Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:33, 17 декабря 2011

Блог vs. e-mail, телефон, онлайн-конференция

Осы уақытта мені толғандырып жүрген мәселелердің ішінде блог жеке бизнесті және жалпы жұмысты жүргізгенде біз үшін дағды болып қалған байланыс құралдарын ауыстыра ала ма әлде жоқ па? Барлық нәрсе тәжірибеден келеді, сондықтан мен блог үшін сынақ жариялаймын. Алдағы 3 айдың ішінде осы блогтың бизнес және команданы басқару үшін қабілетінің қыр-сырын меңгеріп, тәуелсіз анализ жасамақшымын.

Мені бұл қадамға итермелеп отырған факторлар:

1) Блогтағы басты жазба - тек қана менің, яғни автордың еншісінде: оны өзгерту, өшіру менің өз қолымда

2) Блог - жеке сайтты ашу мен дизайнын жасау жұмысынан босатады. Мен таңдаған бизнес жолында сайт жасау - стратегия ішіне кірмеген

3) E-mail жүйесінде рассылка болғанымен де, оны жасау үшін группа жасап, одан кейін бірақ хат жіберіп, келесі рет хат жібергенде уақыттық волокитадан көп өтуге уақыт кетеді. Блогтың бір жақсы жері, менің қазіргі ойымша, керек жауаптар мен пікірлер актуалды тақырып астына жинақталып, архивке де қор болып қала береді

4) Yvision-дегі платформаның артықшылығы - Фейсбук, Твиттер, Вконтакте не Мэйлда аккаунтыңыз болса, еркін пікір қалдыра беруіңізге болады.

Әзірше - осы. Блогты сынаудың бірінші күні осылайша басталды.

0
254
0