Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:55, 07 июня 2011

в Казахстане официальный и государственный язык казахский...

в Казахстане официальный и государственный язык казахский. Кто не согласен пишите комменты в тему, если непонятно текст материала переведу по частям.

Текст материала:

Осы мәселе көп айтылып, көп жазылып жүр. Кезінде өзіміз де мәселе етіп көтердік. Ешкім «мынау дұрыс екен, мынау бұрыс екен» деп үн қатқан жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдары да «Мемлекеттік және ресми тілде» деген тіркестерді қолдануды тоқтатар емес. Тіпті өзіміз де «мемлекеттік тіл» мен «ресми тілдің» аражігін айыра алмай, шатасумен жүрміз. «Мемлекеттік тіл» дегенді білеміз, ал сонда «ресми тіл» дегеніміз қай тіл?

Қазірге дейінгі түсінігіміз бойынша ол – орыс тілі. Бірақ Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қанша ақтарсаңыз да «Орыс тілі – ресми тіл» деген тұжырымды кездестіре алмайсыз.  Есесіне, жоғарыда аталған нормативтік құқықтық құжаттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігі тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Өз кезегінде, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылатыны айтылады. Ал «ресми түрде» деген «ресми» деген сөз емес қой. Яғни ол орыс тіліне заңды ресми мәртебе берілген жоқ дегенді білдірсе керек. Ол туралы кезінде Конституциялық сот нақты тұжырымдама, түсініктеме де берді.

Енді мұны басқаша түсіндіріп көрелік. «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл түрінде қолданылады» десе, ол – ана тілімізге мемлекеттік тіл деген мәртебе берер ме еді? Онда бүкіл орыс тілді басылымдар «түрінде» деген сөз «мәртебе берілді дегенді білдірмейді» деп шу ете түсер еді. Соны неге ойламаймыз?

Сонда «орыс тілі – ресми тіл» дегенді кім шығарып алды? Біле-білгенге мемлекеттік тіл дегеннің өзі сол ресми тіл емес пе? «Ресми түрде қолданылады» дегенді «ресми тіл» деп бұрып пайдалану біреулердің ой-мақсаттарына, оң жамбастарына дөп келіп отырған шығар, бәлкім!?

«Орыс тілі – ұлтаралық қатынастар тілі» дейтіндер де бар. Шынтуайтында, бұл да мемлекеттік тілдің міндеті. Әйтпесе, мемлекеттік тіл деп мәртебе берудің қажеті не? Қалай дегенмен де, қисынына орай мемлекеттік тіл – ұлтаралық, ал ТМД елдері арасында орыс тілі халықаралық қатынастар тілі ретінде қала бермек. Біз бұған көнейік, көнбейік, әсілі осылай. Өйткені баяғы одақ құрамындағы осы елдердің қатынас тілі – орыс тілі.

Ал біздің еліміздегі мемлекеттік тіл де, ресми тіл де біреу, ол – қазақ тілі. Кез келген өркениетті елде осылай: мемлекеттік тіл – ресми тіл. Өз тіліне (өзге ұлт өкілдері мемелекеттік тілді мойындап немесе әрбір өркениетті елдің саналы азаматы ретінде олай етпеуге мүлде болмайтынын түсініп қойған) үрке қарайтын аз ғана топтың ауанына қарап, дегеніне көне беретін болсақ, аузын аждаһадай ашып келе жатқан жаһандануға өз тілін жоғалтқан ұлт (егер оны ұлт деп санайтын болса) ретінде баратынымыз анық.

Тек осылай ойлағанда ғана туған тілдің көсегесін көгерте аламыз.

Дүрәлі ДҮЙСЕБАЙ

Ақпарат: http://qogam.kz/ult/qazakstanda-kay-til-resmi-nemese-oryis-tilin-resmi-til-dep-badyiraytyip-zhurgen-kim/

0
569
1