Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:12, 18 марта 2011

Beeline VS Facebok - Kcell VS Twitter

Beeline Facebok жүйесі, ал Kcell Twitter жүйесі арқылы смс хабарламалар жолдау, қабылдау іске қосты. Бұл өте тамаша шешім әрі қызықты. Осылай қатар шауып конкуренция жасап жүре беріңдер, айналайындар. Тек қана тілегіміз, алжып қалмасаңдар болғаны әйтеуір. Себебі, бастама жақсы, әрі қарай қалай болады екен көрейік. Бірақ өзара бәсекелестік жасамай екеуі екі бөлек жүйені іске қосқандары олардың өзара сыбайлас екендігін білдіре ме? әлде қазақи сыйластық па екен?

Бұрын екеуі де қазақшаны менсінбей жүруші еді, қазыр сыйлайтын болды. Дегенмен екі байланысқа ортақ бір нәрсе, қызмет көрсету орындарында, қазақша сөйлесең орысша жауап беріп тұрады. Орысша жауап беріп тұратындар, қазақтар. Әдейі істей ме әлде сондай қызмет түрі ме екен. Бұрын Қазақтелеком сондай еді қазір дұрысталды, әлде бастықтарының айлық мөлшеріне қатысты қызмет көрсету деңгейі дамиды ма екен?

Қашан орысша сұрасаң қазақша жауап беріп тұратын күн туады екен орыстың қыздарына Кселл мен Билайндағы.

0
253
0