Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:55, 17 мая 2011

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 17 мамыр күні таң ертеңімен 3,9 магнитудамен жер сілкінісі болды, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық ядролық геофизикалық зерттеулер институтының арнайы сейсмологиялық ақпаратты топтау мен қайта жасау орталығы (ҚР ҰЯГЗИАСАТҚО).

«ҚР ҰЯГЗИАСАТҚО оперативтік мәліметі бойынша 2011 жылдың 17 мамыр күні Астана уақытымен сағат 08.32 кезінде (2011 жылдың 17 мамыры 02 сағат 32 минөтте Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғыстанның шекаралас ауданы, Алматыдан 170 шақырым оңтүстік-батысына қарай жер сілкінісі болды», - делінген хабарламада.

Магнитудалық толқын - 3.9, энергетикалық класс - 9,0.

0
240
0