Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
1
08:47, 13 ноября 2011

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: ШОҚАН УӘЛИХАНОВ

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) –

қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы

ШОҚАН

 

Қазақ ойшылы, этнографы, тарихшысы, географы, ғұлама ғалымы және ағартушысы Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері мен қоғамдық көзқарастары бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпайды. Оның «Абылай», «Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары», «Сібір қарамағындағы қазақтардың сот реформасы туралы записка», «Жоңғария очерктері» атты мақалалары халқымыздың қалыптасуы мен дамуы туралы баяндайды.

Мәселен, «Абылай» мақаласында Шоқан даңқты ханның өмір жолына шолу жасайды. Сол заманның қазақтар үшін ерлік дәуірі екендігін айқындайды. Ханның көптеген басшылық сынынан өтіп, жау қолында тұтқында болған кезеңдері туралы айтады. Оның түбі терең болжағыш саясаткер екені анықталады.

«Шаман дінінің қазақ арасындағы қалдықтары» атты мақалада ғалым қазақ халқында шамандықтың қалдықтары туралы да ғылыми тұжырымдар келтіреді. Халқымыздың ислам дінін ұстанатынын, оның ішінде шаман ғұрыптары мен ырымдарын тұтынуы анықталады. Сонымен қатар, өлген ата-баба рухтары, аруақтар, немесе оргондар, шамандардың емдеу тәсілдері мен табыну нысандары, садақаға сойылатын малдар, қазақтардың космологиялық ұғымдары, жаратылыстағы киелі күштер туралы сөз етеді. Осы мақаласында Шоқан «Өлі мен тірі туралы және олардың достығы туралы ертегі» ұсынады. Өлі жігіт пен тірі жігіт арасындағы достықтың мәнін айқындайды. «Балам, есіңде болсын, елсіз жерде кездессең... моланы құр қалдырма, егер оған түнде кездессең түнемей өтпе», - деген сөздері дәстүрді ұстану мен өзгенің кеңесін тыңдау, жігіттің жолбарыстарға ұмтылуы батырлықтың қажеттілігін дәріптейді.

Шоқанның «Жоңғария очерктерінде» Жоңғар тауларының табиғи ерекшеліктері, жануарлары, бұл елдің ертеден қалған ескерткіштері және бұл елдің тұрған халықтары туралы айтып өтеді. Көшпелі тұрмыс үстем болған Жоңғарияда отырықшылықтың да болғаны туралы Чига қаласындағы алғашқы тарихи мәліметті пайдаланады. Сонымен бірге, сол төңіректегі діни бірлестіктер жайында да материалдар келтіреді.

1
4639
0