Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
-6
15:06, 31 июля 2009

Сэр Бобби Робсон

 

Blog post imageАғылшын құрамасының бұрынғы футболшысы, жаттықтырушысы сэр Бобби Робсон жұма күні жарық дүниемен қош айтысты.

Робсон 1982 - 1990 жылдар аралығында Англияның жаттықтырушысы болған. 1990 жылы Италиядағы әлем чемпионатында ағылшын футболшылары жартылай финалға шыққан еді, футбол жанкүйерлері жаттықтырушының атын дәл осы жетістігімен байланыстырады.

Бобби Робсонның футболдағы жолы 17 жасында "Фулхэм" клубынан басталған болатын. Одан кейін "Вест Бромвич Альбион" және канадалық "Ванкувер". Англия құрамында Робсон 20 матч ойнап шықты.

Жаттықтырушы ретінде ол тағы да "Фулхэмнан" бастайды, кейін ағылшын және шет елдік клубтардың жетекшісі болады ("Ипсвич таун", "Ньюкасл", "Эйндховен", "Спортинг", "Порту", "Барселона").

 

Blog post imageСоңғы командасы - Ирландия құрамасы еді. 2006-2007 жылдар аралығында Бобби Робсон оның арнайы кеңесшісі болады.

2002 жылы жаттықтырушы футболдағы жетістіктері үшін рыцарлық атаққа ие болып, 2008 жылдың мамыр айында оған Ипсвич қаласының құрметті азаматы деген лауазым беріледі.

Өткен жексенбі күні сэр Бобби Лондонда өткен Англия мен Германия командалары арасындағы достық кездесуді тамашалаған болатын. Бұл оның көпшілік арасында соңғы рет болған кезі еді.

Жұма күні лондондық футбол ассоциациясының штаб-пәтері мен «Уэмбли» стадионында сэр Боббиге деген құрметпен жалаулар төмен түсірілді.

«Ол о дүниеге аттанып кетсе де, ешқашан ұмытылмайды. Нағыз футбол аңызы және джентльмен ретінде мәңгі есімізде сақталады», - деп жазады жанкүйерлер.

 

-6
495
0