Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 767 постов40 подписчиков
Всяко-разно
1
03:01, 27 июля 2011

ҚАЗАҚ АҚЫН-ЖЫРАУЛАРЫ МЕН ФИЛОСОФТАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КӨЗҚАРАСТАРЫ: МАХМҰД ҚАШҚАРИ

Махмұд Қашқари (1029 - 1101 ж.) –

түркі ғалымы

КАШКАРИ

М. Қашқаридың ХІ ғасырда жазған «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегі Орталық Азия өркениетінің тарихы бойынша маңызды дерек көздерінің бірі болып табылады. Бұл еңбек түркі тайпаларының мұсылман әлеміндегі ірі әскери-саяси жетістіктері дәуірінде жазылды. Сондықтан түрік тайпаларының тілі мен мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін көрсетіп қана қоймай, оны насихаттау ретінде бұл еңбек өз жемісін берді. Еңбек мазмұнына, әсіресе, оның алғы сөзінде Аббасид халифы әл-Мұқтадиға жазылған арнауына қарағанда, ол сол кезеңде рухани беделі мол басшы болғандығын көрсетеді.

М. Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі» еңбегін жазу барысында сол дәуірдегі түркілердің қоғамдық өмірі мен рухани дүниесін, ойтанымын сан алуан өзіндік сипатын әр жақты қамтып және негізгі материалдарын бес салаға бөліп қарастырған: белгілі бір тайпаға тән мәндігі дәл көрсетілген сөздер қоры (лексикасы); түркі тайпаларының мекен қоныстары жайындағы мәліметтер; түркі тілдерін топтастыру; түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер; түріктердің тарихи географиясы, этнографиясы, поэзиясы жайындағы мәліметтер (Жүншеев Р.Е., Төкенов Ө.С., Ізтілеуов А.Ә. Философия. –Тараз, 2007. – 231 б.).

Жалпы бұл еңбекте 29 тайпаның аты аталады, қазақ құраған халқын қыпшақ, оғыз, шығыл, т.б. ру-тайпалар бар. Онда 6600 түркі сөздеріне араб тілінде түсініктеме берілген. 242 бәйіт, 262 мақал-мәтел кіргізілген. Соның ішінде 675 сөз, 60 мақал-мәтел қазіргі қазақ тілінде ешбір өзгеріссіз, сол қалпында қолданылады (Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. 5 томдық шығармалар жинағы. – 2 том. – Алматы, 2008. – 103 б.).

ХХ ғ. басында түркі тілдес халықтар саяси, географиялық және конфессионалды ареалдарда бір-бірінен алшақ өмір сүрсе де, бұл еңбектің қолжазба көшірмесі түркиялық тілтанушылар зерттеулері нәтижесінде қазіргі түркілогияның шын мәніндегі құнды нәтижелілігін көрсетіп отыр. Бұл аталмыш еңбекті сараптауда танымал шығыстанушылардың еңбектері зор.

1
12157
2