• 4188
  • 0
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Рамазан берекетімен халыққа жаңа қызмет

Мейірім-шапағатқа толы қасиетті Рамазан айы биыл бірінші тамызда басталды. Құран Кәрімнің асыл аяттары түсе бастаған мұсылман жұртшылығына береке әкелген бұл ай биыл да 29 күнмен бітпек. Ораза тұту уақытының биылғыдай жаздың аптап ыстығына келуі шамамен осыдан 35 жыл бұрын болған екен. Рамазан – жығылғанды демеп, жылағанды жұбататын жанашырлық айы. Иә, он екі айдың төресі болған қасиетті айда ораза тұту – мұсылман үшін бес парыздың бірі.

Ақтөбе облысы еліміздің батыс өңіріндегі мұсылман жамағаты көп аймақтың бірінен саналады, мешіттеріміз де жастардың дін жолына көптеп бет бұруына мұрындық болуда. Қазіргі таңда халық арасында дінге оң көзқарас қалыптасқанмен, облыс аумағында әлі де шешілуін күтіп отырған бірқатар діни мәселелер де жоқ емес. Әсіресе жастарды дәстүрлі ислам жолына насихаттап, қоғамды құрметтеуге тәрбиелеу басты мәселенің бірі.

Соңғы жылдары Ақтөбе облысында мешіттер саны өсіп, жамағатының  қатары да көбейіп келеді. Тіпті, рамазан айт пен құрбан айт намаздарында жамағат мешіттерге сыймай, көшелерге дейін шығып оқитын жағдайға жетті. Мешіттер жанынан құрылған уағызшылар тобы жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мекеме, ұйым басшыларының шақыруымен діни уағыз-насихат жүргізуде. Кездесулерде оған қатысушылар ғибадат, неке және отбасы, сенім, жастар мәселесі, намаз, кертартпа ағымдар мен жастар тәрбиесі, Әбу Ханифа мәзһабы жайлы сұрақтарға  қанағаттанарлық жауап алуда.

«Үйлеріңізді намаз және Құран оқумен нұрландырыңдар», «Менің үмметімнің ішіндегі ең құрметтісі – Құран иелері: (қари, хафиз, Құранды көп жаттағандар)». Хадис шариф.

Жылдағы дәстүр бойынша  облыстық Нұр Ғасыр мешітінде Түркия азаматы қари Жемалеттин Оруч тарауық намазында Құран хатым өткізуде.

Облысымызға Рамазан қарсаңында ротациялық ауыстыру жүйесімен келген өкіл имам Ә. Қ Дәуренбеков халыққа қызмет және мешіттер жұмысын ұйымдастыру үшін облыс жамағатымен, зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Діни хал-ахуалды бағамдап, орын алған өзекті мәселелерді бірлесе шешудің жолдарын қарастырды.

Облыстағы соңғы уақытта орын алған діни күрделі мәселелердің шешімін табуға нақты жұмыстар атқарылмаса, уағыз-насихат жұмысы, имамдар, молдалар, мешіттер жұмысы дұрыс ұйымдастырылмаса қандай нәтиже болатынын соңғы оқиғалар айқындап берді.

Қазіргі таңда, имамдармен қамтамасыз етілмеген бірқатар мешіттердің бар екенін жасырмаймыз. Мешіттерде имамдар тапшылығы тек Ақтөбе облысының проблемасы емес, бұл Республиканың күн тәртібіндегі мәселе. Еліміз егемендік алғалы бері Құдайға құлшылық ететін мінәжат орындары көптеп ашылып жатыр. Аталған ғибадатханаларды имамдармен қамтамасыз ету үшін Египет Ислам мәдениеті университеті, Республикалық имамдардың білімін жетілдіру институты және Қазақстанның аймақтарында 8 медресе қызмет жасауда.

Жоғарыда айтылған ҚМДБ құрамындағы Республикалық 8 медресенің бірі Ақтөбе облысында. Қазіргі таңда, бұл медресе Ақтөбе қаласы, Алға ауданы, Бестамақ селосында екі қабатты жаңа ғимаратқа көшірілді. «Ақтөбе медресесінің мерзімі шектелмеген мемлекеттік лицензиясы бар. (№ 0137342 2009 ж. 29 желтоқсан,) Жетекшісі ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Дәуренбеков Әбдімүтәлі Қайназарұлы. Қазіргі таңда аталған медреседе жалпы саны 49 шәкірт білім алуда. Олардың 20-сы дайындық курсында, 17-сі І-сыныпта, 4-уі ІІ-сыныпта, 8-і ІІІ-сыныпты тәмәмдады. Сонымен қатар, медреседе Ақтөбе облысынан басқа Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарынан білім алушы шәкірттер бар. Облыс аумағында орналасқан елді мекендерден мешіт салушы азаматтар, мешіттің құрылысын бастамас бұрын сол елді мекеннен екі шәкірт медресеге жіберіп отырса, имамдардың тапшылығы болмаған болар еді.

Медреседе жалпы саны 14 ұстаз қызмет атқарады. Олардың 11-і дін сабақтарын, 3-і дүние сабақтарын жүргізеді. Дін сабақтарын жүргізетін ұстаздардың 6-ы шетелде білім алғандар. Нақтырақ айтатын болсақ Түркия, Мысыр, Ливия, Сауд Арабиясы. Сонымен қатар, ҚМДБ мен «Әл-Азһар» университеті арасындағы келісім-шарттың негізінде 2 Мысыр азаматы жұмыс жасайды. Аталған азаматтар жергілікті атқарушы органдарында тіркеуге алынған.

Ақтөбе облысында аудан және ауылдарда орналасқан ҚМДБ -ға қарасты мешіттерге өкіл имамның ұсынысымен бірқатар имамдарды тағайындалды. Атап айтар болсақ, Темір ауданына қарасты «Шұбаршы ауылы мешітіне», Темір ауданының «Саркөл орталық халық мешітіне», Ембі қаласының «Ембі мұсылмандар мешітіне», Ақтөбе қаласы, Қарғалы поселкасының «Досжан хазірет» атындағы мешітіне имамдар, Байғанин аудандық орталық мешітіне наиб имам тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған дін қызметкерлеріне баспана беріліп, әкімдік тарапынан жалақы тағайындалып отыр. Елді мекендерге жіберілген имамдарға Ақтөбе облысының жаңа басшысы Архимед Бегежанұлы  Мұхамбетов мырза әрқайсысына 200.000 теңгеден ақшалай көмек көрсетті. Темір ауданына қарасты «Шұбаршы ауылы мешітіне» жаңа 2107 ваз көлігін сыйға тартты.

Болашақта облысымызда орналасқан имамы жоқ мешіттердің барлығын мамандармен қамтамасыз ету кезек күттірмейтін өзекті мәселе.

ҚМДБ-ның 10 тамыз 2011 ж, № 506 бұйрығымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Т. Қожамұратов қызметінен босатылып, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне найб имам болып тағайындалды. Негізі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінде соңғы кездері түрлі теріс бағыттағы жамағат топтарының жиналуына жол беру, мешіт тазалығының төмендеуі, есепшілік жұмыстың ретсіздігі осындай өзгерістерге себеп болды. Дегенмен, имам Т. Қожамұратовқа жаңа орнында кемшіліктерін дұрыстап, жаңа қырынан танылуына мүмкіндіктің берілуі Ақтөбе облысы өкіл имамының ұсынысы негізінде жасалды.

Мешіт жұмыстарындағы есепшілік қызметі де өте маңызды мәселе ретінде қарастырылу керек. Есебі дұрыс болмаған мешіттердің қаржылық қиыншылықтарға душар болатыны өмір шындығы. Сонымен қатар қасиетті Рамазан айында Ақтөбе қаласындағы мешіттерде пітір садақасын реттестіру, жемқорлыққа жол бермеу үшін өзгерістер жасалуда. Қазір Ақтөбе облыстық Нұр Ғасыр мешіті есепшісі ауыстырылып, мешіттің есеп жұмысы халық сенімімен жолға қойылды.

Нұр Ғасыр мешіті туралы ел аузында талай  түрлі өсек-аяң әңгімелердің шыққаны белгілі, қазіргі таңда Нұр Ғасыр мешітінде халықпен етене араласып, ашық та сапалы қызмет көрсету әзірлігі жолға қойылды. Бұл да жаңа өкіл имамның дұрыс жүргізіп отырған басқаруының арқасында.

2003-2005 жылдары діни маман тапшылығын назарға алып, Шейх Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти тиісті мекемелерге, облыс басшыларына хат жазып, мәселенің болашақта белең алуы мүмкін зардаптарын айтқан болатын. Өкінішке орай, сол олқылықтың әсерінен болған оқиғалар  баршамызды алаңдатуда. Ислам атын жамылған бірнеше жастар қателікке бой алдырып, Исламның құндылықтарын терең түсіне алмай арамызда үрей тудырғаны өкінішті. Халқымыз Ислам дінінің имам Ағзам Әбу Ханифа негізін салған құқықтық мектебін ұстанып келе жатыр. Қазақ мәдениеті мен Ханафи мектебі ет пен сүйектей біте қайнасқан. Халқымыздың діни ағымдарға бөлінгенін тарих сахнасынан кездестіру мүмкін емес. Сондықтан халықтың тыныштығын сақтап, ел арасында ынтымақ пен бірлікті насихаттау біздің мешіттеріміздің басты мақсаты. Сырттан келген, діннің атын жамылған идеялардан өскелең ұрпақты қорғау мемлекеттің де, біздің де мақсатымыз. Әрқайсымыздың міндеттеріміз әр түрлі болғанымен мақсатымыз ортақ, ынтымағы мен бірлігі жарасқан тату-тәтті ел болу.

Ақтөбе өңірінде ел тыныштығын сақтап халықты тура жолға бастауға, имандылықпен өмір сүруге бағдар беру үшін облысымыздағы жаңа облыс әкімі Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов мырзаның және облыстың жаңа өкіл имамы Ә. Қ. Дәуренбековтің қызметтерінің бастау алуы игі жақсылықтың нышаны деп есептейміз.

Аллаһ Тағала елімізге амандық, Исламға  күш-қуат,  отанымызға тыныштық, халқымызға ынтымақ пен береке, бірлік нәсіп еткей! Әумин!

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр»

орталық мешітінің баспасөз қызметі

nurgasyr
12 августа 2011, 6:52
829

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 янв. 2017 / 21:50
  • 30523
  • 18
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 5068
  • 22
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 янв. 2017 / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3884
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3949
  • 52
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 янв. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 янв. 2017 / 12:49
  • 3680
  • 35
Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Тайланд мы впервые посетили в декабре 2012 года. Полученные эмоции настолько были яркими, что в конце 2015 года мы решили еще разок слетать в Тайланд. Вспоминая Тай, первое о чем я думаю - горячий...
zhainar_d
17 янв. 2017 / 11:11
  • 3552
  • 24
Поправки в стиле «1937» не прошли. МИК отказалось от запрета анонимных комментариев

Поправки в стиле «1937» не прошли. МИК отказалось от запрета анонимных комментариев

Сегодня Министерство информации и коммуникаций исключило из законопроекта предложенные ранее нормы, предполагавшие «деанонимизацию» комментаторов и регистрацию блогеров.
openqazaqstan
20 янв. 2017 / 12:12
  • 2435
  • 22