• 740
  • 12
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Сайлау жақындағанда Козлов құтырады

Сайлау жақындағанда Козлов құтырады

«Боранда бала мен ит құтырады» дейді халық. Ал сайлау жақындағанда «Алға» партиясының көсесі Владимир Козлов құтырады. Козловтың саяси науқандар қызған кезде бас көтеретін әдеті бар. Естеріңізде болса, өткен Президенттік сайлаудың қарсаңында ел басқармақ ойы бар екенін айтып, айды аспанға бір-ақ шығарған болатын. Таяуда Мәжіліс тарап, төменгі палата қайта жасақталатыны белгілі болып еді, жыл бойы шырт ұйқыда жатқан «Алға» партиясының көсемі тағы да әрекет ете бастады. Бұл жолы ол қайраткер ақын, тіл жанашыры Мұхтар Шахановқа қара күйе жағып отыр.

Тіл жанашырын жалған оппозиционер, өтірік саясаткер, желтоқсаншылардың атын жамылған қу деп айыптаған Козлов:

– Шаханов саясаткер емес. Шайқасып жүретін адамдардың шаласауатты болатыны белгілі,– деп көсіліп сұхбат берді. Бұл сұхбат қазір Youtube-тағы ең көрермені көп роликке айналып, жұртшылықтың ашу-ызасын тудыруда.

Шындап келгенде, Козловтың Қазақстанға қандай еңбегі сіңіпті? Шаханов атқарған тірліктердің жүзден бірін жасамағаны анық. Өткен Президенттік сайлау науқанында сайлауға қатысатынын айтып бас көтергенге дейін ол елдегі санда бар, санатта жоқ саясаткерлердің қатарын толтырып жүрген еді. Оны қарапайым халықтың арасына тегін «жарнамалап» берген басқа емес, желтоқсаншылар. Президенттік сайлауға түсетінін айтып, баспасөз мәслихатын өткізіп жатқан сәтінде желтоқсаншылар жұмыртқа жаудырғаннан кейін ғана Козлов жұртшылық арасында жұмырқадан жалтарып жүрген адамның бейнесі әжептәуір танылып қалды.

Енді міне, желтоқсан қозғалысының қаһарманы Шахановты жамандап, тағы да жұртты дүрліктіруде. Егер шынында да ұлтшыл-патриоттардан ала алмай жүрген өші болса, онда Жасарал Қуанышалин, Айсұлу Қыдырбаева сынды сұрқылтайларды сынауына әбден болар еді. Қазақстанда Шахановты білмейтін адам жоқ. Ол үнемі халықтың жағында. Ұлттық рухты қорғауды Шахановтан үйренсек артық емес. 1986 жылы Мұхтар Шаханов желтоқсан оқиғасына араласпағанда, алаңға шыққан жастар маскүнем, нашақор, бұзақы атануы мүмкін еді. Ал Козлов сияқтылардың жарамсақ пікірі Мұхтар ағаның беделіне нұқсан келтіре алмайды, оның мәртебесін одан әрі биіктете түседі. Козловтың Шахановқа жала жапқан тірлігі Крыловтың мысалындағы қанденнің келбетін елестетеді. Қазақтың зиялы тұлғасына баға беретіндей Козлов кім еді?

Youtube-тағы сұхбатын саралап отырсақ, Козлов басқа да өзекті мәселелерге қатысты пікір айтыпты. Әр сөзінің арасында бір тыныстап, сасқалақтап отырған түрінен саясаткердің өзіне деген сенімсіздігі байқалып тұр. Қазақстандық оппозицияны сырттан қаржыландырып отырған, бұрынғы оппозиционер, қазіргі қашқын Мұхтар Әбләзовты Козлов қайраткер ақын Мұхтар Шахновтан артық көретіні байқалады.

– ...Сен бизнесіңді өрт сөндірушілерге, санитарларға, салықшыларға, қаржы полицейлеріне, қадағалаушы органдардың бәріне пара бермей жүргізе алмайсың. ...Сол себепті Мұхтар Әбләзов те өз уақытында айналысқан... Өз бизнесін осы шындықтарды есепке ала отырып жүргізген болар,– деген «Алғаның» көсемі Әбләзовты парақор, лас бизнесмен деп мойындайды. Алайда оны қазақстандық оппозицияның демеушісі ретінде қатты құрметтейтіні көрініс тұр. Сонда, Қазақстанның заңнамаларын бұзғар, шетелде қашып жүрген қылмыскерді жақтаған Козловтың өзі кім дейміз?

Осы сұхбаттаКозлов талай төңкерісті бастан кешірген Қырғызстандағы ахуалға қатысты жағымды көзқарасын жеткізіпті. Бұл елдің тыныштығын, халықтың амандығын ойлайтын саясаткерге лайық сөз бе? Қырғызстанда төңкерістің кесірінен қаншама қарапайым халық қырылып, елдің экономикасы шайқалып, саясси сахнасы алпауыт елдердің ойын алаңына айналғанын әлем жұртшылығы көріп отыр. Қырғыздардың қайғылы хал-жағдайы қазір Орта Азиядағы елдер үшін түнде түсте ғана көретін қорқынышты жайт.

Егер Қырғызстандағы жағдай Қазақстанда қайталана қалса, бірінші болып шетелге бас сауғалайтын адам Козловтың өзі болатын шығар. Себебі, осы сұхбатта айтқанындай, әке-шешесі қазір Қазақстаннан Ресейге қоныс аударған. Оған қоса біздің елдегі саяси жүйе оған ұнамайды. Үш ұлы мен қзының мұндай елде өмір сүріп жатқаны да ұнамайды. Айтпақшы, оған Шаханов сияқты ұлтшыл қайраткерлер де ұнамайды. Ал осындай өзіне ұнамайтын нәрселерді саяси науқан қызған кезде айту Козловтың ескі әдеті.

 
matay74
21 ноября 2011, 11:07
416

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 12876
  • 26
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 8228
  • 98
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 7069
  • 5
В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

Получается, цены на бахилы не повышались, а кто-то повысил их самовольно. Я думаю, что на этом пытаются заработать. Позже я нашла ещё одну удивительную штуку:) Упаковка бахил в количестве 50 пар...
killer_slova
вчера / 9:15
  • 5956
  • 28
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 6061
  • 34
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4601
  • 47
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 4301
  • 20
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3979
  • 20
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3748
  • 15