Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:31, 20 октября 2011

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі: 20 жылдық тарихи белес

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ

ЕВРОСОЮЗ

 

1998 жылдың бастамасы 15 қаңтардағы халықаралық саясаттағы орнымызды күшейтуден басталды. Осы күні еліміз Европалық одақ елдері арасындағы әріптестік пен ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қойды. Еуропалық Одақ – 1993 жылы Маастрих келісімімен бекітілген және аймақтық интеграцияға бағытталған 27 европалық мемлекеттердің экономикалық және саяси ұйымы. Бүгінде Одақтағы заңдардың стандартты жүйесінің көмегімен азаматтардың еркіндігін қамтамасыз ететін жалпы нарық қалыптасқан. Одақ ішкі саясаттағы заңнамалық құжаттар мен қаулылар қабылдап, аймақтық даму, ауыл шаруашылығы мен саудадағы жалпы саясатты жүргізеді. 17 мемлекет өз аймағында ортақ валюта евроны енгізген. Еуропалық Одаққа мүше елдердің 1957 жылдан қалыптасқан тізімге қарасақ, төмендегі елдерді көре аламыз: Бельгия, Германия Федеративтік Республикасы, Италия, Люксембург, Нидерланды және Франция. Бүгінде аталмыш елдерден бөлек Австрия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Чехия, Швеция мен Эстония мүше. Сонымен қатар, Европадан тыс мына аймақтар ерекше мәртебеге ие: Азор аралдары (Португалия), Гваделупа (Франция), Канар аралдары (Испания), Мадейра (Португалия), Мартиника (Франция), Мелилья (Испания), Реюньон (Франция), Сеута (Испания), Француздық Гвиана (Франция).

0
259
0