• 19630
  • 56
  • 4
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақ кім десеңіз...

Қадірлі Елбасы!

Ардақты әлеумет!

Жұмыр жерді мекендеген 6 миллиардтан астам адам баласының 12 миллионы қазақ дейтін ұлт екен. Сол әлемдік қауымдастықта біздің орнымыз қандай? Бағамыз нешік? Береріміз не? Нені талап ете аламыз? Келешек не болмақ? Мұндай сауалды әр ұлт өзіне қойса керекті. Және соның үдесінен шығуға талап етуі қалыпты құбылыс. Елге тұтқа әрбір елдің көкейіндегі ізгі сауал осы.

Сонымен тарихқа терең бойламай-ақ  адамзат тарихындағы алапат ғасыр – 20 ғасырдағы қазақ ахуалын сөз етсек, өз елі өз жерінде отырып қазақтай геноцид  кешкен қасіретті ұлт жоқ екен. Мешін қырғыны – 32 жылғы ашаршылық – 43 пайызынан  айырса, 30-жылдардағы саяси нәубет -  ұлт қаймағын  сыпырды.  Екінші дүниежүзілік  соғыстағы қынадай қырылған боздақтар, одан соңғы советтік саясат жемісінен болған жасанды  ассимиляция.  Осынша қасіретті бастан өткерсе  де, ұлт қуаты кеміген жоқ.

Адамзатты  аждаһадай жапырған  фашизмнің  ордасы рейхстагта  алғашқы жеңіс туын кім тікті? Қанұйлы   рейхстагтың  қабырғасына тиген  алғаш  алақан кімдікі еді? Ол қазақтікі. Кәдімгі Қошқарбайдың Рақымжаны еді. Сол фашизмнің  көмейіне көлденең келген Мәскеуді  жаналқымға келгенде  қорғағандар кім еді?  Ол алаштың  даласынан аттанған қандастарымыз еді.  Бауыржан Момышұлы!!!  Жау аспанында  қырғидай  шүйілген кім еді? Екі рет батыр атанған Бигелдінің  Талғаты еді! Қазақ жауынгер болмаса, қазақ әлсіз болса  осындай қырандарды туар ма еді? Ері түгілі қан майданда  қыздары қырғын салатын Әлия мен Мәншүкті айтып уақыттың  обалына  қалмай-ақ  қояйын. Әлемдік инженериядағы  орнын ойып алған  Қаныштарды айтсам соны  соқпаққа түсіп алып, тағы да ұзақ кетермін.

 

Қазақ кім десеңіз,  тағдыр талайымен  қайғы кешіп  келген чешен мен неміске, ұйғыр мен кәріске  өзі жарымай отырып  жеп отырған нанының  жартысын бөліп беріп, аман сақтап қалған дархан жұрт, кеңпейіл ел. «Қазақ осындай болмаса,  қырыларымыз анық еді», - деп қазаққа мәңгі алғыс айтатын  сол қасіретті  жұрттардың алғыс-батасы шығар, бүгін етек-жеңімізді жауып,  үзеңгілестен  бас оздырсақ.

 

Қазақ кім десеңіз,  кешегі кеңестік империяның  зымиян  саясатына  тосқауыл болған елдің намысы,  алаштың атақонысы үшін   басын қатерге тігіп, қасқиып берген  Жұмабек Тәшенов. Қазақ ол біздің – бұла ұландар! Ат төбеліндей  қазақ әлем олимпиадасыүшін адамзатқа  айқындаған менің  Ермаханым, Бекзатым, Бақтиярым.т Алысқанын атып ұрған  Жақсылығым, Дәулетім!

 

Қазақ кім десеңіз - қабырғалы жұртын  Қытайдың құрсауынан  Тибет асырып  тіліп шыққан  Қалибектер, Оспандар.

 

Қазақ кім десеңіз, - сыйласқанға сыралғы, монтиған момын, ашынса арлан, қорланса қобыз боп  аңыраған, жарасы жан сыздатса  да жасымаған жайсаң  жұрт,  жауласса жасын боп  жарқылдаған алдаспан ел.  Оның дәлелі – қылышынан қан тамған  империяның іргесін алғаш шайқаған  86-ның желтоқсаны – қазақтың жастары.

 

Қазақ кім десеңіз – тәуелсіздігі қолына тиген ел.

 

Қазақ кім десеңіз – тізгіні қолына тиген шақта, бағы беймәлім боп аңырап тұрған кезде, тыңнан тесіп  жол салып, «соқтықпалы соқпақсыз » сергелдең  шақта  жорғадай жосылып жол тапқан  Нұрсұлтан Назарбаев, ағайын! Саясат - сонарында  аңшы- дәуірмен атайыдай арбасып, парасат пен саясат жүргізіп, ақсақалдың ақылына, елдің сабырына, жастың  жалынына сүйеніп, сергелдең кешсе де, сертінде тұрып, сүйреп берген  сүйінерге  лайық ерің  - сол қазақтың баласы!

 

Өтпелі кезең дейтін  өте жауапты бұралаң шақ – бұта шайнар бураның  аузындай босамауға міндеттеді. Мың қиысқан желінің  қазығындай мылтылықты  талап етті. Нартәуекелге жүгіндік.  Алла жар болды.  Алып шықты! Аузымыз аққа тиді. Аузымызды айға білеген  Азиядағы алдыңғы елдіктен  дәме қылуымыз қисынға сайды. Арман ақиқатқа айналғандай. Маңыздыдан бастадық.  Бұл – тоқмейілсу емес. Тоқмейілсу – тоғышарлыққа бейімдейді. Бұл – Жаратқанға мадақ айтқан қанағатымыз. Қанағат қарын тойғызыпты. Жүрекке мейір салыпты. Мейірлі жүрек – мұратшыл. Маңыздыдан бастадық...

 

Керектіге ойыссақ!  Қажетсізден аулақтап, қатерліден сақтансақ! Маңыздымыз – бағытқа тұғыр иманды елдің бірлігі, керектіміз – барында ұқсатқан  елдің ауқаты.  Қажетсізі  - елеске елігіп,  қағынан жеріген  қасиетсіздік.  Қатерлігі – алaуыздық!

 

Атақазақтың осы қасиетінен  айырылып қалмай , алға озытын ұрпаққа  зәру шақ.

 

Түгін тартса, майы аққан  Қазақстан бүгінде  талайлардың  көзқұртына   айналып отыр. Іргесін шайқаса ғана  сол байлықтан үлес  аларын жақсы білетін тілеуі жаман пасық маңымызда көп.  Дінінің  алалап, миссионерлерін  тоғытып, азаматтарымызды азғырып, елді аздыру үшін  қапсыра құшақтаған боп  қабырғаңды санап, қазынамызға емінген  қайманадан  қорғанбаққа қам қылу – міндеттің  зоры. Сондықтан қазаққа бүгінгі  керек нәрсе – тастүйін тұтастық. Қобыланды батыр мен Ақжол бидің  арасында кикілжің  кісі өліміне, оның соңы елдің айырылуына  әкеп соққан  тарихтың ащы сабағы – қазақ жадынан  бір сәтке ұмытылмаса  керек-ті. Тарих дейміз.  Тарихты мақтану үшін емес – тағылымынан ұрпақ  милану үшін, ойлану үшін қажет ғылым.  Қараңызшы! Білесіздер!  Шалкиіз бен  би Темірдің  арасынан аламысық өтіп, қырғиқабақ болып  қалған шақта ордадан  шеттетілген жырау  Темірге өкпе айтады. Бірақ өлімге қиған кезі жоқ. «Сен мендей – ақсың. Артық ештеңең де жоқ» дегендей. Жырау: «Тебінгінің  астынан ала балта  суырысып тепсінісіп келгенде, тең атаның ұлы едің дәрежеңді артық етсе  тәңір етті » деп тепсінеді де, бірақ ел ымырасын, жұрт берекесін  алтын басының қадірінен  әлдеқайда жоғары қойып, не дейді?! Білесіз бе?!

 

«Сен – сұңқарсың, мен – қумын, сен – ұлтансың, мен – құлмын, сен – жібексің, мен – жүнмін, сен – алтынсың, мен – пұлмын, жемсауыңа келгенде, сұлтан ием  сом жүрегім аяман!» деді. Өз қадірін біледі емес, ел бірлігі жұрт  тұтастығының  құны ештеңемен салыстыруға болмайтын еді. Ағайын!  Ата қазақтың осы асыл қасиеті бүгінгі бала қазақтың  бойында бар ма? Қанда бар қайта келер бәлки!

 

Өркениетті деген еуропалық әскер шегініп бара  жатып, өзінің бұйырмаған Варшаваны қызғанып, талқанын шығарып кетті. Ал біздің атақазақ  Еділді тастап бара жатқанда не істеді?!

 

«Жабағылы  жас тайлақ  жердей атан  болған жер. Жетім қалып бір тоқты  жайылып мың қой болған жер. Жары менен сайы тең , жалысы мен байы тең. Боташығы бұзаудай, боз сазаны тоқтыдай. Қайран да менің Еділім» деп егіліп-егіліп алып, сосын айтады:

 

Қайырлы болсын сіздерге  бізден қалған Еділ жұрт!

 

Бұл – дархан қазаққа ғана тән қасиет!  Гуманистік қадамның шыңы, шынайы үлгісі Қазтуғандардан  қалған, яғни қазақтан  қалған! Біздің тарихымызды  зерделей білсе  тани алар  өресі болса, әлемге үлгі  болар өнегесі бар елдің бірі – қазақ дер едім!

 

Бабалар аманаты – бірлік еді.  Бірлік – елім деген тарланының  талауға бермеуден танылады! Екі жарым ғасырлық орталықтан  соң тиген тәуелсіздіктің  құны – біз үшін тым қымбат! Әлем күрделі кезеңде.  Әлсізді күшті жұтқан күн, бөл де биле деген  сұрқия саяси  ережеге сүйенген  жаудың қақпаны қауып  қалмас үшін, қазаққа керегі – бірлік қана!  Төртеуді түгендеп төбеге қол созу! Алтау алаласып, ауыздағыдан  айырылу – арман адыра қалып, қасірет шегу қазаққа  керек емес! Бірлігі мықты, санасы сергек елге сыртан келер сергелдең жоқ.

 

Қауіп – бағын ел мен жердің  қадірінен емес,  ішкен сайын қаталаған  қарнымен өлшеген  ыдыны жаман құлдан. Қатер – тою үшін тонын,  баю үшін арын сатқан, жауға жағынған, ұлтын жазғырған, тілін қомсынған,  дәстүрінен жиіркеніп,  қағынан  жеріп  көсемсіген, дінінен  безіп  білімсіген  санасы  құлданған бейбақ ұлдан!

 

Құлдық сана сатқындыққа бейім. Ондай сорлыға ел ісінің  дұрысы мен терісі  бәрі бір бәс.

 

Сана құлдықтан айырмайынша, ұлтының қадірін, тілінің шұрайын ұрпақ түсінбейінше, ендігі жерде елдік  деп езу керу - әлек дүние.  Сондықтан сананы серпу үшін – бірлікті ту татулықты тұғыр ету – тура жол. Мың өліп , мың тірілген  енді мың бірінші рет  өлуге құлқы да, хақы да жоқ! Сондықтан  біріңді  қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос! Мен айтқан сөз емес, Абайдан жеткен  аманат, ағайын

Бекболат Тілеухан

Azabrazer
9 сентября 2011, 9:37
1644

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 13091
  • 26
Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Маргулан Сейсембаев: «Обучая детей в Англии, мы ментально растим граждан другой страны»

Они становятся «не казахстанцами. Центром их жизненных интересов становится другая страна и другая культура, не Казахстан. Они просто не видят себя в нашей стране, не хотят возвращаться и по сути мы...
Zhumanova
сегодня / 11:35
  • 8978
  • 7
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

В больнице пара бахил стоит 50 тенге, а оптом 4 тенге. Чувствуете разницу?

Получается, цены на бахилы не повышались, а кто-то повысил их самовольно. Я думаю, что на этом пытаются заработать. Позже я нашла ещё одну удивительную штуку:) Упаковка бахил в количестве 50 пар...
killer_slova
вчера / 9:15
  • 7325
  • 32
Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

Трамвайные пути Алматы ни в коем случае нельзя убирать, это окончательно уничтожит трамвай

В Алматы было сделано несколько заявлений касательно ситуации с трамваем, опять же не в пользу его восстановления и возвращения на улицы города. В городе собираются демонтировать рельсы...
SKYFALL
24 февр. 2017 / 16:01
  • 7662
  • 5
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 6489
  • 34
О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

О Димаше. Как же люди не поймут, что эстрада – это уныло, пафосно и скучно

Сплошные преувеличенные восторги в ленте фейсбука меня не удивляли. Нет пророка в своем отечестве, кумиром Димаш Кудайбергенов стал только после своего успеха в Китае. А представьте себе его...
myma
сегодня / 10:45
  • 5589
  • 60
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 4162
  • 20
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3868
  • 15