Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:51, 20 апреля 2011

Қазақстанның егіс алқабтары үшін жаңа техника

 

    Қазақстанда  ең үздік шаруашылықтардың бірі «Заря» ШҚ-ы егістік алқаптарына жаңа техника түсірді. Биылғы жылы олар жалпы құны 200 млн. теңгеден асатын голландиялық технология сатып алды. Олардың ішінде 220 аттың күші бар үш New Holland-7040 тракторы, AVR RC культиваторы мен сыйымдылығы үш тонна картоп тұқымына лайықталған STRUCTURAL сепкіші бар. Мұндай жаңа техника механизаторлар Серік Хамитов пен Евгений Николаевқа сеніп тапсырылған. Сондай-ақ, бірінің ұзындығы 1 шақырымдық, екіншісінің ұзындығы 850 метрлік екі VALLEY суару фрегаттарына тапсырыс жасалынған. Бұл технологияны жақын меңгеру үшін шаруашылықтың бас инженері Николай Кайдалов пен бригадир Геннадий Пилипенко Голландияға арнайы барып қайтты. Шаруашылық 1500 тонна тұқым қорын құйған. Негізінен дәстүрлі Ароза, Зекура және жаңа ерте пісетін Феллокс сорттарымен жұмыс жасалады.«Луганскі» өндірістік кооперативі биыл Horsch маркалы егіс кешенін алды. Оны басқару Александр Стародубцев, Александр Конрад, Константин Колмогоровтарға жүктелген. Трактор және сепкішпен жұмыс істеуді олар тез арада игерді. Қазір олар 12 сағаттан тәулігіне үш кезекпен жұмыс істеуде. Кооператив төрағасы П.Кузьменконың айтуынша, жаңа техника бұрынғы 11 тракторды алмастыра алады екен. Ал, үш механизатор 17 адамның жұмысын атқару мүмкіндігіне ие болды. Тағы бір артықтығы – бұл кешен жерді аз қопарады да, ылғал сақтауға тиімді. Horsch кешенінін жұмысын жеңілдету үшін биыл алқаптарға нөлдік технология бойынша жұмыс істейтін жаңа культиватор тіркелген тракторлар түсті. Мұндай техника да бір мезгілде бірнеше операцияны қатар орындай алады. Атап айтсақ, арамшөптерді тазалайды, жер қыртысын тегістейді, ұнтақтайды және ылғал жабады. Бұл жанар-жағар майды үнемдеу, жұмыс қолын мейлінше аз тарту және өңдеу тұрақтылығын қамтамасыз ету деген сөз.

0
614
1