Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:43, 18 мая 2011

Фотографии участниц конкурса красоты. Часть 2

Продолжаем знакомиться с участницами конкурса красоты «Қазақ Ханшайымы - 2011».

Бақыт Пазылова

Бақыт Пазылова

Жасы: 21 Бойы: 176 Салмағы: 60 келі Шашы: қоңыр Көзінің түсі: қоңыр Сүйікті ісі: Кітап оқу, спортпен шұғылдану, бассейнге және қосымша курстарға бару. Ұлты, халқы туралы ойы: Қазағым, елім ол – Қазақстан. Жалпы, халық жайлы айтатын болсам, өзіндік тілі бар, салт-дәстүрі, тарихы бар халық деп түсінемін. Себебі, ұзақ жылдар бойы, көп қасірет шеккен қазақ халқын ұлт болып қалыптасуы біз үшін үлкен бақыт. Өмірдегі арманы: Өмірдегі армандарымның бірі – Қазақстанның сән әлемінде биіктерді бағындыру. Ал ең бастысы, қабырғалы қазағымыздың қайсар рухты азаматшасы болсам деймін.

Зияда Саматқызы

Зияда Саматқызы

Бойы: 172 Жасы: 16 Салмағы: 48 Шашы: қара Көзі: қоңыр Сүйікті ісі: Қазақстан тарихын зерттеу, тереңдетіп оқу, өлең шығару. Ұлты, халқы жайлы ойы: «Жаралған намыстан, тәуелсіз халықпыз, бірлігі жарасқан, қонақжай халықпыз» деген жолдар өз ойымның түйіні. Өмірдегі арманы: Елімнің барлық қадір қасиетін бойына сіңірген, адал да, аяулы қыздарының бірі болғым келеді.

Жанат Айдынқызы

Жанат Айдынқызы

Жасы: 16 Бойы: 172 Салмағы: 51 Шашы мен көзінің түсі: қара Өмірдегі арманы: Менің болашақтағы ең үлкен арманым – журналист болу, сонымен қоса дизайнер сән мамандықтарын меңгергім келеді. Өзім қалаған мамандықтың білгір маманы болсам деген арманым бар. Халқы, Ұлты туралы ойы: Өз халқының, ұлтының дәстүрін, тұрмысын, тарихын және мүддесін білген тұлға ғана оған кіршіксіз қызмет ете алады. Сүйікті ісі: Менің ең сүйікті ісім- би билеу.

Римма Әубәкірова

Римма Әубәкірова

Жасы: 22 Бойы: 177 Салмағы: 57 Шашы мен көзінің түсі: қоңыр Өмірдегі арманы: Биік жетістіктерге жету. Халқы, Ұлты туралы ойы: Әлемді мың шарласам да, өзімнің ұлтымдай халық жоқ шығар. Қазақтың дархан пейілі, аппақ көңілі ешбір халықта жоқ деп білемін. Сүйікті ісі: ән тыңдау, серуендеу.

Раушан Нұршинова

Раушан Нұршинова

Бойы: 172 Жасы: 21 Салмағы: 50 Шашы: қоңыр Көзі: қара Сүйікті ісі: ән айту, табиғатта серуендеу. Ұлты, халқы жайлы ойы: Мен ұлтымды ынтамағы жарасқан, бірлігі бекем ел деп ойлаймын. Осы қасиеті қазақты алдыға жетелейді деп сенемін. Өмірдегі арманы: Өмірден өз орнымды тауып, биікке қол жеткізу.

Баян Несiбелiқызы

Баян Несібәліқызы

Ұлты: қазақ Жасы: 19 Бойы: 178 Салмағы: 58 Шашы: қара Көзінің түсі: қоңыр Сүйікті ісі: Би билеу, кітап оқу. Ұлты, халқы туралы ойы: Халқымның ниетіне сай ұлан байтақ жер,асты-үстін толтырып кен, мейірімді ел берген. Өмірдегі арманы: Сүйікті жар, аяулы ана болып, еліме абыроймен қызмет етсем деймін.

Әйгерім Сарыбекова

Сарыбекова Әйгерім

Салмағы: 55 Жасы: 18 Бойы: 172 Шашы мен көзінің түсі: қара Халық, Ұлт туралы ойы: Қазақстан көп ұлтты мемлекет екендігі мәлім. «Заманына қарай адамы» - деген сөз бекер айтылмаған, соған қарамастан қазақи дүниетанымымызды сақтап келе жатырмыз. Еліміздің ауызбіршілігін, бейбітшілігін ұстап, 20 жыл Тәуелсіздігімізді сақтап келген президентімізге мың да бір алғыс. Сүйікті ісі: Мен қазақ даласының әр тасын, ағашын, асқар тауын сүйемін. Сондықтан, тау басына таза ауаға шыққанды ұнатамын. Өлең оқып, ой жинау мен үшін демалыс. Өмірдегі арманы: Қайсарлы қыз, асыл ана, ардақты әпке, жақсы жар, өз мамандығымның майталманы болып ырысты, бақытты өмір сүру.

Бижамал Балаханова

Бижамал Балаханова

Жасы: 19 Бойы: 168 Салмағы: 50 Сүйікті ісі: билеу, сурет салу, өлең жазу. Өмірдегі арманы: Анамның мақтанышы болу, туған-туысқандарымды әрқашан қуантып жүргім келед.

Мәдина Есманова

Мәдина Есманова

Салмағы: 67 Жасы: 21 Бойы: 178 Шашы мен көзінің түсі: қоңыр Халық, Ұлт туралы ойы: Қазақ халқы еңсесі биік, өнерімен тамсандырған, рухани байлығы мол, өжет халық.Сүйікті ісі: Қобыз аспабында ойнау, ән айту. Өмірдегі арманы: Өмір сүргенім басқа жандарға да бақытқа, жақсылыққа ұмтылыс әкелсе – бұл мен үшін арма.

Әйгерім Жаңабергенова

Әйгерім Жаңабергенова

Салмағы: 51 Жасы: 21 Бойы: 172 Шашы мен көзінің түсі: қара Халық, Ұлт туралы ойы: Мен ұлтжанды қазақ қыздарының қатарындамын. Менің ұлтымның пейілі өзінің даласынан да кең.Біздің әжелеріміздей мейірімді әжелер,біздің аналарымыздай дана аналар,біздің әкелеріміздей қатал әкелер,біздің ағаларымыздай қамқор ағалар,біздің әпкелеріміздей үлгі тұтар әпкелер тағы қайда бар дейсіз... «Бала - бауыр етің» деп, басты байлығым деп санауының өзі қазақтың балажандығын, мейірімділігін көрсетеді. Қазақ халқы- уақыт сындарынан сүрінбей өткен батыр халық. Егемендігінің жиырма жылы ішінде ұлтаралық бірлігі саясатымен өзін әлемге таныта білген халық. Ауыр күндеріне мойымай, жақсы күндерін алдынан күткен дана халық. Сүйікти ісі: Саяхатқа шығу, ұлттық тағамдар әзірлеу. Өмірдегі арманы: Отаным Қазақстанды әлемдегі ең табиғаты бай ел екенін көрсету, әлемге таныту. Ол үшін бірнеше туристік бағыттар ашу: Алтын Емел, Барса Келмес, Қорғалжың, Алакөл, Бурабай, Баянауыл, Ақсу Жабағылы, Наурызым, Марқакөл, Батыс Алтай, Үстірт, Ұлытау.

Фотографии участниц конкурса красоты. Часть 1
Фотографии участниц конкурса красоты. Часть 3

0
2208
0