Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:59, 23 апреля 2011

Презентациялар туралы бірер ауыз сөз

Мен бірнеше презентацияға кірдім. Ең алдымен 3G "Флешки" мультфильмінің презентациясына. Мен бұл жерде өткен жылғы қойған презентацияларын қайталап және 2 жаңа презентация көрдім. Өткен жылғы презентация машиналардың жарысы туралы болды.

Бұл жылғы көрсеткен бірінші презентация жұмыстан қолы босамайтын адамдарға арналған интернет-магазин туралы. Ешқайда бармай компьютер алдында тұрғаныңызда, сіздің дене-пішініңізді сканерлеп, өзі киім таңдап береді. Сіз өзіңіз қалаған киімді компьютер арқылы таңдап, тапсырыс берсеңіз сізге алып келіп береді. Жұмыстан қолы босамайтын адамдарға өте қажет.

Ал екінші презентация қазіргі заманғы флешкаларды мультфильм түрінде көрсетеді.

Мен кірген келесі презентация "Пиар маманына арналған инттернет" деп талады. Оны АГТ пиар агенттігі көрсетті. Бұл жерде өзіміз сабақта үйренгендерімізді қайталап көрдік. Апайымыз үйреткендерді қайталап, еске салып шықтық.

0
511
0