Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
14:12, 24 сентября 2011

ҚЫЗЫЛОРДА "БОЛАШАҚ" УНИВЕРСИТЕТІ

Ассалаумағалейкум, қадірлі әлеумет!!! Күнделікті жұмыс барысымен блогқа назар аудару қиын болып кеткені анық. Қызығушылық танытқан азаматтар мен азаматшалардың бар екеніне қуанып жатқан жағдайым бар. Барлығы "Болашақ" университеті туралы сұрайды. Университет келбетін төменде 15 жылдық қарсаңында дайындалған суреттен көруге болады. Алдағы уақытта да жаңалықтарын айтуға дайынмын.

Факультет деканы қызметіне кірісіп, қолымыз жұмыстан босамай кетті. Тіпті, екінші айда берілетін есебімді де ұмытып кетіппін. Барлығы оңалар деп ойлаймын.

22 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері мерекесі екені аян. Бір апта көлемінде байырғы кафедра меңгерушілігі қызметін атқарған Тарих және филология кафедрасы сәтті өткізді. Ол туралы алдағы уақытта, бәлкім, ертең, одан кейінгі күндері айтарым анық, әлеумет!!!

Blog post image

Жалпы, кірісіп кеткен факультет туралы айтсам, ол Педагогика факультеті. Факультет өз құрылымында 3 кафедра біріктіріп отыр. 24 мамандық бойынша бакалаврлар, 3 мамандық бойынша магистрлар дайындаймыз. Қосымша сұрақтар болса маған хабарласыныздар!!!

0
1266
0