Қазақша википедия мақалалар саны 50 000-ға жетті - Есть 50 000 статей в казахской википедии!
|
Соңғы кездері интернеттен қазақ тілінде ақпарат іздеген кезде материал википедиядан жиі табылатынын байқаған шығарсыздар. Мысалы, мен "спам", "үзеңгі", "Жалау Мыңбаев" сөздерін интернеттен іздегенімде google маған википедия беттерін ашқан кезде қатты таң қалған едім, мақалар сапасында да мін жоқ деуге болады. Кеше қазақша википедия мақалалар саны 50 000-ға жетіп, жалпы мақалалар саны бойынша қазақ тілі 52-орынға шықты, ал ТМД елдерінің арасында 6-ншы орын. Мында соңғы 3 аптадағы қазақша википедия материалдарының санының өзгеру кестесі: |
Наверное вы заметили что последнее время во время поисков информации в интернете на казахском языке все чаще материалы удается найти в википедии. Я например удивился когда при поиске слов "спам", "үзеңгі", "Жалау Мыңбаев" google выдал мне страницы из википедии, качество статей так же порадовало. Вчера количество статей в казахской википедии достигло отметки в 50 000 и по общему количеству статей казахский язык вышел на 52 место, а среди стран СНГ на 6-ое место. Это таблица изменений количества статей в казахской википедии за последние 3 недели: |
18/06/2011 – 29325 мақала/статья – 71 орын/место
20/06/2011 – 31983 мақала/статья – 68 орын/место
21/06/2011 – 32927 мақала/статья – 65 орын/место
23/06/2011 – 33824 мақала/статья – 64 орын/место
25/06/2011 – 36006 мақала/статья – 61 орын/место
26/06/2011 – 37849 мақала/статья – 60 орын/место
27/06/2011 – 38315 мақала/статья – 59 орын/место
28/06/2011 – 38628 мақала/статья – 59 орын/место
29/06/2011 – 40103 мақала/статья – 59 орын/место
30/06/2011 – 41077 мақала/статья – 58 орын/место
01/07/2011 – 43178 мақала/статья – 56 орын/место
02/07/2011 – 44739 мақала/статья – 55 орын/место
03/07/2011 – 45003 мақала/статья – 55 орын/место
04/07/2011 – 46764 мақала/статья – 54 орын/место
05/07/2011 – 47551 мақала/статья – 54 орын/место
06/07/2011 – 47663 мақала/статья – 54 орын/место
08/07/2011 – 49755 мақала/статья – 53 орын/место
09/07/2011 – 50261 мақала/статья – 52 орын/место
|
Деректер википедияның ресми сайтынан жиналған, мында орысшасын қарауға болады (жаңартылған деректерді көру үшін орысша сілтемемен өту керек). Күн сайын бақылап тұруға тырыстым. Орта есеппен алғанда күніне 1000 мақаладай жазылады. Егер авторлар осы алған беттерінен таймаса уәде етілген 200 000 мақала Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына шейін жасалуы әбден мүмкін. Бір айтып кететін жәйт, википедияда тек 18 тіл ғана 200 000 мақалаға ие (олардың ішіне әлемде кеңінен таралған араб, түркі тілдері кірмейді). Сонымен, егер "WikiBilim" қорының жоспары іске асса қазақ тілі википедияның топ-20 тілдеріне кіреді, және ТМД елдерінің арасында 3-інші орын болады. Әрине, енді адамдар өздеріне керек ақпаратты интернеттен қазақ тілінде таба алатыны жақсы, және ол қазақ тілінің дамуына тек оң әсерін ғана тигізеді деп ойлаймын, бірақ даму тек сан жүзінде ғана емес, сонымен қатар адамдардың өзара әңгімелесуі жүзінде жүрсе нұр үстіне нұр болар еді. |
Данные собирались из официального сайта википедии, здесь можно посмотреть на русском (для обновленных данных нужно перейти по русской ссылке). Старался следить каждый день. В среднем за день создаются около 1000 статей. Если авторы продолжат в том же духе то обещанные 200 000 статей к 20-летию Независимости вполне возможно будут созданы. Следует отметить, что в википедии только 18 языков имеют в своем активе 200 000 статей (и туда не входят такие популярные в мире языки как арабский, турецкий). Таким образом, если планы фонда "WikiBilim" осуществятся то казахский язык может войти в топ 20 википедии, и выйти на 3-е место среди стран СНГ. Конечно, хорошо что теперь люди могут найти интересущую информацию в интернете на казахском языке, и я считаю что это только поспособствует развитию языка в целом, но в то же время, хотелось бы чтобы развитие было бы не только на числах, а на реальном общении граждан. |

NoorBall
Комментарии
Вынеси этот список из таблицы просто.
Мен де осы туралы жазғанмын, керек болса оқыңыз: википедия қазақша, уикипедия қазақша сайты туралы жазылған elzhas-webmaster.idhost.kz