Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:46, 21 ноября 2011

Электрондық үкімет туралы біл де, жүлде ұтып ал!

Достар, бүгінгі күннен бастап астанамыздың «Астана» бірінші радиосында (101,4 FM) «Жауабын тап та, ұтып ал» атты «электрондық үкімет» порталы қызметі туралы сұрақ-жауап ойыны басталады.
Сұрақ-жауаптың негізгі мақсаты: радиотыңдаушыларды қызықты ойын үлгісімен «Электрондық Үкімет» порталы жөнінде, қандай қызметтер көрсетілетіні және ЭЦҚ-ны алу жолдары, сондай-ақ еGov.kz. туралы басқа да пайдалы ақпараттармен хабардар ету.

«Жауабын тап та, ұтып ал» сұрақ-жауап ойыны «Астана» радиосы эфирінде 2011 жылдың 21 қарашасынан 2 желтоқсан аралығында, әр аптаның дүйсенбіден бастап бейсенбіге дейін, сағат 15.15-тен 15.45-ке дейін жүреді

Ойынға қастысу шарты
Сұрақ-жауап ойнына 18 жасқа толған кез келген адам қатыса алады. Дүйсенбі, сейсенбі және сәрсенбі күндері ойынның алғашқы кезеңі жүргізіледі. Мұнда ойыншыға аралық жүлде алуына кепілдік беріледі. Ал Бейсенбіде, аптаның қорытынды кезеңінде супержүлде ойнатылады.

«Сұрақ-жауап» ойынына қатысу үшін Сіз 317-545 телефонына немесе ұялы телефон арқылы 7889 SMS-порталына мына үлгідегі мәтінді: «ХИТ одан әрі бірінші таныстыру сұрағына дұрыс деп тапқан жауабыңыздың нөмірін» жолдайсыз.

Аптаның супержүлдесі
Әр аптаның бейсенбісінде сұрақ-жауап ойынының финалы өтеді. Мұнда алғашқы күндердің жеңімпаздары (Дүйсенбіден сәрсенбі аралығындағы ойын қорытындысы бойынша) бастапқыда жеңілдеу сұрақтарға жауап беріп, финалға шығатындардың кезегін айқындайды. Содан кейін жеңіл сұраққа ең бірінші жауап берген адам финал нәтижесін анықтайтын қиын сұраққа жауап береді. Финалға шыққан адам супержүлдеге ие болады.

Жүлделерді тапсыру
Сұрақ-жауап ойынының жеңімпаздары (іріктеу және финалдық кезеңнің) өз жүлдесін «Мега-Астана» ОСО-дағы «электрондық үкімет» шоу-румінен бейсенбі сағат 16. 00-ден кейін ала алады (ағымдағы жылдың 24 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында). Жеңімпаздарға жүлделер жеке куәліктері бойынша беріледі.

0
359
0