Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:27, 20 октября 2011

Жастар жайлы және жастарға арналған жоба!

Blog post image 

Blog post image«31 арнадағы» «Алға, Жастар!» әзіл-оспақ  қойылымдарының авторлары атышулы Yellow Black and White думанды жобасының мүшелері. Тәжірибелі КВН ойыншылары «Даешь, молодежь» және «6 кадров» секілді танымал жобаларды тудырған болатын.  Олар күлкілі қойылымдарды ойлап тауып, түсіру барысына да белсенді атсалысып, кейіпкерлерді келістіре сомдайды.

«Алға, Жастар!» - комедиялық қойылымдарының желісі қарапайым адамдардың күнделікті өмірінен алынған.

 

Мусье Бақыт және Ko...

Аудандағы беделді тұлға Мусье Бақыт пен оның жігіттері Ванчола, Дася, Амбал, Сары. Қылмыскерлер ауданында тұрады. Олардың бар шаруасы ішімдік ішіп, шемішке шағу, өтіп бара жатқан адамдардың ұялы телефоны мен ақшасын тартып алу. Кейіпкерлер көше сотқарларына тән сөздерді қолданып, солардың тілінде сөйлеуге тырысады. Ең жиі айтатындары – «Любезный» және «Опа, стояночка». Өз істерінде «Делать красиво» тәртібін ұстанады. Бұлардың пікірінше қараулықпен ақша тауып отырған, зиялы адамдармен жиі жолығып тұрады.  Кейде жергілікті хұқық қорғау орындарына да бас сұғуға мәжбүр болады. Мұндай сәтте екі жақ та өздерін көрсетіп қалуға тырысады, нәтижесінде олардың әрекеттеріне күлмеске шара жоқ.

Братандар...

Рус пен Баха – екі бәсекелес қылмыстық топтың басшылары. Олар шешен, адуынды, дөрекі... Бұл дөкейлер әзілді ұнатпайды, тек есеппен сөйлейді. Қымбат көліктер мінеді, өзара күш сайыстырады. Әр бөлімде Баха мен Рус 90-шы жылдарға тән әдіспен мәселе шешеді. Өздерінше бір-бірінен басым түсу үшін түрлі әңгімелерді айтады. Сырттан қараған жанға олардың ақымақтығы күлкілі көрінеді.  

Бақсы...
Алаяқ-әулие көмек іздеп келген аңқау да, сенгіш жандардың арқасында байлыққа кенелді. Ол  ішінде қызыл сұйығы бар түтікшенің көмегіне сүйенеді. Айтуынша, бұл қасиетті су - ана дүниемен байланыс орнатушы. Бақсыға еңбек етуден гөрі, сыйқыр арқылы армандарына оңай қол жеткізуді көздейтін жастар жиі келеді.

Студенттер...
Бүкіл оқу жылында тек қана  көңіл көтеру қамымен жүрген студенттер Болыч пен Серыйдың білім алуға  уақыты жоқ...Алайда, сынақ, емтихан, билет деген тықыр таянды. Епті жігіттер, ең қиын сәтте жол табады, бірақ... тағы да «қайта тапсыруға» тура келеді.

Сәнқой құрбылар...

Жеңіл ойлы құрбылар Бема мен Айка көңілді кештерді, дүкен аралағанды және дәулетті азаматтарды жақсы көреді. Ақсүйек жігіт табу мақсатында олар ең қымбат орындарға барып, үнемі күлкіге қалып жүреді.

а3к NEWS – дағдарысты кабельды арна...

«Күн сайын өзге арналардағы жаңалықтарды үзбей бақылап отырамыз. Біздің бюджетіміз тым аз, алайда құлшынысымыз өте жоғары. Әділдік, кәсібилік және осы ұғымдарды елемеу – біздің басты ерекшелігіміз. Дағдарысты арнада жаңалықтар. Жіберіп алмаңыздар». 

 «Алға, жастар!» - күлкілі, сөйте тұра – үйретері мол, астарлы әзілге толы. «Алға, жастар!» жобасын жасаушылар мен оған қатысушылар әлеуметтік қызметтің рөлін орындауда – қоғамның кемшіліктерін күлкіге қосып, өткір әзілдері арқылы өздері сомдап жүрген кейіпкерлердің прототиптеріне ой саламыз деген үмітте.

«31 арнада» тұсаукесер! Сенбі күндері 15.30-да. Өмірге күлкімен көз сал!

0
1637
1