Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:26, 01 июля 2009

Кітап және нарық

«Тұтынушы кітапты не үшін сатып алады?» деген қарапайым сұрақтың дәл сондай қарапайым жауабын табу қиын. Егер кітапты полиграфиялық өнім емес, сатып алу-сату операциясының объектісі етіп алсақ қана жауабын таба алатын сияқтымыз.

Оқырман қандай кітапты іздейді және ақшаны не үшін төлейді? Өте қарапайым жауап: ол кітаптағы ақпаратты, білімді сатып алады. Алайда, қазіргі заманда бұл ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан, интернет, лазерлік дисктерден ала алады. Басқа болжамы: оқу құралы емтихан және сынақ тапсыру үшін қажет, ал кітапхана қорында мұндай оқу құралы жоқ.

Сонымен, бір жағынан кітап сатып алушы кітапқа ақша төлейді, ал екінші жағынан - нені сатып алады? Түптемені? Әлде суретпен көркемделген кітап беттерін бе? Әрине, оқырманды қызықтыратын басты нәрсе - кітап мазмұны. Кітаптағы қорытылған пайда - оқырманның өз бетінше өзінің рухани, материалдық, интеллектуалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі.

Қазіргі кезде кiтап өз бағасын азайтып, құнын жоғалтып барады. Бiрақ мұның бiрнеше түйткiлi бар:

Бiрiншiден, бағасы түскенде, кiтаптың саудадағы бағасы көтерiлдi, ал рухани бағасы, оқырманды тарту құны төмендедi.

Екiншiден, басқа тiлдегi кiтаптар өтiмдi болып, қазақ кiтабының құны түстi. Бiр кезде нарық заманының табалдырығынан аттап, капиталистiк қоғам талабына бейiмделе алмай, өзiмiз қалай қиналсақ, ендi Кiтабымыз да сол күйдi бастан кешуде. Басқа елден келген өзге тiлдегi көздiң жауын алатын түрлi-түстi кiтаптардың көлеңкесiнде қалып, сөрелерден тапжылмай тұр. Оған Кiтап кiнәлi емес, әрине. Оны шығаруды, сапалы, мазмұнды етуді, халыққа насихаттап, таратуды ұйымдастыра алмай отырған өзіміз ғана. Әрине, кітап басып шығарып жатқан баспагерлердің еңбегі еш болмасын, қазір мазмұнды, рухани азық боларлық бiршама кiтаптар жарық дүниенiң бетiн көрiп жатыр. Бiрақ жетiм баланың күйiн кешкен ол кiтаптар - көбiне тастанды, өйткенi олардың қамқор қолға - кiтапқұмар оқырманға жетуi қиын. Ірі-ірі кітап дүкендерінде импорттық кітаптарды көздің жауын алғызып, сөрелерге тізіп қойған. Түрлі-түсті безендірілген балалар әдебиетін көрдіңіз бе? Иә, тек олардың барлығы шет елден келген кітаптар. Осыдан кейін «кітап өтімді тауар емес» деп көріңіз. Онда самсаған кітап дүкендері қайдан пайда болды? Импорттық кітаптар неге өтімді?

Кітап шығаратын баспалар кітаптың сапасына жауап беретінін ұмытпаса болар еді. Себебі олардың есеп беретін адамы - шенеунік емес, қарапайым халық - оқырман.

Белгілі профессор Ш. Елеукенов айтқандай: «Газет, теле-радио бір күндік болса, кітап мың күндік». Ендеше, ақпарат айдынында өзіндік тұғыры бар бай мұрамыз кітап бүгін де, ертең де идеологиялық майданның қақ маңдайында жүруі тиіс.

 

0
1027
7