Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
4
13:49, 20 декабря 2011

менин отбасым туралы шыгарма

Хех) уйден бұрын жазған шығармамды тауып алдым. Бұны мен колледж оқып жүргенде жазғанмын, қателеспесем. Жауқазын деген әпкем көмектескен болатын жазуға. Ештенені өзгертпей туп нұсқасын жазамын.. ал бастадым!.. ;)

Біздің отбасымыз Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында қоныстанған. Руымыз Найман. Найманның ішінде Төртуыл, Төртуылдың ішінде Тоғыз деген ел боламыз.

Мен шығармамды үлкен атам Ахмет деген кісіден бастағым келіп отыр. Менің отбасымның айтуы бойынша ол кісі өте денелі, бойшаң болған және өте қатал болған. Ол сол кезде бай отбасынан шыққан және өте білімді адам болыпты. Ахмет атаның алты ұлы болған. Ал мен сол Ахметтің улкен ұлы атам Мамырдың қолында өсіп, тәрбиелендім. Менің әкемнің аты Болат. Мені кішкене кезімнен апам мен атам бағып-қақты. Біз ол кісілерді өті жақсы көреміз. Өкінішке орай ол кісілер қазыр бұл өмірде жоқ. Бірақ біз оларды үнемі есімізге алып, сағынып отырамыз.

Апам мен атамның тоғыз балалары бар. Он жеті немерелері, үш шөбересі бар. Мен атамның төртінші ұлының қызымын. Біз бір әкеден екеуміз. Менің туған әпкемнің аты Елнұр. Ол жиырма бір жаста. Мамандығы бойынша заңгер. Қазыр ол Әкімшілік сотында жүмыс істейді. Қазыр біз атамның қара шаңырағына ие болып отырған Жанат деген ағамның қолындамыз. Және де бізбен бірге әкемнің қарындасы, біздің әпкеміз тұрады. Біз әрдайым сол кісінің тілін алып, онымен ақылдасып, сырымызды айтамыз.

Біздің қазіргі тұратын жеріміз Алматының шетінде Алмалы-бақ деген жер. Ол жердің табиғаты өте тамаша. Біздің үйде отыздан астам ағаштың түрі бар. Жазды куні есіктің алдына киіз үй құрамыз. атамның балалары мен немерелері жиі үйге келіп тұрады. Әртүрлі мейрамдарды, туған күндерімізді бәріміз бірге тойлатамыз. Мен апайларым, ағаларымды, інілерімді өте жаксы көремін. Біз өте тату-тәтті өмір сүреміз. Әр-қашанда бір-бірімізге көмектесеміз. Отбасымыздың ең улкенін тыңдап, үнемі ақылдасып отырамыз.

Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын, және де осындай улкен отбасымның денсаулықтары мықты болып, бақытты өмір сүрулерін тілеймін. Алла тағалам оларды қорғап, көмектесуін әрдайым тілеймін.

Осылай. Енді бұл біраз жыл бұрын жазылған шағын шығарма гой) қазыр немере-шөберелер Құдайга шукір көбейп жатыр.. Жауқазын әпкем тұрмыс құрды. Өзгеріс көп!

Ал мынау соңғы рет жиналып, тойда тускен сурет. (барлығы емес суретте)>>>

Blog post image

менин отбасым туралы шыгарма

4