Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
22:47, 21 марта 2011

Will she find it?

Осылайша күн шуағынан, еркелеген желден, гүл нәзіктігінен Махаббатты іздеп жүре берді. Дүниеге шыр етіп келгенде ол оны ана мейірінен, достың шаттанған күлкісінен көретін еді. Сәби болған күнінде дүниенің пәктігі мен уайымсыздығынан тапты.

Балалық шақ артта қалып, есейген соң Махаббат деген ғажайып досы оны ұмыта бастағандай болды. Жекелеген оқиғаларда досының көлеңкесін көргендей болады, алайда ол ұзаққа созылмаушы еді...

Кейіннен оның орнына жүректі жаралай беретін Жалған Сезім келді. Ол оны өңкей Махаббат досымен шатастырып алушы еді. Сол себептен Сезім оны әрдайым алдайтын еді. Жо-жоқ...Басында Сезім Үміт, Сәуле, ойдың тұмандануы, уақытша ләззат секілді серіктерімен оның басын айналдырушы еді. Бірақ аз уақыттан соң олардың барлығы ғайып болады. Орынбасарлары - өкініш, кеудедегі жара, жүрек зарығуы - сол сәтте-ақ дайындалып тұрғандай келе қоюшы еді.

Әлі балалықпен қоштаса қоймағандықтан ба, жамандықты жүрегі ұзақ сақтай алмағандығынан болар, ол Жалған Сезімнің құрған тұзақтарына түсе берді. Жүрегі қанталап, ертеңгі күннен үмітін үзе бастады...

Адал достар еш жамандық қылмаушы еді ғой, қалайша ол Махаббаттан қол үзді? Өмірінің сәні, рахаты, мағынасы қол бұлғап, тұманданып алысқа кете барады. Құтқарар кім бар екен?..

0
129
2