Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
22:25, 16 ноября 2011

БИ- 2 немесе маған рок ұнап қалды

Иа, иа кеше алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында олардың концерті өтті. Негізі Рокқа қызығушылығым жоқ болатын, бар ойым даңғырлаған музыкадан не ұғуға болады деген ой ғана еді...

Сомен, БИ - 2 немесе роктың алматыда фанаттарының көп екенін байқап қалдым. Бізде небір жиындарға осынша халықты жинай алмасың анық. Кеше сарай толы болды, зал қосылып ән орындағанда роктың құдыретінің жастарда басым екенін көрсеткендей. Жоқ, олай емес бұл біздің санамызды улап жатыр деген ойлар күткен боларсыздар. Әрине, оның бәрі бар. Бірақ, музыкаға келгенде талас жоқ екенін ескеріңіз.

Маған ұнаған не нәрсе? Флейтаның үніңнің рок музыкасымен үйлесуі. маған ұнаған өнер иелерінің өз ісіне беріктігі, жандарын салып ән айтуы. Мақсаттары халықты алдап, ақша табу емес. Нағыз өнерге берліп ән айтулары. Өнерді құрметтеулері. Бізде, көбіне (әрине бәрі емес) әйтеуір ән айтсам, танымал болсам дегендердің қасында рок болсада өнерге берілгендікті дәлелдеу. Біреу үшін емес, өзіңнің жан дүниеңді бере алу, жеткізе алу. Міне, өнер.

Ұнады, кешелі бері рокты тыңдап жүрмін. Әрине, ауырын емес жеңіл - желпісін ғой. Негізі қандай жанрда, мағынадағы, қай тілде де болсада мен өзіңнің бір бөлшегіңді іздейсің ғой. Сол бөлшекті бере білгендей. Не дейміз енді, бізде де сондай әншілер көбейе берсін! Орда сияқты. Ой Би- 2 сияқты.

2
404
2