Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
3
08:47, 10 ноября 2011

2012: АДАМЗАТТЫ АЛДА НЕ КҮТІП ТҰР?

Blog post image

Жиырма бірінші ғасыр басталғалы жер бетіндегі адамзатты «заманақыр» атты қорқыныш  жаулап алды. Небір сәуегейлер көріпкелдік жасап, «адам баласының күні бітуге таяу, соңғы күнге дайындалыңдар» деп халықты қоймай үрейлендіруде. Бұл аздай, ежелгі Майя күнтізбесіне сәйкес «2012 жылдың 21 желтоқсаны күні ақырзаман орнайды» деген пәлекетті шығарды болжаушылар. Расымен 2012 жыл адамзат үшін қатерлі болмақ па? Қазір жұмыр басты пенделердің көбісі осы жағдайды көбірек ойлайтын тәрізді.

Жұрттың бұлай үрейленетiн де жөнi бар. Соңғы ширек ғасыр бойында АҚШ түсiрген, адамзаттың басына ақырзаман келген күндi бейнелейтiн кинолар жұрттың ең сүйiп көретiн тамашасына айналды. Жер сiлкiнiсiн, су апатын, жанартау қопарылысын, мұз дәуiрiнiң келуiн, атмосфераның жойылуынан келген апатты, жатпланеталықтардың баса-көктеп келiп, адамзатты қырып-жоюын, тағы басқа көптеген сұмдықтарды тақырып еткен кинофильмдер өтiмдi, қаржыны көп табатын пайда көзi екенiн түсiнген алпауыт компаниялар да аянып қалмауда. Шынайылығы жағынан бiрiнен-бiрi өткен кинолар бiрте-бiрте жұрт санасына шынында жер бетiне зауал таяп келе жатқандай әсер ете бастады. Бұның арты үлкен қоғамдық үрейдiң етек алуына айналып отыр. 2009 жылы АҚШ түсiрген «2012» атты осы тақылеттес қорқынышты фильмнен соң, жұрт расында «ақырзаман таяп қалыпты» деген қауесетке шын сене бастағандай. Бұл киноның жұрт арасындағы дүмпуi басқа кинолар сияқты уақыт өте келе өшкiн тартпастан, қайта, 2012 жылдың жақындауымен күшейе түскенi байқалады.

Толық оқу

 
3
537
0