место в рейтинге
  • 400861
  • 694
  • 52
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақ тілін білетіндерді 95 пайызға қалай жеткіземіз ?

Нурсултан Назарбаев

 

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Құрметті Асқар Қуанышұлы!

Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі басылымдардың оқырмандарға таралу жолдары күн өткен сайын қиындап барады. Басылымдарды тарату мен сату жүйесі жекеменшік кәсіпкерлердің қолында. Олардың көпшілігі қазақ тіліндегі басылымды сатқаннан гөрі, Ресейдің жеңіл-желпі басылымдарын сатқанды тиімді санайды.

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев биылғы Жолдауында: «2020 жылға дейін қазақ тілін білетіндердің саны 95% құрауы тиіс» деген болатын.

КазПресс дүңгіршектеріне барсаңыз, қазақ тіліндегі газет-журнал жоқтың қасы. Олар қазақ тіліндегі басылымдарды сату тиімсіз деп есептейді. Өз дүңгіршектеріне қою үшін қосымша ақы сұрайды, ал ол өз кезегінде бағаны қымбаттатуға апарады. Басылымға сұраныс бар, сату жүйесі алғысы келмейді.

Аты «КазПресс» - іші Орыс Пресс

Сонда қазақ тілін білетіндерді 95 пайызға қалай жеткіземіз?


Құрметпен,

«Тіл» журналының ұжымы

+7 7172 629 -679
Астана қаласы
Ш.Иманбаева 5б — 73

 

«КАЗПРЕСС» киоскілерінен «ТІЛ» журналын іздеп, таба алмаған оқырмандарымыздан кешірім сұраймыз.

 

Нурсултан Назарбаев

23 мая 2011, 18:22
2982

Loading...

Комментарии

Осы құжатта жазылған тілектерге шын жүректен қосыламын. "Тіл" журналы мәңгілікке!!!
Ал енді өз пікірім: Неге біздің тіліміз дамымай жатыр!? Себептер оған өте көп, біріншіден оған өзіміз кінәліміз, себебі қазақ тілін қолдамайтын да қазақтар бар. (Басқа қазақ тіліне қарсы ұлттарды санамағанда)

Өзіміздің кінәміз:
1) Сөйлемейміз, өйткені ұяламыз немесе білмейміз;
2) Өте аз сөйлейміз, бір тілден екінші тілге ауысу үшін, аузымызды жаттықтыруға ерінеміз;
3) Әдемі және таза сөйлемейміз, оған бірнеше күш кетеді, басқаларды қызықтыру үшін;
4) Сөйлеуден ләззат ала алмаймыз, оның өзі де өнер;
5) Жоғарыдан тек сөз жағынан қолдау, толықтай қазақша қылдыруға білмеймін кімнен, бірақ қорқамыз;
6) Қазақша және қызық телеарналар аз, қызық арқылы қазақ болғымыз келеді;
7) Саяси тәсілдеріміз жүзеге аспай жатыр;
8) Ештеңе ойлап таба алмаймыз, сол техниканың үстіне қазақша жазып қоятын;
9) Бастықтардың жартысы қазақша білмейді;
10) Осының барлығын білетін қазақ тілінің жауларына төтеп бере алмаймыз;
11) Қазақ тілін білгім келеді дегендерге қол үшін созудың орнына біз тырқылдап күлеміз;
12) Басқа ұлттар қазақша сөйлегендерге тым қатты таң қаламыз, сосын олар шошиды;
13) Ауылдық жерлерде казнетке кіретін интернет жоқ, ұялы телефондарындағы агенттен басқа;
14) Казнетте қазақша аз жазамыз, себебі ешкім түсінбейді және ешкім оқымайды, комент қалдырмайды;
15) Спутникалық арналар мен кабельдік арналарды тоқтатуымыз керек, әйтпесе ауылдағылар орыстанып кетеді;
16) Елім, жерім деген зиялы қауымдарды өлтіреміз, себебі тек өзіміздің қалтамызды ойлаймыз;
17) Басқа халықтың жақсы жақтарын аламыз деп, қалай орыс тілін алғанымызды білмей қаламыз;
18) Орыс тілі сол баяғы, оқығаныңды білдіртетін тіл деп сеніп қалғанбыз;
19) Қазақстандағы бар нәрсені түгелімен қазақшаға аудара алмаймыз, себебі ол үшін қосымша ақша төлемейді;
20) Қызық қазақша кинолар жоқ және қалталы азаматтардан қолдау аз;
21) Қазақша білу үшін мотивация жоқ;
22) Тіке бетке емес, ал адамның кешіріңіз "басқа жеріне" айтамыз.

Айта берсем өте көп жағынан кінәліміз... қазақша білмейтін қазақтарды алдап-сулап қазақтандыру керекпіз, олар шетте қалып барады. Қазақша отбасылар көп бала туу керек, орысша мектептерді жабу керек. Қазақша қызық балаларға арналған комикстер шығару керек, биліктен қолдау және жағдай жасалу керек.
З.Ы. Бірақ мен өзімнің қуанышыма орай ондай емеспін.) Мен орыс болып туғанда орыс тілін жақтар едім, бірақ мен қазақ болып туғасын мен өлсем де қазақ тілін жақтаймын. Аталмыш мен жазған тізімнің қажетті жерлерін сызып алуыңызға кеңес беремін.
tonami
0
0
Тізіміӊізді түгелімен қолдаймын.
Өзімнен қосатыным - не теледидарда, не интернетте қазақ тіліндегі дұрыс ресурстардыӊ ізі де жоқ. Ресурстарды қояйық, тіпті кітаптар да жоқ. Қазақшаны үйреніп жатқан адам, Абай Жолын бірден қалай оқысын?! Джейн Остинніӊ Pride and Prejudice, я Гарри Поттер сияқты жалпыға түсінікті кітаптардыӊ қазақша нұсқаларын көргенім де, естігенім де жоқ. Орыс мектептердегі қазақ тілініӊ масқара оқытулуы туралы жазбай-ақ қояйын.
Қазақша сөйлейтіндердіӊ пайызын 95-ке жеткізетініне қатты сенгім келсе де, илана алмаймын. Ондайға қиялым жетпейді...
Иә, өкінішке орай қазақ тіліміз дамып жатса да, өте баяу дамып жатыр. Басында еліміз егемен алған кезде ыссылай барлық мектептерді қазақшалағанда, қазір сәл де болса нәтиже болар еді. Тек жақсыға сенейік! Мүмкін біз өте шыдамсыз болармыз, анда-санда ондай да ойлар келіп қалады, уақыт көрсетер, өз басым әр жерде қазақша сөйлеймін.
"Әрбір қазақтың ана тілін білуі - парыз,білмегені - ұят"-алтын сөздер
Бір орыс танысым бар, ол айтады қалай қазақшаны жаттайм?мені қазақтар көрсе орысша сөйлей бастайды неге ұйтеді?
Мүмкін қазақтар орыс тілінде бірінші сөйлеп қалатын шығар, сосын орыс досыңыз қазақша сөйлеймін деп жатқанда алдына қойған мақсатын ұмытып кетеді, себебі оған қазақтардың өздері рұқсат беріп тұр. Келесі жолы жаңағы досыңыз қазақша тез және бірінші бастап қалсын.)
Қазақ тілі тек қана алға! Кезінде Кеңес Одағы кезінде барша нағыз қазақ зиялы қауымдарын халық жауы деп атып тастаған, мұның да сәл де болса әсері қалды.
Қайдам, қайран қазақ тілімнің мәртебесін көтерген тым кеш емес пе? Осы кеше ғана әкем айтып жатқан тәуелсіздік алған күні қазақ тілін жалғыз мемлекеттік тіл етіп қою керек еді деп, анау бауыр өзбек халқы істегендей.
Өзбек халқы дүрыс жасаған болу керек, бірақ ештен кеш жақсы дейді ғой. Сондықтан сенімімізді жоғалтпауға және әр жерде бірінші қазақ тілімен сөйлеуді бастауға тырысайық. Қазақстанда тек қазақ тілі болса жақсы болар еді, ал басқа тілдерді үйренеміз бе, үйренбейміз бе ол өзіміздің жеке басымыздың құқығымыз. Қазақстанның даласында, қаласында, барлық ақпарат көзқұралдарында, ғаламторында тек қазақ дыбыстары шығуы және болуы керек, әйтпесе басқа елдерден айырмашылығымыз қалмай қалады.
Сендерге бір нәрсе айтайын, байқадыңыз ба өзбек халқы білім жағынан бізден артта қалды, жалпы пәндерден Қазақстан оқушылары ТМД елдерінің ішінен саны бізден әлдеқайда көп Ресей, Украин, Беларусь елдерінен кейінгі орындарды анық алады, кейде соңғы екеуін де озып жатамыз. Өзбек мемлекеті орыс тілінен түбегейлі бас тартып орыс білім көздерінен де бас тартты, халқы орыс тілін білмейтін болды. Сондықтан олар Ресейге шығатын болса немесе ақпаратқа толы рунеттен мақалалар оқығысы келсе орыс тілін қайтадан үйренулері керек болады. Сол себептен өзбек халқы дұрыс істеді деп бір ауыздан айтуға келмейді.
Қазақша оқығысы келетіндерге қол ұшымызды берейік, сол қолымыздан келеді ғой!
Кесіп жазбауға тырыстым, өйткені оны да іштей сездім.) Басқа халықтың барлық жақсысын алу керекпіз дейміз, иә ол дұрыс, (тек тілден басқасы, терминдерді санамағанда) бірақ ойлап көріңізші, біз мында барлығымыз да жап-жақсы болып жазып жатырмыз, табиғаттың заңынан алысқа кете алмаймыз. Мүмкін біз қазақ тілін халыққа не қызық сол арқылы берерміз. Себебі көптеген қазақ тіліне деген қақпаларды жауып тастаған сияқтымыз, мүмкін жаман жақтарды қазақ тілінің пайдасына қолдану керек шығар. Дұрыс түсінуіңізді сұраймын. Ал жалпы ойыңызды толық құптаймын, басқа тілді білу керек, бірақ Қазақстанның ішінде барлық жағынан тек қазақ тілі болса өте жақсы болар еді. Шіркін-ай! Әлде латын алфавитіне көшкен оңай боп шыға ма!?
Иә, соны айтқым келген. Қазақ тілінің халықтың ойдағыдай білмеуінің себебін мен, бір - өзіміздің онымен көп сөйлеспеуіміз, екі - оңай жазылған қазақша оқыту оқулықтары мен бағдарламаларының жоқтығы деп білемін. Күштеп орыс тілін құртудан мен тек 30 пайыз халықтың елімізден кету мен білім деңгейінің төмендеуі дегендей теріс жақтарын көріп отырмын, және де кеткен адамдар ішінде міндетті түрде жоғары білімі бар мамандар басым болады, қазақ тіліміздің рөлін бірте-бірте өсіре беруіміз керек. Мен кейбір қазақ балаларының басқа ұлт өкіліне "неге орысша сөйлейсің" деп тиіскенін түсінбеймін, әр адам өзінің ана тілінде сөйлегісі келетіні анық емес пе, күштеп қайтесің! Қазір ең бастысы қазақ тілін үйрету деңгейін көтеруіміз керек, білмейтіндер оны жеткілікті түрде үйреніп алатындай қылуымыз керек.
"Екі қолым аспанда", яғни келісемін бұл ақылды ойыңызбен.
Тіке мәжбүрлеу емес, ал жанама мәжбүрлеу түрінде. Бұл процесс өздері қазақ тілінде қалай сөйлеп кеткендерін білмей қалатындай болу керек сияқты.
Latish
0
0
Қазақ тілін үйрену үшін 10 жылдың керегі жоқ! Қазақстанда тұратын басқа ұлттарға қазақ тілі керек емес! Мен де Ресейде тұрып қазақ тілінде сөйлеп еркін өмір сүре алсам, ешқашан да орыс тілін үйренбес едім. Қазақ тілін білмейтіндер жұмысқа тұра алмайтын қылып тастаса, халық автоматты түде қазақ тілін үйрене бастайды. 1992 жылы шыққан Бірінші Конституцияда үштұғырлы тіл туралы ангиме болған жоқ, сонда орыстар құжаттар толтырғанда қазақтарға "брат, помоги" деп жалтақтап кеткен)) қашан үйренеді деп күтіп отырғаннан түк шықпайды!
Толық қосыламын, 10 жыл ұзақ сияқты, бірақ сол 10 жылдан кейін қазақ тіліне қатысты керемет нәтижелер болса, оның өзі де Қазақстанға бір бақыт емес пе!? 10 жылдан кейін кім бар, кім жоқ!? Тек сәл коментіңізде Алғашқы Конституцияның шыққан жылынан қате кеткен сияқты, егер қателеспесем.) Сол жылдары құжаттарды толық қазақша аударуға ерінгендіктен шығар, 1995 жылдың Конституциясында өзгерістер пайда болған соған дәлел.
Тәсілдердің бірнеше түрі бар, тек сол тәсілдерді қазақ тілінің игілігіне қолдана алсақ жақсы.

P.S. И.А. Крыловтың мысалындағы сурет есіме түсіп кетті, сондықтан бір жұдырық болайық, ағайын:
Zzz0z93ykePVj8XXL9vpQG5F2phMIJ.png
Крыловы бар болсын
Қазақ тілі түбінде жеңеді. Басқаша болу мүмкің емес.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Дорогие ювиженцы. Соотечественники и соотечественницы. Авторы. Мы возобновляем нашу, не побоюсь этого слова, культовую акцию по вознаграждению топовых авторов. По итогам каждого календарного...
niyazov
вчера / 17:54
  • 81576
  • 73
Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5997
  • 9
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 6079
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
вчера / 14:20
  • 4318
  • 0
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки - моя слабость, наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 4590
  • 30
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 3729
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 3998
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
вчера / 11:26
  • 2555
  • 31
Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
вчера / 18:28
  • 2544
  • 40