Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
14:29, 10 сентября 2011

Абай Кунанбаев

Есіңде бар ма жас күнің,

Көкірегің толық, басың бос

Қайғысыз, ойсыз, мас күнің?

Кімді көрсең - бәрі дос.

 

Махаббат, қызық, мал мен бақ,

Көрінуші еді досқа ортақ .

Үміт жақын, көңіл ақ,

Болар ма сондай қызық шақ?

 

Құдай-ау, қайда сол жылдар,

Махаббат, қызық, мол жылдар?!

Ақырын, ақырын шегініп,

Алыстап кетті-ау құрғырлар.

 

Жалынасың, боқтайсың,

Сағынасың, жоқтайсың.

Махаббат кетті, дос кетті, -

Жете алмайсың, тоқтайсың.

 

Көзіме жас бер, жылайын,

Шыдам бер, сабыр қылайын.

Жаралы болған жүрекке

Дауа бер, жамап сынайын.

 
0
925
0