Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:30, 24 июля 2011

профилактика для Патриотов

Мына Мукагали Макатаевтын оленин "отан суэм", "патриотпын" деп ор кокирек боп, жалган "активист" болып, айдаганы 5 ешки, ыскырыгы жер жарып журген замандастарыма арнаймын!!!
Биреуге улагат болар, биреуге сабак болар. Ал биреуге "профилактика" болар.
Ойымызды уштайык! Кур сойлегеннен ешнарсе озгермес!
Ей замандастарым! Коптин алдына шыгып соз сойлеу, халыкка корину, атакты болу, оратор болу - Отан сую ушин талап болмас! Аркайсымыз журген жеримизде Отан ушин кыбырлап журсек сонын ози жеткликти! Бос айгайдан тук шыкпас! Одан да ис кылайык, шаруа ойлайык!
Отан жалгыз Астанада емес! Казак деп соккан журекпен, Казак боп шаруа кылайык!
Тил деп айкайлаганнан тук шыкпас, бирак сол тилде оз отамызда сойлесек, талай исти тындырар едик!
Баримзиде жаксымыз, ата-анамыздын жаксы корген ул-кызымыз. Ендеше улттын улы болы алатындай болсак, кулкымыздын кулы болмайык!
Байтал тугил бас кайгыда Казактын талай боздактары жер, ел, тил, дил, бостандык ушин жанын берип кетти. Ондай заманнан кеттик. Колда бари бар, бостандык та, жер де, мумкиндик те! Ендеше ис кылалык.

Мына Мұқағали Мақатаевтың өлеңңн "отан сүйем", "патриотпын" деп өр көкірек боп, жалған "активист" болып, айдағаны 5 ешкі, ысқырығы жер жарып жүрген замандастарыма арнаймын!!!Біреуге ұлағат болар, біреуге сабақ болар. Ал біреуге "профилактика" болар.Ойымызды ұштайық! Құр сөйлегеннен ешнәрсе өзгермес! Ей замандастарым! Көптің алдына шығып сөз сөйлеу, халыққа көріну, атақты болу, оратор болу - Отан сүю ушин талап болмас! Әрқайсымыз жүрген жерімізде Отан үшін қыбырлап жүрсек соның өзі жеткілікті! Бос айғайдан түк шықпас! Одан да іс қылайық, шаруа ойлайық! Отан жалғыз Астанада емес! Қазақ деп соққан жүрекпен, Қазақ боп шаруа қылайық! Тіл деп айқайлағаннан түк шықпас, бірақ сол тілде өз ортамызда сөйлесек, талай істі тындырар едік!Бәрімізде жақсымыз, ата-анамыздың жақсы көрген ұл-кызымыз. Ендеше ұлттың ұлы бола алатындай болсақ, құлкымыздың құлы болмайық !Байтал түгіл бас қайғыда Қазақтың талай боздақтары жер, ел, тіл, діл, бостандық үшін жанын беріп кетті. Ондай заманнан кеттік. Қолда бәрі бар, бостандық та, жер де, мүмкіндік те! Ендеше іс қылалық.

   

Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген,

Не тындырдың «басымды иемменен»?

Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой

Отан үшін күйемін, өлем деген.

 

Өлім деген ерліктің қорегі ме?

Өлмей-ақ қой, өлімнің керегі не?

... Егер Отан сыңсыған орман болса,

Жапырақ боп жармасқын терегіне.

 

Самалы бол Отанның салқындаған,

Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң.

Семсері бол, Отанның қынабында

Сертке ұстаса селт етпей жалтылдаған.

 

Шетсіз, шексіз, қиырсыз, ұлы дала,

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

Сүй Отанды! Шыныңмен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына, қырына да.

 

«Жүз толғанып, күніне мың ойласам»,

Ақ басты алып анаммен шырайласам.

Қалай оны сүйем деп айта аламын,

Бірге күліп, қуанып, мұңаймасам?!

 

...Оңай сөз ғой Отанды сүйем деген

Іс тынбайды «жанамын, күйемменен...»

Өгей әке емес қой Отан деген,

Отанды мен Атамдай иемденем!

 
0
676
0