Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
09:21, 02 мая 2011

Жер Ананың құдіретті күші...

 Мамырдың 1 күні таңертең, бәрәмәзге белгілі жерсілкінісі болды. Және ол бір рет қана болып қоймай, ары қарай 7 рет жалғасын тапты.

Мен өзім 3 рет қана сездім...

Кешкі 7 мен түнгі 2-нің аралығында 7-8 баллды жерсілкінісі болады деген сыбыс естілді. Интернетке кірсең де, агентте отырсаңда... Әр-бір адам осы туралы өз ойларын қалдыруға тырысты (тіпті асыра сілтеп жатты). Кімге керек осының бәрі....??? Қалуларына жетті. Тұрғындардың қорыққаны соншалықты, тіпті ата-аналар түн ортасында балаларын жетектеп далада жүрді. Көлік жүргізушілер көліктерін жанармаймен толтыруға асықты. Дүкендерде адамдар кезекке тұрды. Алыста тұратын туысқандарына хабарласып абай болуларын өтінді.

Бұл табиғи құбылыстың қашан болатынын сен де, мен де білмейміз. Жер Ананың бұл құбылысын сен де, мен де тоқтата немесе аз баллды болуын жасай алмаймыз. Болатын іс болады.

 Аллаға шүкір қазір аманбыз. Бәрі орында...

   
0
647
5