Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:52, 12 июля 2011

*Очень нашар училка*

Ештен кеш жақсы. «Өте нашар мұғалім», орысша айтқанда «Очень плохая училка» фильм туралы бір-екі сөз айтып кетейін. Жалпы оны көргеннен кейін көңілім қалды.

  • Біріншіден, сапалы және шынымен күлкілі комедияның бірі деп үміттеніп едім. Бірақтан өзімді жазық әзiлдердің жақтаушыларының қатарына қоса алмайды екенмін. Сондықтан трейлері фильмнен көбірек ұнады.
  • Екіншіден, өкінішке қарай, Кэмерон Диазтың бет-әлпеті нашарлап, әжімдері көбейіп кетіпті. Соған қарамай, өз рөлін керемет атқарды!
  • Үшіншіден, Джастин Тимберлэйкті жек көремін. Өзін «Мұғалімде» актер ретінде жоғары деңгейде көрсете алмағаны үшін емес, кезінде бейшара Бритни Спирсті тастап кеткенінен.

Бірнеше сарапшылар түпнұсқасында, яғни ағылшын тілінде, өте қызық деген пікір білдіріп жатыр. Әзірше оны тексеруге мүмкіндігім шектеулі. Менің ойымша, осы кинотуындыны қазақ тіліне аударса, қызықтау болатын еді. Әсіресе боқауыз сөздерді аударғанын естігім келіп еді. Бірақтан біздің керiтартпалы білім ағарту саласындағы қызметкерлер осы инициативаны қуана қарсы алатындардың ішіне кірмейтін еді. Керіснше, бұндай фильмді аудару, мұғалімдердің абыройын төккенге жатады деп шу шығаратын еді.

Дәмге және түске жора-жолдас жоқ дегендей, әрбір адамның өз жеке пікірі бар. Қысқаша, менің көзқарасым осындай.

П.С. Оқығаныңыз үшін үлкен рахмет!

0