Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:45, 01 июня 2011

Горький шоколад, Сладкий чай...

Міне, көктемнің нәзік таң шуағы алыстап, алдымызда маужараған маусым тұр. Кім ойлаған, дәл осылай 1 курсым да тәмамдалады деп...

Далаға көз салсаң, дипломдарын жаңа қолдарына алған жас мамандар қызмет іздеп табалдырық тоздырса, мектеп бітірген "жас түлектер" ҰБТ-ға дайындық үстінде. Күнделікті өмір тіршілігімен алысып, арпалысып жатқан адамдар.Осындай күнделікті тірлікпен алысып жүріп, осындай керемет шақтардың, тіпті, өмірдің өтіп бара жатқанын байқамаймыз. Өкінішті...

Дәл осы қалпымызбен фәни дүниенің де есігін жабармыз. Ал, сол есіктің ар жағында не тұр?.. Мұны тек арғы дүниеге өткен шақта ғана білерміз бәлкім...

Қалай болғанда да осы дүниеде жүргенде өмірімізді бағалап, құр бекерге таусыла бермейік! Себебі ӨМІР - тек бір мәрте берілетін, ақсы қайтарылмайтын, өзгертуге, болмаса ауыстыруға болмайтын билет сынды. Сондықтан, жалғыз билетіңізге ие болыңыздар, адамдар!

 
0
322
1