Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:30, 02 июня 2011

ЕЕ де

 

Теледидарды көп қарамайтын адаммын. Күні-түні күйбең тіршілікпен жұмыста өміріңнің 3/4 өтетін жағдайы бар. Кештердің бірінде отандық арнаның апталық хабарының үзіндісін тамашалап отырып қалдым. Бас кезінде сенбедім ұйқым ба, әлде түсім бе ? Өкінішке орай ма, әлде қуанышқа ма орайма, белгісіз, әйтеуір LIVE режимінде екенмін.

Сонымен не көрдің бе дейсің ғой. Мынаны көрдім.

Жүргізуші студияда тұрып, бір депутатпен live режимінде сұхбат алып жатыр. Алғаш ойлағаным "қараш ей, біздеде телевидение деген дамыған екен" дедім. Бірақ 5 минуттан кейін бір айтарым ғана болды: FAKE AND GAY!!!

Неге дейсіз ғой. Сахнада тұрған жүргізуші сұрақ қояды, ал экранның арғы жағындағы депутат оған жауап береді. Бір қарағанда барлығы live and exclusive. 5 минуттан кейін мұның бәрі жалған екендігі көзде әбден анық көрінеді. Өйткені депутаттың жауаптары алдын-ала бөлек түсірілген.Ал мен қателеспесем хабар тікелей эфирде жүреді.

Сонда жүргізуші сол депутатпен тікелей эфирде сұхбат жүргіздендей болып, барын салуда.Бірақ, студиядағы инженердің бе, әлде осы операцияларға жауап беретін тұлғаның ба сапасыз жұмысы нәтижесінде мұның бәрі тікелей емес эфир екені анықталады  (жауап сұрақтан ерте басталады, не болмаса депутат басқа жаққа қарап жауап береді т.с.с.).

Жоғарыда езген ботқада айтайын дегенім телевидениядағылар бізді, яғни ақпаратты тұтынушыларды, кім деп ойлайды ?    Істі бастасаң "красивый картинке" берсең орынды болар еді. Ал істей алмасаң несіне қиналасың ?

0
313
1