Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
23:51, 01 июня 2011

GeoGebra қазақшаланды

Сәлем достар! Ұзақ үнсіздіктен соң, мұндағы қазақ блогшыларының белсенділігін көру мақсатымен neweurasia.net сайтындағы жазбаның бірін көшіріп жариялап отырмын.

Наурыз айында ұйымдастырылған Блог құрылтай қазақ тілінде тың жобалардың дамуына серпін берді. Дүниенің түкпір-түкпірінен жиналған жастар екі күн бойы тәжірибе алмасып, өздерінің үздік жобаларын бәйгеге қосқан еді. "Үздік жобалар" байқауының жеңімпазы атанған "ГеоГебра" ресурсының авторы, Қостанай қаласындағы С.Мәуленов атындағы гимназияның математика пәні мұғалімі Талғат Байназаров GSM Kazakhstan компаниясы атаған 100 мың теңгелік грантқа ие болған.

Blog post image
Арада санаулы ай өткеніне қарамастан Талғаттың ГеоГебра жобасы жаңа белеске көтерілді.

Талғат ГеоГебра бағдарламасын толықтай қазақ тіліне аударып, арнайы лицензиясын иеленді. Өз блогында қуанышты хабарды Талғат былай сүйіншілепті:

GeoGebra – мемлекеттік тілімізге аударылды. Екі ай бойы күнде кейде 1-2 сөздің, кейде 10-15 сөздің қазақша баламаларын іздеп отырып, properties файлдарын аударып отырдым. Аударма барысында техникалық терминдерді аудару үшін wordpress, mozillа-дағы қазақ сөздерін алып отырдым. Sozdik.kz, lugat.kz, wikipedia.org, сайттары, babylon бағдарламасы және керекшілердің көп көмегі тиді.

Бұған дейін мектепте геометрия мен алгебра пәндерін көбіне есеп-қисаппен түсіндіріп, оның айналамыздағы өмірмен байланыстыру жағы ақсап жататын. Бұл жоба интернет көмегімен ғылымды меңгергісі келгендерге таптырмас құрал болып отыр.

Талғаттың бастамасы енді құзырлы оқу орындары тарапынан да қолдауға ие болып, аталған бағдарламаны оқушылар арасында кеңірек насихаттау жұмысы қарқын алса деген тілек бар.

Қысқаша анықтама:

Геогебра – Тегін таратылатын математикалық интерактивті бағдарлама (www.geogebra.org) геометрия және алгебраны байланыстыратын компьютерлік интерактивті бағдарлама. Қазіргі таңда әлем бойнша ең көп таралған математикалық бағдарлама ретінде танылып отыр. 149 елде қолданылып жатыр, 49 тілге аударылған. Авторы – австриялық математик, Маркус Хохенвартер. 2009 бұл бағдарлама үшін арнайы байқаудың жеңімпазы атанды. Осы жылдың тамызында оның үш өлшемді нұсқасы шығады. (дереккөзі)

Сурет Жанның саясы блогынан алынды.

1
2582
2