Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:52, 06 сентября 2011

Махаббат, қызық мол жылдар...

 Айтқым келгені, махаббат деген өмірдің өзі ғой. Өміріміз махаббат пен сүйіспеншілікке толы болуға тиіс. "Махаббатсыз дүние бос" деген Абай. Ал Абаймен қалай келіспессіз?

Менің өмірімді жарықтандырып тұрған үлкен махаббатым бар. Сол махаббатыма арнап жазған бойжеткен күнімдегі бір өлеңімді сіздерге оқытқым келді. Өлеңім жүректеріңізден үндестік тапса, пікірлеріңізбен бөлісерсіздер. Өлеңімнің көбісі сол өмірімнің көктемінде жазылған.

 

Көзіңнен сүйдім

Көзіңнен сүйдім...

Сен енді мені ұмытпа,

Жүректе жанған ғашықтық отын суытпа.

Өзіңдей басқа жаны сұлу туып па?

Сағынамын ғой, келе қоймасаң жуықта.

Көзіңнен сүйдім,

Алтыным, мені ұмытпа.

 

Көзіңнен сүйдім

Ол да бір маған жұбаныш.

Көріспегенде неге біз жүдеп тұрамыз?

Кездесер күнге бар көңілді бұрамыз

Махаббат деген біресе шындық, бірде аңыз.

Көзіңнен сүйдім,

Қайтейін, ол да жұбаныш...

 

Көзіңнен сүйдім,

Айналдым сенің көзіңнен!

Мен сені күтем сағынышты төзіммен.

Хатыңа басқан мәні бар әр бір сөзіңнен

Қуат аламын, хатыңды жастап көз ілгем...

Көзіңнен сүйдім,

Айналдым, жаным, көзіңнен!

 

                                                         01.10.04ж Ж.Слямбекқызы

0
1897
1