Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:09, 01 апреля 2011

Абырой-бедел деген не және бизнестегі әлеуметтік жауапкершілік

Соңғы кездері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі деген ұғым кеңінен тарап келе жатыр, алайда оны халық қайырымдылық шаралары ретінде қабылдайды . Қайырымдылық немесе филантропия компанияның әлеуметтік жауапкершілігне кіретін бір бөлігі ғана. Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік – бұл компания өз бизнесін жүргізгенде, ең алдымен, қоғамның мүддесімен санасу керектігі және қызмет көрсетіп отырған тұтынушылары мен компания қызметкерлер, мердігерлері мен акционерлері, сонымен қатар өзге де стейкхолдерлер алдындaғы жауапкершілікті сезіне білуі тиіс екендігі бекітілген тұжырымдама.

Ал Қазақстандық компаниялардың халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, барлық салықты төлеп отырғанын әлеуметтік жауапкершілік деп санауы жоғарыдағы анықтамаға мүлдем сай келмейді. Бастысы мәселе, КӘЖ компанияның заңды мүлтіксіз орындауымен ғана шектелмейді. Олар өз еріктерімен белсенді түрде қоғамның қызығушылығын арттыруы тиіс, одан табыс сәл азаюы мүмкін. Оның есесіне кейін компания түрлі әлеуметтік құбылыстарға төтеп бере алатындай күш жинайды. Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртсек, банкротқа ұшырап, бизнес жоспарларын іске асыра алмаған компаниялардың көбі кезінде қоғам мүддесінен өз пайдасын жоғары қойғандар. Оған Қазақстаннан мынадай мысалдар келтіре аламыз: Меніңше, қазір сәнге айналған CSR-ден (корпаративті әлеуметтік жауапкершілік) гөрі, Corporate Stakeholder Responsibility (стейкхолдерлер алдындағы корпаративті жауапкершілік) деген дұрыс тәрізді Себебі, егер акционерлердің мүддесіндегі антагонисті қайшылықты (жұмысшылар құқығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, халық денсаулығы болсын, қай сала болмасын, аз шығын шығарып, көп табыс табуға құштарлық) ортақ мүдделер біріктірмесе, компания ішінара және қоғамда дағдарыстан көз ашпайтын болды. Бірақ бұл мәселеге пиардың қашан пайда болғаны және бұл қандай болуы тиістігі айтатын кезде тоқталамыз.

Жалпы алғанда, бедел мен әлеуметтік жауапкершілікті бір-бірінен айыру қиын, себебі екеуі бір-бірімен тығыз байланысты. Қоғам мүддесімен санаспайтын, абырой-беделі жоғары компанияның көзге елестету де мүмкін -емес. Өмір мектебі ұзақ өмір сүру үшін бір ғана мүмкіндік береді, қас-қағым сәттік пайдасын ойлап–сол мүмкіндікті пайдалана алмағандар.

0
2360
0