Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
05:13, 17 декабря 2011

ЖАҢАӨЗЕННІҢ ЖАҢАЛЫҒЫ

Blog post image

Еліміз тәуелсіздігін тойлап жатқанда,Жаңаөзенде  елеулі оқиға етек алды.Естеріңізге сала кетсек , наурыз  айында Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы жұмысшыларының ереуілі басталған еді.Мұнайшылар ереуілінің себебі   жалақының дұрыс төленбеуі,еңбек жағдайларының болмауы, «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы мен өндірістік филиал  басшыларын ауыстыру мен түрлі әлеуметтік әділетсіздіктер.

Ең қызығы кешегі көтерілістің мән-жайынан ең алғаш Ресей елінің бұқаралық ақпарат құралдары құлаққағыс етті.Ал Жаңаөзен өңіріндегі  ұялы телефон  байланысы мен интернет желілері өшірулі. Ресейдің  ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігіне жүгінсек  көтеріліс барысында 10 адам қаза тауып,75 адам жарақаттанып,ауруханаға жеткізілген,олардың ішінде полиция қызметкерлері де бар. Сонымен қатар көтерілісшілер қалалық әкімшілік пен «Өзенмұнайгаз»  компаниясының ғимаратын  өртеп жіберген.Көтеріліс барысында қала тұрғындарының көліктері зақымданып, банкоматтар мен дүкендер  тоналған. К+ телеарнасының түсірген бейнематериалында,тәуелсіздік мерекесін атап өтуге дайындық барысында 10 шақты мұнайшының сахнаға  шығып,ондағы колонкаларды төңкеріп жатқаны көрсетілген.Ал Қазақстанның бас прокуроры Асхат Даулбаевтың айтуынша ел тәуелсіздігін атап өтуге жиылған жұрт бұзақы топтың шабуылына ілікті.Көтерілісшілер қоғамдық ортадағы  тәртіпті бұзып,полиция қызметкерлеріне қарсы шығып,жаңа жылға арнайы қойылған шыршаны төңкерген. Кейіннен мемлекет басшымыздың  бұйрығымен Жаңаөзенге Қазақстан Республикасының ішкі істер министірі Қалмұханбет Қасымовтың  басшылығымен     арнайы  жедел-тергеу тобы  жеткізілді.Алдағы уақытта көтерілістің козғаушы күші анықталып,қала қауіпсіздігі орнатылатын көрінеді.
1
972
8