жүретін жаттығу кездерінде алғашқы алауды ұстап жүгіретін мәртебеге ие болдық , біздің қасымызда қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін адамдар бірге жүгірді. Менде өзімді сондай мәртебеге  ие болғанымды мақтаныш тұтамын. 2010 жылдың қаңтар айында мені Транплинде волонтер болып жұмыс істеуге  жіберді.Ол жерде,Алаудың алып келуін көріп,қызықтауға келген халыққа таратылатын тегін асты қораптарға салып, реттеп дайындап,оны тараттық.Blog post image

 

7-ші қысқы Азия ойындары Алау эстафетасының факелі 11 қаңтар күні Азия Олимпиадалық кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Әл-Куәйт қаласында тұтандырылып, ойындарды ұйымдастырушы Қазақстан өкілдеріне тапсырылады. 2010жылдың  12 қаңтар күні Алау ұшақпен Алматы қаласына жеткізіледі. Алау эстафедасын болған алғашқы күні осы мәртебеге ие болған атақты спортшылар,өнер қайраткерлері,қоғам қайраткелері т.б  қазақ елінің атақты адамдары Алауды қолдарына ұстап жүгіріп өтті.Мен осы жерде волонтер болып жүріп, көптеген қоғам қайраткерлері ,спортшылар,өнер қайраткерлері т.б көрнекті адамдармен кездесіп, естелікке суретке түстім. Атап кетер болсам, Мэльс Елеусізов, Серік Сейдуманов, Ольга Шишигина,Ермахан Ибрагимов және тағы да басқа атақты адамдармен таныстым.

Blog post image

Blog post imageBlog post image

Міне, Азиада ойының ашылу салтанатына  1 ай қалған кезде бізді,волонтерлерді жұмыс істейтін  объектілерімізге  бөле бастады.  Қазақстанда болған 7-ші Қысқы Азиада ойындар барысында барлығы 3500 волонтер тартылды, Алматыдағы ұйымдастыру ісінде көмек беруге құлшыныс білдірген 2500 волонтер жұмыс істеді.Солардың бірі болып,менде Азиада ойынына қатысқаныма өзімді өте бақытты санаймын.

Blog post image

 

Алматы қаласы бойынша Қысқы Азиада ойынында 8 объектіде жарыстар өткізілді.Мен Медеу мұз айдынына волонтер болып жазылдым. Жаңа офисте анкетаны қайтадан толтырып,волонтерлер киетін киім алуға тіркелдім.Бізді, волонтерлерді  жан-жақты дайындады. Психологиялық,өзімізді мәдениетті ұстап жүру, дұрыс жүріп тұру ,волонтерлерді  киім-кешекпен толық қамтып, 3 мезгіл тамақтандырды, жолда жүруге  тегін мүмкіндік берді.Біздің басшыларымыз , координаторлар бәріміздің ынтымақта болып, бір-бірімізге демеу болуымызды басты талап етіп қойды.Blog post image

Медеу мұз айдынында «Бенди» ойыны өткізілді.Бұл ойынға 4 елден допты хоккей құрама командалар келді. Біз бұл жерде 185 волонтер  болдық. Мен бұл жерде  шет елден келген қонақтар мен осы ойынды көруге келген көрермендердің үйлеріне жетуін, көлікпен қамтамасыз етіп,оларға жол көрсетіп,қойылған сұрақтарға жауап беріп,  қадағаладым. Біздің ең басты жұмысымыз келген қонақтарға көмек көрсету. Волонтер болып жұмыс жұмысымды атқару барысымда Индия мемлекетінен келген бір кісіге ағылшын тілінен аудармашы қажет болыпты,сол кезде біраз қобалжыдық, мен ағылшынша аударып бердім. Шет елден келген Үнділік турист Шымбұлаққа қалай шығуды сұрады. Мен 2 жолмен шыға аласыз, бірі гондолмен (канатный дорога) болса,2-ші автокөлікпен көтеріле аласыз деп ағылшынша  түсіндіріп бердім.Менің шет елдік қонақтарға ағылшын тілінде аударма жасап өз міндетімді жақсы атқарғаным үшін, координатор ағайлар рахмет айтып, кейін маған волонтерлердің алдында рахмет айтты.

Blog post image

 

Ойын барысында көрермендер бізбен (волонтерлермен) суретке түсіп, журналисттер интервью алды. Біз күнде сағат 6.30-18.30 дейін өз қызметімізді атқардық.

Менің өмірімдегі естен кетпес волонтерлік қызметім,ондағы қызықты оқиғалар, кездесулер, естеліктерім мәңгі есімде қалады. Себебі, Азиада ойындарында волонтер болғанымның арқасында мен көп достар таптым, жақсы нәрселер үйрендім атап айтқанда: шыдамдылық, сабырлылық, төзімділік, достық, жауапгершілік және қандай да болсын қиындықтарды жеңе білуді үйрендім. Көптеген керемет адамдармен достасып,өзімді жаңа жағымнан аша білдім.

Соңғы күні, 7 –ші Қысқы  Азиада ойындарының жабылу салтанатын жаңадан ашылған  Транплин кешенінде атап өтілді.Ол жерге  Алматы қаласындағы Қысқы 7-ші Азиада ойынында волонтер(еріктілер) болған  студенттер,оқушылар т.б. барлығы  бірігіп, концерттік бағдармала дайындалып, қызықты қойылымды тамашаладық.Президент Н.А.Назарбаев  сөз сөйлеп, Қазақстанда өткен 7-ші Қысқы Азиада ойынын қортындылады , спортшыларға және осы Азиада ойынын ұйымдастыруға ат салысқан қызметкерлерге , сонын ішінде біз сияқты волонтерлерге рахметін айтып құттықтады ,оның арты от шашулармен және үлкен конецертпен  аяқталды.

Blog post image

7-ші Қысқы Азиада ойыны аяқталғаннан кейін көзге түскен волонтерлерді марапаттау болды.Біздерге бағалы сыйлықтар,мақтау қағаздары т.б. берді.Менде солардың қатарында бағалы сыйлық және мақтау қағазын алдым.Алған сәтте үлкен толғаныста болдым.

Менің тарихи оқиғаға куә болып,волонтер болғанымды өзімді мақтан етем. Осы Азиада ойындарына алғысым шексіз,ол менің өміріме үлкен өзгеріс енгізді.

   
3
1326
0