Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:01, 20 октября 2011

ҚЫЗЫЛОРДА "БОЛАШАҚ" УНИВЕРСИТЕТІ

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Қадірлі әлеумет!!! Ұзақ жоғалып кеткенім анық. Жұмыс көп болды. Соңғы жазбамда өткізген шара туралы жазыппын. Қорытындылап айтсақ...

«Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастық бастауы, ырыс – берекенің алды», - дейді дана халқымыз. Қай ұлттың болса да алтын тамыры, табан тірер тірегі – АНА ТІЛІ. Отанымыз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бергі уақыт ішінде қазақ топырағын береке бірлікте, тату тірлікте, достықтың әдемі үлгісінде мекен етіп жатқан ұлт пен этностардың тіліне ерекше мән беріліп, Қазақстан халқы тілдері мерекесі әр жыл сайын тойланып келеді.

Сол үрдіс биыл да күздің алғашқы күнінен «Болашақ» университетінде басталды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қызылорда облыстық хатшылығының, Қызылорда «Болашақ» университетінің педагогика факультеті қолдауымен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты мерекелік кешті 2011 жылдың 23 қыркүйегінде өткізді.

Бұл кешке «Орыс қауымы» Қызылорда филиалының директоры Толокоников Владимир Петрович, өзбек этномәдени орталығының төрағасы Ашур Халилұлы Хамидов, Шешен этномәдени орталығының төрағасы Исаев Мовлади Могамедович, Қырғыз этномәдени орталығының төрағасы Сақтапберген Әнесұлы Жұбатханов, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім бастығы Жұмабеков Бексұлтан Жаңабайұлы қатысты. Кешті факультет деканы, саяси ғылымдарының кандидаты М.Ө. Насимов қорытындылап, белсенді қатысқан студенттерді марапаттады.

Жалпы бұл шараның негізгі мақсаты тіл туралы тағылымдар арқылы көрермендерді адамгершілік қасиеттерге баулу, азаматтық бейнелерін қалыптастыруға бейімдеу, ел тағдырын түрлі тілдерде мәнерлеп оқытып, халқымыздың алтын қазынасына айналдыру. Халық мәдениетін тіл арқылы насихаттап, ана тілінің өміршеңдігін көркем тілін жеткізе білуге ұмтылу болып табылады.

Бұл жөніндегі Интернеттегі материалды мына сілтеме бойынша таба аласыздар: http://www.kyzylorda-news.kz/page.php?page_id=33&lang=2&article_id=2924

0
376
0