Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 771 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
02:22, 05 апреля 2011

Блогосфера...

Blog post image

 

Блогосферадағы соңғы жаңалықтарға назар аударайық: 1.  Linux туралы қазақ тіліндегі алғашқы блог. Қазақша Linux (Линукс), орнату, баптау, қолдану кеңестері. Сонымен қатар, осы блогтан қазақша Mozilla Firefox браузерін жүктеп алуға болады. ИТ саласына қатысты қажет ақпарат осы блогта жоқ емес. 2.  Жаңа подкастшы және жаңа үнхабар пайда болды. Оны Сіздер мүмкін тыңдап үлгерген де шығарсыздар. Естімесеңіз, міне. Ansar-ға тілейтініміз: жаңа үнхабарлар қызықты, әрі жиі болып шықсын. 3. Микроблогингтің соңғы жаңалықтарын хабарлап отыратын блог бар екенін естіген шығарсыздар. Микроблогинг өміріне қатысты өзгерістер, жаңалықтар, жаңа мүмкіндіктер т.б. 4. Your vision блог-тұғырнамасы 1 ай бұрын интерфейсін қазақ тіліне аударды. Енді қазақ тілді блогшыларға осы тұғырнамада блог жүргізуге еш кедергі жоқ. Your vision тек қана блог-тұғырнама емес, сонымен қатар, әлеуметтік желі; Сіз бірлестік құрып, немесе дайын бірлестікке кіріп, тақырыпқа сай жазба жаза аласыз және осы жазбаны(пікірлерді де)  басқалар бағалай алады. Тұғырнамадағы басқалардың блогтарында жаңа жазбалар жайында хабардар болып, достар қатарына ұнаған блогшыны қосуға болады. Жеке блог жүргізесіз бе, әлде анда-санда бірлестікке де жазып тұрасыз ба, бұл сіздің еркіңізде.

0
548
1