Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:02, 20 октября 2011

Ғашық болғым келеді,

Қашанғы қайғырып жүресің? Жаның да шаршайтынын енді білдім...

Ғашық болғым келеді... Ес-түссіз, еркімді беріп, түнімен еңіреп, күнімен күн боп жадырап, асым батпай, бір көруге асығып, үсігіп, бойынан бір мін көрмей ғашық болғым келеді. Мейлі ол жауапсыз сезім болсын, өйткені сүю бөлек, ғашық болу-мүлдем бөлек. Мұның бәрі тек қана эгоисттік, нәпсінің қозғанынан болатын сезім. Соны тағы да сезінгім келеді. Махаббаты құрысын! Керегі - бойыма сыймай, кеудемдегі жүрегіме қанат бітіріп, биікке самғататын, сағындырып, ойлай ойлай ойымды тоздырып, жүйкемді құртатындай сезім. Ынтық болу. 5 жылдан бері ешкімге ғашық болмаппын... Сағындым ғой деймін. Әлде арзан, сапасыз, жылауық мелодрамалардың әсері ме? Білмеймін, әйтеуір бір кереметті сезінгім келеді... Жұрттың бәрі көктемде көркейіп, жүректері бүр жарып, көңілдері күлімдеп, мәз болатын, ал маған күздің ықпалы осы. Өз бойымдағы жылудың аздығынан, альтернативті жылу көздерін іздеймін бе, оның өзі санамның түбінде жатып, мені ойыншықтай әрі бері қимылдататын өзіме де беймәлім күш. Ырықсыз. Менің еркімнен тыс.

******

Мониторға телміріп қараудан көзім ауыратын болыпты, көзілдірік алу керек екен....

0