Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
12:06, 29 октября 2011

СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІН АЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ, ӘЙТПЕГЕНДЕ...

Blog post image2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде қолданыстағы СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) және ӘЖК (әлеуметтік жеке код) орнына жеке тұлғаның сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) енгізілетін болады. Бұл жаңашылдық алдымен республика бюджетінен бөлінетін зейнетақы, жәрдемақы сынды әлеуметтік төлемдер үшін өте маңызды. Себебі, алдағы жылдан бастап елімізде СТН мен ӘЖК өз күшін жойып, олардың орнына тек қана 12 саннан тұратын жеке сәйкестендіру нөмірі қолданылатын болады. Алайда, тұрғындар арасында осы жүйені әлі күнге дейін түсінбей жүргендер де бар көрінеді. Айталық, бүгінгі күнге дейін Павлодар қаласының зейнетақы және жәрдемақы алатын 9 тұрғынында жеке сәйкестендіру нөмірінің мүлдем жоқ екендігі анықталды. Егер, олар тез арада құжаттарын реттемесе, келесі жылы зейнеткерлер зейнетақысынан, ал балалар жәрдемақысынан қағылуы мүмкін.

толығырақ

0
652
1