Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
3
04:00, 13 июня 2011

28 наурызда «Алматы» телеарнасында стражировка өткен кезім.

Бұл менің өмірімдегі алғашқы кәсіби жұмыстарыммын бірі болды. Жаңалықтар бөлімінің директоры
Жанар Байсемізовамен кездесер алдында қатты қобалжыдым.Бірақ кездесуім ойдағыдай өтті.Келесі күннен бастап сол «Алматы» телеарнасының жаңалықтар бөлімінде старижовка өтуіме рұқсат беріп,пропуск қағазын берді.Негізі мен 10 сыныпта оқимын,ал стажировканы тек (турасын білмеймін)1-2 курста оқитын студенттер өтеді екен.

3 тоқсанның 10 күндік дем алысынның 7 күнің естен кетпес әсерлерге толтырдым.

Мені  Алеся Николайвна және Жанна Рымбаева деген керемет журналист апайлармен қосып жіберді.

Blog post image

 

Blog post image

Менің алғашқы журналист мамандығындағы жұмыстарым сәтті басталды.Біз «Центр Перинатологии и детской Кардиохирургии» орталығының ашулу алдындағы таныстыруын қала әкімі Ахметжан Есімовпен араладық.

 

Blog post image

Blog post image

Бұл орталыққа қысқаша тоқталсақ:

Blog post image

Орта Азия елдеріндегі заман талабына сай жабдықтармен жабдықталған ең алғашқы жүрек ақауы бар  болашақ аналарға арналған перзентхана.

Перинаталды және балалар кардиологиялық хирургиясы орталығында науқастарға барлық жағдай жасалған. Ыңғайлы және жайлы қонақ бөлмесі. Аналарға арнайы тағамдар даярлайтын асхана.  Болашақ аналар мамандардан күнделікті кеңес алатын болады.

Орталықтың ерекшелігі мұнда туа біткен жүрек ақауы бар нәрестелерге дер кезінде ем көрсетіледі. Яғни бұрындары сырқаттанған балаға көмек көрсету үшін жедел түрде шетелге жөнелтетін болса, енді бірден орталықта операция жасалады.Озық технологияның жетістігі призмафлекс қондырғысы да бар мұнда. Бұл құрылғы арқылы қан құрамын тазалайды. Бұл аппарат бұған дейін қалалық перинаталды орталықта болған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған трансформер төсегі де қарастырылған.

Blog post image

Әр палатада арнайы доптар, швед қабырғасы орнатылған. Мына арқанның да өз мәні бар. Бұл арқылы дәрігерлер бұрынғы замандарда пайдаланылған босану тәсілін қайта қолданысқа енгізбек.

 

Blog post image

Негізі бұл орталықта болашық аналарды 3 түрлі әдісімен нәрестені  дүниеге келтіре алады.

 

Жаңа мекеменің мүмкіндігіне Есімов оң бағасын берді.Орталық жаз мезгілінде ашылмақ. Қазіргі уақытта қалған қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс берілді.

 

Blog post image

3
945
2