место в рейтинге
  • 601240
  • 996
  • 76
Нравится блог?
Подписывайтесь!

2012 жылғы Мәжіліс сайлауы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау туралы» Жарлығына сәйкес, партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарына, ал ҚР Парламент Мәжілісіне Қазақстан Халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттарды сайлау 2012 жылдың 16 қаңтарына белгіленді.

Дауыс беру орны мен уақыты

Учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыларды сайлау күні, уақыты және орны туралы сайлау күнінен он күн бұрын БАҚ арқылы және басқа тәсілдермен хабарландыруы тиіс. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі жетіден кешкі сегізге дейін жалғасады.

Аумақтық немесе аймақтық сайлау комиссиялары сәйкесті әкімнің, учаскелік сайлау комиссиясының ұсынбасы бойынша дауыс берудің басталуы мен аяқталуының басқалай уақытын белгілеуге құқылы. Дегенмен, дауыс беру таңғы сағат алтыдан ерте басталып, жиырма екі сағаттан кеш аяқталуы мүмкін емес. Аумақтық немесе аймақтық сайлау комиссиясы дауыс берудің басталуы және аяқталуы уақытының өзгергені туралы шешімі сайлаушыларға жеткізілуі тиіс.

Сайлау күні Қазақстан Республикасына тиесілі соттарда, әскери бөлімшелерде, алыс және қатынасқа қиын аудандарда, отарлы мал шаруашылығына бөлінген жерлерде, демалыс үйлерінде, шипажайларда, стационарлық емдеу-алдын алу мекемелерінде, тергеу изоляторларында, уақытша оқшаулау орындарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде құрылған учаскелік сайлау комиссиясы, егер тізімдегі барлық сайлаушылар дауыс берген болса, кез келген уақытта дауыс берудің аяқталғандығы жөнінде жариялай алады. Мұндай сайлау учаскелерінің тізімі сәйкесті сайлау комиссиясымен дауыс беру күніне дейін жеті күннен кем емес уақыт бұрын бекітіледі.

Дауыс беруге арналған ғимарат

Учаскелік сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратта сайлау учаскелері орналасқан жерін білдіретін нұсқамалар, нөмірімен көрсетілуі тиіс. Егер бір ғимаратта бірнеше сайлау учаскелері орналасса, барлық сайлау учаскесінің нөмері көрсетілген маңдайша жазулар ілінеді.

Учаскелік сайлау комиссиясының жұмыс кестесі де ілінеді. Дауыс беру ғимаратындада жүрген тұлға учаскелік сайлау комиссиясы бекіткен өзін ұстау ережесін қатаң сақтауы тиіс. Учаскелік сайлау комиссиясы бекіткен ереже дауыс беруге арналған ғимараттың ішіне кірер жеріне орналастырылып, қатысушылардың танысуына мүмкіндік жасалуы тиіс. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, болмаса төрағаның орнын басатын комиссия мүшесі дауыс беруге арналған ғимаратқа бір уақытта жиналған сайлаушылар санын реттеп отырады, тәртіпке жауап беріп, сайлау туралы Конституциялық заң талабын бұзған және дауыс беруге кедергі келтірген кез келген адамнан баспананы босатуын талап етуге құқылы. Дауыс беру күні дауыс беру ғимаратында сайлау үдерісіне қатысы жоқ адамның жүруіне тиым салынады.

Дауыс беру баспанасында құпия дауыс беру кабиналары жеткілікті қамтылуы, сайлау бюллетендерін беретін орны анықталып, дауыс беру жәшіктері орнатылуы тиіс, осылайша дауыс берушілер міндетті түрде жасырын дауыс беру кабиналары арқылы өтуі жолға қойылады.

Бұған қоса бақылаушыларға, сенім білдірілген тұлғаларға, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне және сайлау комиссиясы мүшелеріне дауыс беру жәшігін қадағалауға мүмкіндік жасалауы тиіс.

Үстелдерде «Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы», «Учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары», «Учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы» деген жазулар бар нұсқамалар, сондай-ақ әліпби бойынша немесе көше атаулары мен үйлердің нөмері көрсетілген сілтеме қойылады.

Дауыс беру ғимаратындағы үстелдер дауыс санау кезінде учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің әр іс-қимылы ғимарат ішіндегілерге айқын көрінетіндей болып орналастырылады. Дауыс санауға қатысушы сенім білдірілген тұлғалар және бақылаушылар бюллетендегі белгі көзге шалынатындай жерден қадағалауды жүзеге асырады.

Дауыс беруге арналған ғимаратта тәртіпті қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі. Ішкі істер органдарының қызметкерлері дауыс беруге арналған ғимарат ішіне комиссия төрағасының шақыруымен кіреді, комиссия төрағасы өтініші бойынша тәртіп қалпына келгеннен кейін ғимаратты босатуға міндетті.

Сайлаушылар тізімімен танысу
Учаскелік сайлау комиссиялары сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар санын анықтап, азаматтарды сайлаушылар тізімімен таныстырады, тізімдегі қателіктер, дәл емес жазулар бойынша өтініштерді қарап, тізімге сәйкесті түзету енгізу мәселесін шешеді.

Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімі дауыс беретін уақыттан он бес күн бұрын сәйкесті сайлау комиссиясымен сайлаушыларға танысып шығуына ұсынылады.

Азаматтарға сәйкесті сайлау комиссиясы ғимаратында сайлаушыларға тізіммен танысуға, сондай-ақ, сайлаушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Әрбір азамат сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректердің дұрыстығын тексеруге, тізімге алынбай қалу немесе шығарып тастауына байланысты, сондай-ақ деректердің дәл еместігіне орай шағымдануға құқылы.

Сайлаушылар тізіміне енгізу қажеттігі немесе шығарып тастауы, сайлаушылар тізіміндегі қатені түзету туралы өтінішті қарау сәйкесті сайлау комиссиясымен шағым сайлау комиссиясына келіп түскен күннен қаралады. Өтінішті қараудан бас тартылған жағдайда, өтініш иесіне кідіртпестен, өтінішті қанағаттандырмаудың дәлелді себебі жазылған шешім беріледі.

Cайлау комиссиясының тұрғылықты мекенжайы бойынша сәйкесті сотқа ол шешімге байланысты шағымдануға болады. Онда шағым түскен күні сол бойда қаралып, нақты шешімі шығарылады. Арыз берушінің өтініші қанағаттандырылған жағдайда сайлаушылар тізіміне түзету енгізуді сайлау комиссиясы жедел жүзеге асыруы керек.

Сайлау учаскесінде берілген дауыстарды санау

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы дауыс берудің аяқталғандығы туралы жариялайды. Аумақтық немесе аймақтық сайлау комиссияларының шешімі бойынша дауыс берудің басталуы мен аяқталуының басқалай уақыты (дауыс берудің басталуы сағат алдыдан ерте емес, аяқталуы сағат жиырма екіден кеш емес) белгіленген сайлау учаскелерінде дауысты санау сол белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін басталады.

Дауыс берудің аяқталғаны жарияланғаннан кейін дауыс беру ғимаратына ешкім кіргізілмейді. Дауыс беру аяқталғандығы жөнінде жарияланғанда дауыс беру ғимаратында жүрген сайлаушылар дауыс беруге құқылы. Дауысты санау дауыс беру қорытындысы белгілі болғанша үзіліссіз жүргізіледі, оның қорытындысы дауысты санауға қатысушыларға да жеткізіледі.

Сайлау учаскесіндегі дауысты санау уақыты басталғаннан есептегенде он екі сағаттан аспауы керек.

Комиссия төрағасы дауыс беру аяқталғанын хабарлағаннан кейін дауыс беруге арналған жәшіктер учаскелік сайлау комиссиясымен ашылуы тиіс. Оған дейін жәшікті ашуға тиым салынады.

Дауыс беру аяқталып, бюллетендер салынған жәшік ашылғанға дейін учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімі бойынша бюллетен алған сайлаушыларды есептеуді жүргізіп, жалпы санын анықтайды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы есептеу қорытындысын жариялап, оны дауыс беру қорытындысы туралы хаттамаға енгізеді. Тасымалданатын сайлау жәшігіндегі бюллетендер саны дауыс беру ғимаратынан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру жөніндегі жазбаша өтініштердің санымен дәл келуі тиіс. Егер тасымалданатын сайлау жәшігіндегі бекітілген үлгідегі сайлау бюллетендері жазбаша өтініштерден көп болып шықса, онда бұл жәшіктегі бюллетендердің бәрі жарамсыз болып танылады.

Мұндай жағдайда тасымалданатын сайлау жәшігінен шыққан бюллетендерді жарамсыз деп тану жөнінде акт толтырылады. Актіде дауыс беру ғимаратынан тыс жерде дауыс беруді аталмыш тасымалданатын сайлау жәшігі көмегімен ұйымдастырған сайлау учаскесі мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. Тасымалданатын дауыс беру жәшігі ашылғаннан кейін стационарлық жәшік ашылады. Мұндағы дауыстарды санау тасымалданатын жәшіктегі дауыс санау тәртібі бойынша жүргізіледі.

Тасымалданатын және стационарлық жәшік ашылғаннан кейін сайлау комиссиясы бюллетендер саны бойынша әрбір дауыс берудің түрлерін айқындайды:
1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны; Бекіту куәліктері негізінде дауыс берген сайлаушылар саны; Дауыс беру учаскесі ғимаратынан тыс жерде ұйымдастырылған орындарда дауыс бергендер саны;
2) әрбір үміткерге, әрбір саяси партияға берілген дауыс саны;
3) жарамсыз болып танылған бюллетендер саны;
4) учаскелік сайлау комиссиясынан алынған бюллетендер саны;
5) жабылған (пайдаланылмаған, бүлінген) сайлау бюллетендерінің саны.

Жарамсыз болып танылатын бюллетендер:
1) белгіленген үлгіге сай емес;
2) сәйкесті сайлау комиссиясы мүшесінің қолы қойылмаған;
3) бір үміткерден, бір партиядан көп белгіленген;
4) белгі карандашпен қойылған, тазалау ізі немесе басқалай жалған тәсіл белгілері байқалған, сондай-ақ сайлаушының еркін білуді анықтау мүмкін емес.

Дауыс беру қорытындысын есептеу хаттамасы үш дана жасалып, бір бетке басылып, екі жағы да мөрленеді, сайлау комиссиясы төрағасының, мүшелерінің қолы қойылып, комиссия мөрімен расталады. Комиссия төрағасы болмай қалған жағдайда хаттамаға оның орынбасары немесе сайлау комиссиясының хатшысы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы туралы хаттаманы карандашпен, әртүрлі түстегі сиямен толтыруға, сондай-ақ қандайда болмасын түзету енгізуге жол берілмейді. Бұған қоса, дауыс беру қорытындысының санды таңбасы әріптермен де жазылып көрсетілуі тиіс. Хаттамалар көшірмесі сайлау учаскесі ғимаратында барлығына танысуға мүмкіндік беретін арнайы орынға дереу іліну керек және ғимарат ішінде екі күн болуға тиісті.

Веб-портал www.egov.kz egovkz
www.egov.kz
21 декабря 2011, 17:39
943

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Мурашки по коже». Выступление Димаша Кудайбергенова впечатлило иностранцев

«Мурашки по коже». Выступление Димаша Кудайбергенова впечатлило иностранцев

21-го января сообщество "Казахстан разместило на своей странице фейсбук видео с выступлением Димаша Кудайбергенова c песней "S.O.S" на китайском конкурсе Singer 2017.  Данное видео стало вирусным...
Levlion999
15 февр. 2017 / 15:06
  • 23134
  • 5
Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Говорят, что за каждым великим мужчиной стоит женщина. А еще говорят что, все великие люди меняют судьбу своего народа. Так давайте узнаем больше о русских женщинах, навсегда изменивших жизнь...
Shala-Kazakh
17 февр. 2017 / 23:21
  • 17964
  • 80
У нас зарплаты в 3 раза ниже, чем в Болгарии. А мы говорим о самом дешевом бензине, хлебе и воде

У нас зарплаты в 3 раза ниже, чем в Болгарии. А мы говорим о самом дешевом бензине, хлебе и воде

Многие у нас любят сравнивать цены в Казахстане с ценами в Европе. Как мол у нас все дешево! При этом они забывают о том, что минимальный размер оплаты труда на Западе в разы выше, чем у нас.
AliyaSadyrbaeva
15 февр. 2017 / 0:43
  • 6498
  • 86
Келин XX века vs келин XXI века. Если сейчас легче жить, то почему разводов стало больше?

Келин XX века vs келин XXI века. Если сейчас легче жить, то почему разводов стало больше?

Часто слышу от пожилых «апашек» слова разочарования, когда они в очередной раз узнают новость про развод семьи. В основном рассуждения начинаются с фразы «біздің кезімізде»...
socium_kzo
15 февр. 2017 / 15:47
  • 6248
  • 76
«Мужчины, живущие с родителями после 25 лет». Опрос набирает популярность в сети

«Мужчины, живущие с родителями после 25 лет». Опрос набирает популярность в сети

"Как вы относитесь к мужчинам, которые в 25+ еще живут с родителями?". Опрос, который набирает популярность в соцсетях. Хотелось бы узнать, что же думаете вы по этому поводу?
Muchacho55
15 февр. 2017 / 18:51
Места для уличного секса в Алматы. Не будьте ханжами, уятменами и моралфагами!

Места для уличного секса в Алматы. Не будьте ханжами, уятменами и моралфагами!

Не будьте ханжами, уятменами и моралфагами, будьте доброжелательней и скиньте уже с себя цепи и оковы нравственности. Да здравствует любовь и свобода!
gelberdeuet
14 февр. 2017 / 11:00
Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Казахстанцы отдохнут около полумесяца в грядущем марте. В связи с праздниками в марте ожидается четыре дополнительных выходных дня. Первый, разумеется, выпадает на главный женский день в году, а...
Seattle
17 февр. 2017 / 13:20
  • 3747
  • 4
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 3530
  • 25
«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

Так мог бы звучать заголовок этой публикации, откажись Европа, Турция, ОАЭ, США и другие от фундаментального права человека на имущество. Пост про то, кто заработает на поправках в Конституцию РК...
lyalusha
16 февр. 2017 / 14:45
  • 3382
  • 23