Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
10:09, 04 апреля 2011

Вот это САЙЛАУ!!!

 Бүкіл мемлекетіміз дүркіреген сайлау - сәуірдің үшінде өтті. Елбасымыздың 95% дауыс жинағанына қарағанда, сайлау барысы жақсы өткен сынды. Дегенмен, сайлау барысы өз деңгейінде өтті деп айта алмаймын.

Өзім ҚазҰУ-дың сайлау учаскесінде дауыс бердім. Ең алдымен, көңіл-күйді бұзған ауа райы сайлау учаскесіндегі дүрбелеңмен жалғасты. Өздеріне белгіленген уақытта келмеген өзге факультет студенттері атақты журфактың уақытын алды. Ондай басынушылықты көтермейтін біздің факультет учаскенің алдында кішігірім шайқас өткізді. Халықаралық қатынастар факультетінен кейін тапсырған біздің факультет даңқы айрандай төгілді. Сайлау учаскесін базарға айналдырған біздің студенттер екі топқа бөлінді:

Біріншісі-тәртіпке бағынған, әдеп-этика ережелерін ұстанған 1курс студенттері болса, екіншісі-өз уақытын жоғалтып тұруға бойлары үйренбеген,  үнемі кез-келген мәселені тез арада шешетін 2-ші және одан жоғарғы курс студенттері болды.

Дәл осындай процесс барысында "таласпай, кезекте тұрып кірейік" деп ұсыныс жасаған бірінші курс студенттерін "сендер қалай сөйлейсіңдер" деп жерден алып, жерге салған төртінші курс студенттері сыйластықтың қаншалықты дәрежеде екенін көрсетті.

Шыны керек, дәл сол жерде тұрған кезде Жер жәннаты - Жетісудың баурайындағы ауылыма деген сағынышым оянып кетті. Әсіресе, кезекке тұра алмағаннан ба, кезекке туруға ниеттері болмағаннан ба, әлде, "кезек" деген не екенін білмегеннен абыр-сабыр болған студенттер аулымыздың апа-әжелерін амалсыздан еске түсірді...

Әрине, өз факультетімнің студенттері жайлы бұлай жазғаным дұрыс емес те шығар. Дегенмен, өз кемшіліктерімізді түзеткеніміз дұрыс болар...

0
466
8